Лекция 1.

Термодинамика  және жалпы түсінік.

Күй параматрлері. Квазистатистикалық процесстер.

Дәріс жоспары

  1. Күй функциялары, күй теңдеулері.
  2. Термединамиканың математикалық түсініктері.
  3. Ішкі энергия. Жұмыс және жылу.

Термодинамикада зерттелінетін обьектіні жүйе деп атайды.

Жүйе дегеніміз  кеңістіктің бөліп алынған бір бөлігі. Бұл бөлік бір немесе бірнеше денеден тұрады. Жүйе айналадағы ортадан ойша емес шын мәнінде алынған шекттермен шектеліп бөлінеді. Жүйені құратын денелер өзара бір-бірімен және басқа денелермен энергия не зат алмасу арқылы әрекеттесуі мүмкін. Осындай жағдайда бұлар термодинамикалық жүйе болып саналады. Термодинамикалық жүйе айналадағы ортамен әрекеттескенде, олардың арасында жылу алмасуы байқалып, жұмыс өндіріледі.

Жылу тепе-теңдігінде барлық термодинамикалық денелерде температура бірдей болады. мұны кейде термодинамикалық мольдік заңы деп атайды.

Термодинамика макроскопиялық денелердің қасиеттерін зерттейтін ғылым. Сонымен қатар, термодинамика жүйеде өтетін процестерді қарастырады. Классикалық термодинамика жеке атомдар мен материалдық қасиеттерін (құрылым, қрамы) қарастырмайтындықтан оны феноменологиялық ғылым деуге болады. (феномен-құбылыс). Термодинамика жүйенің макроқасиеттерін (температура, қысым, көлем т.б.), макропроцестерді зерттейді, бірақ процесс өтуінің себептерін ашпайды, олардың миробөлшектер қасиеттерінің өзгерісіне байланысты енетін қарастырмайды. Мұны, термодинамиканың кемшілігі деуге болмайды.

Термодинамикалық жүйе айналадағы ортамен жылу не басқа энергия, зат алмасу арқылы әрекеттесе, ондай жүйені оқшау жүйе дейміз. Жүйе өзіне тән қасиеттерімен, соған байланысты күйімен сипатталады. Егер жүйенің күйі өзгермей тұрақты болса, термодинамикалық тепе-теңдік орнаған болып табылады. Мұндай жағдайда жүйенің барлық бөліктерінде температура, зат концентрациясы және қысымы бірдей болады. сыртқы жағдай өзгермей жүйе тепе-теңдік күйден өздігінен шықпайды. Жүйенің термодинамикалық тепе-теңдікте болуын мынадай мысалмен көрсетуге болады. беті жабық ыдыстағы 1000 С дейін қыздырылған суды алайық. Ыдыстағы су тепе-теңдік күйде емес, себебі бөлменің температурасы 200 С  болуына байланысты. Су сұйыла бастайды. Температураның әр түрлі болуынан түрліше процестер. Мысалы, жылу алмасу, конвенция, сәуле шығару процестері болуы мүмкін. Белгілі бір уақыттан кейін судың барлық қабаттарының температурасы айналадағы ортамен бірдей болады. суда процестер тоқтап, термодинамикалық тепе-теңдік орнайды.

Жүйе гетерогенді және гомогенді болып бөлінеді. Гетерогенді жүйелер бір-бірінен шектеліп бөлімін тұратын қасиеттері бірдей емес бірнеше бөліктерден тұрады. Әрбір бөлік фаза деп аталады. Гомогенді жүйе бір фазадан тұрады. Гомогенді жүйеге мысал ретінде тұздың қаныққан ерітіндісін келтірсек, гетерогендінің мысалы ретінде тұздық аса қаныққан ерітіндісін алуға болады, демек, бұл жүйе екі фазадан-сұйық ерітінді мен тұздың кристалдарынан тұрады.

Жүйе айналадағы ортамен энергия және зат алмасу арқылы әрекеттесетін болса, оны ашық, ал тек энергияалмасу арқылы әрекетесетіндерін жабық жүйелер деп атайды.

Термодинамика энергия сақталу заңына сүйенеді, энергия өздігінен пайда болмайды және жойылмайды, тек 1 түден 2-ші түрге айналады. Бұл міндетті түрде орындалатын табиғат заңы.

Термодинамика дифференциалдық теңдеулер мен дербес туындылар пайдаланылады, себебі жүйе күйін сипаттайтын параметрлер айнымалы шамалар болып саналатындықтан, олар бір-бірімен функционалды байланыста болады, бұл байланыстарды дифференциалды қатынастар арқылы аламыз.

Көбінесе термодинамика бербес туындылар қолданылады, дербес туындылардың функциялық мағынасы ашылады, олардың таңбалары белгіленеді. Сөйтіп, термодинамика математика заңдарына сүйенеді. Көп жағдайда тәуелсіз айнымалылардың толық дифференциалды теңдеулерін қолдану тиімді. Мұндай теңдеулер Пфафф формулалары немесе Пфаффтың дифференциалды теңдеулері деп аталады.

Жалпы түрде бұл теңдеулер былай жазылады:

                                                                                  (1)

x1, х2, х3... хn – тәуелсіз айнымалылар; x1, х2, х3... хn – осы айнымалылардың функциялары. dФ=0  болған жағдайда Пфаффтың теңдеуі:

x1 d1x1+х2dx2+... хndxn =0                                                                              (2)

Егер айнымалы шамалар екеу (х, у) болса, бұл теңдеу қарапайым түрге келеді.:

 dФ=V(x, y)dx+N(x, y)dy                                                                              (3)

M(x, y), N(x, y) x және y тәуелсіз айнымалылардың функциялар. Бұл функциялардың туындылары 2 түрлі қатынастарға бағынуы мүмкін.

1.Егер dM/dy=dN/dx (Эйлер тарты) болса, Ф-функциясының толық дифференциалы (3)-теңдеумен өрнектеледі: Ф=f(x, y)

dФ=(dФ/dx)y dx+(dФ/dy)xdy                                                                        (4)

M N

(3) және (4) – теңдеулерді бір-бірімен салыстырсақ:

dM/dy=d2Ф/dydx;                                                                  dN/dx=d2Ф/(dydx)

осыдан dM/dy=dN/dx, демек, Эйлер шарты орындалады.

2. dM/dy=dN/dx. Бұл жағдайда  x және y айнымалыларының (4)-теңдеуге бағынатын функциялары жоқ, яғни dФ – функциясының толық дифференималы емес, ол тек Ф-айнымалысының шексіз аз өсімшесі болады. Пфафф формуласын интегралдық көбейткіш μ-ға көбейткенде функцияның толық дифференималы шығады.

μ = μ(x, y)

dФ0= μdФ=μMdx+μNdy

dФ0 - Ф0 – функциясының толық дифференцималы

dФ0=(d Ф0/dx)dx+( dФ0/dy)dy

μM= dФ0/dx;                                                                         μM= dФ0/dy

осыдан d μM/dy=dμN/dx, мұндада да Эйлер шарты орындалады.

            Термодинамикалық параметрлер жүйенің дәл қазіргі қарастырылып отырған уақыттағы күйін береді. Ал осы уақытқа дейін жүйе қандай күйде болғанын термодинамика қарастырмайды. Яғни жүйе бір күйден 2-ші күйге ауысқанда оның қасиеттерінің өзгерісі ауысудың жолына тәуелсіз болады, демек, қасиеттері (термодинамикалық параметрлер) оның алғашқы және соңғы күйлерімен  анықталады.

 

Идеал газдар

Идеал газды қарапайым термодинамикалық жүйеден қарастыруға болады. бұнда бөлшектер өзара әрекеттеспейді. Идеал газдың күйін сипаттау үшін 2 параметрдің елеуі белгілі болғаны жеткілікті, 3-ші параметр күй теңдеуі бойынша анықталады.

            Бойль-Мариатт заңы. Тұрақты температура  қысым мен көлемнің көбейтіндісі тұрақты шамаға тең болатындығын тапты

PV/cont немесе P1/P2=V2/V1

Газдың тығыздығы оның көлеміне кері пропорционал, сондқтан жоғарыдағы заңды былай деп айтуға болады: тұрақты температурада идеал газдардың тығыздықтары олардың қысымына пропорционал:

Р1/Р2=PT/P2

тұрақты қысымда газдың көлемі температураға тәуелді өзгереді.

V=V0(1+αT) – Гей-Люссак және Шарль заңы деп аталады.

Гей-Люссак α-коэффициентінің тұрақты шама екенін тәжірибе жүзінде тапты. Газдың температурасы бір градусқа жоғарылағанда көлемі бастапқы көлемнің 1/273 бөлігіне ұлғаяды.

Бойль-Маршатт заңының графигі гипербола түрінде кескінделеді (1-сурет). Егер графиктегі ордината осіне  PV мәндері, абцисса осіне Р мәндері салынатын болса, бұл заң горизонтальді түзу сызықпен сипатталады (2-сурет).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1-сурет

 

PV

 

P

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2-сурет

 

 

 

Лекция 2.

Tермодинамиканың бірінші заңы.

Ішкі энергия мен энтальпия, өзара байланысы.

Дәріс жоспары

1.      Термодинамикалық 1-ші заңының идеал газдарға қолданылуы

2.      Ішкі энергия мен энтальпияның өзара байланысы.

3.      Жүйенің күй функциясы V.

δQ-δA=du                                                                                                    (1)

және  2-теңдеулермен өрнектеледі, ол жүйенің ішкі энергиясы толып табылады.

2-теңдеуі

деп жазсақ, онда теңдеудің мағынасы алдыңғы қарастырған тараудағы ішкі энергия деген ұғымның мағынасына сай циклді процестен кейін жүйе бастапқы күйіне оралғанда ішкі энергия өзінің алғашқы мәніне қарағанда біраз өсті дейтін болсақ, онда айналмалы процестердің нәтижесінде артық энергия жиналған болатын еді.

Ішкі энергияның өзгерісі

  не   -теңдеулерге бағынады.

Айналмалы процестерде  теңдеу орындалады. Жүйенің қасиеттері (параметрлері) шексіз аз шамаға өзгергенде оның ішкі энергиясы да шексіз аз шамаға өзгереді. Бұл үздіксіз функцияның қасиеті.

Жүйе параметрлері шексіз аз шамаға өзгергендігі ішкі энергияның өзгерісі толық дифференциал болады.

Суретте – жүйе А күйден В күйге бірнеше жолмен өтуі көрсетілген.

V

 

0

 

X

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 


 -теңдеудегі интегралды жүйенің А нүктесінен В нүктесіне тура жолмен (1) өтуіне және кері жолмен (3) қайта А нүктесіне оралуына арнап жазсақ:

Сонымен, жоғарыда келтірілген екі қорытынды термодинамикалық 1-ші заңының анықтамалары болып табылады.

Келесі бір анықтамасы  теңдеуімен берілген, яғни жекелеген жүйеде сондықтан:

                                                    

Демек, оқшауланған жүйенің ішкі энергиясы тұрақты. Бұл энергия сақталу заңының мөлшерін сипаттамасы.

Термодинамикада энергияның бір түрдегі 2-ші түрге ауысуы 2 түрлі формада болады. Бұл формалар жұмыс және жылу. Олай болса, жүйеге берілген жылу ішкі энергияның өндірісіне және жұмыс жасауға жұмсалады:

Бірінші заңға тағы бір анықтама келтірейік: бірінші текті мәңгі қозғалтқыш жасап шығаруға болмайды.

U=f(P,T,V) -теңдеудегі үш айнымалы шаманың біреуі тұрақты десек:

U=f(V, T),                                                                  P-const

Ішкі энергияның өз өзгерісі толық дифференциал түрінде жазылғанда, оны туындылар арқылы көрсетуге болады.

du=(du/dv)TdV+(du/dT)VdT

Бұл келтірілген теңдеулердің бәрі термодинамиканың 1-ші заңының математикалық сипаттамасына мысал келтіретін болсақ, сырттай берілген жылу жүйе көлемін өзгертпейді десек, яғни V-const. бұл жағдайда ұлғаю жұмысы жасалмай берілген жылу тек ішкі энергияның өзгеуіне жұмсалады.

 -теңдеуде  V-const болғандықтан dV=0. Сөйтіп, 

 

 тұрақты көлемдегі жылу сыйымдылық.

 

Энтальпия

Термодинамиканың 1-ші заңын  тек ұлғаю жұмысы жасайтын процеcтерде қолданғанда мынадай теңдеу қорытылып шығарылды:

                                                                                                   (1)

Тұрақты қысымда бұл теңдеуді интегралдасақ:

Qp=(U2-U1)+P(V2-V1)                                                                                        (2) немесе түрлендіргенде,

Qp=(U2+PV2)-(U1+PV1)                                                                                     (3)                   P және V жүйені сипаттайтын параметрлерін, ал U-жүйесінің күй функциясы. Олай болса, жақшадағы U+PV шамасы да күй функциясы, ал оның өзгеруі процестің жолына тәуелсіз болады. U+PV өрнекке тең шама өзгеруі тек процестің бастапқы және соңғы күймен байланысты. Бұл функцияны деп белгілейік, сонда H=U+PV. H-функциясын энтальпия деп атайды. (3)-теңдеуден H2-H1=∆H=Qp

Энтальпияның толық дифференциясын табу үшін (3)-теңдеуі дифференциалсыз

dH=dU+Pdv+VdP

Энтальпия өзгерісі тәжірибе жолмен анықталады.

Химиялық заттардың түзілу жылуларда стандартты жағдайларда алынады. Тұрақты қысымдағы заттың түзілу жылуы оның түзілу энтальпиясы болады. Cтандартты жағдай деп, 1 атм.қысым (0,1013 МПа) алынады. Стандартты жағдайлардағы заттың түзілу энтальпиясы стандартты түзілу энтальпиясы деп аталады. Жай заттардан 1 моль затты стандартты жағдайларда алғандағы энтальпия заттың стандартты түзілу энтльпиясы болып табылады. Заттардың стандартты түзілу энтальпиялары әр түрлі анықтамаларда келтіріді. Стандартты энтальпия мәндері бойынша берілген температурадан керекті температураға дейінгі жүйе энтальпиясының өзгерісін табуға болады.

 не  шамаларындағы жоғары индекстер заттың стандартты жағдайда түзілуін көрсетеді, төменгі индекстер оның температурасын көрсетеді.

Ішкі энергия. Жұмыс және жылу

Әрбір дененің өзіне тән ішкі энергиясы болады. Ішкі энергия денені құратын бөлшектердің кинетикалық және потенциалдық энергияларынан тұрады. Кинетикалық энергия бөлшектердің хаосты  жылу қозғалыстарының нәтижесі. Жыжлу қозғалысы температурамен байланысты. Олай болса, бөлшектердің қозғалысы үдесе, дененің температурасы артады. Дененің  потенциалдық энергиясы бөлшектердің бір-бірімен әрекеттесуіне байланысты. Бөлшектер арасында тартылу және тебілу күштері болады. Дененің потенциалдық және кинетикалық энергияларының қосындысы оның толық ішкі энергиясын береді. Құрамы біртекті денелердің ішкі энергиясы оның массасына, бөлшектердің жалпы санына протпорционалды, демек, дененің энергиясы аддитивті шама. Толық ішкі энергияны беретін энергия түрлері молекула, атом, электрон, протон т.б. элементарлы бөлшектердің өзара әсерлесуімен байланысты. Сондықтан дененің ішкі энергиясының абсолютті мәнін айтуға болмайды. Ал  термодинамика үшін ішкі энергияның жалпы мөлшерін білу қажет емес, оның өзгеріске ұшыраған мөлшерін білу жеткілікті.

            Жылу дегеніміз – микробөлшектердің қозғалу энергиясы. Жылу – энергияның бір түрі және ол молекулалардың жулы қозғалыстарымен байланысты.

            Жалпы алғанда, жылу, жылу мөлшері, жұмсалған жылу деген ұғымдар белгілі бір процесс кезінде энергияның алмасуы. Жылу процестің өтуімен байланысты, демек, энергияның ауысуы ағын түрінде болады, дене бір күйден 3-ші күйге өткенде байқалатын энергияның шамасы процестің жолына тәуелсіз, ал жылу оның өту жолына тәуелді.

            Термодинамимкалық тұрғыдан қарағанда, жұмыс немесе жылу бір денеден екінші денеге энергияның ауысу формалары болып табылады. Жылу және жұмыс деген ұғымдар бір-біріне жақын ұғымдар. Жұмыс жасалғанда, ең кемінде екі дене (жүйе) қатысуы тиіс. Бір дененің күштері нәтижесінде жұмыс жасалса, екінші дене бұл күштері өзіне қабылдайды. Термодинамика тұрғысынан қорытып айтқанда, жұмыс немесе жылулық энергия берілудің формалары, ал жұмыс немесе жылудың мөлшері осы формалар арқылы берілген энергияның өлшемі болып табылады.

            Энергия түрлері – физикалық ұғым,  ал қозғалыс формасы – философиялық ұғым. Физика қозғалыстардың ең қарапайым биология мен физиология қозғалыстардың күрделі формаларын қарастырады.

            Жұмыс және жылу жүйенің өз қасиеті емес, онда өтетін процестің қасиеті.  Жүйе қасиетін сипаттайтын параметрлер қысым Р, көлем V және температура Т. Егер жүйенің алғашқы кезде қасиеттері Р1, V1, Т1 болса, белгілі бір процесс өткеннен кейін олардың мәнерлі Р2, V2, Т2  болады, яғни жүйе жаңа күйге келеді.

Термодинамиканың бір ерекшелігі – ол жүйенің тек алғашқы және соңғы күйлерін қарастырады, ал онда өткен процесті, оның өту себептерін ашпайды. Жүйенің күй параметрлері процестің жолына тәуелсіз болады. Ал жұмыс пен жылу процестің жолына тәуелді, себебі, олар жүйе қасиеттеріне жатпайды.

Жұмыс және жылу бір-бірімен тұрақты эквивалентті қатынаста болады. Бұл қатынасты тәжірибе жолымен тапқан Джоуль. Джоуль мынадай тәжірибе жасады. Белгілі биіктен құлайтын салмақ суы бар километрдегі  бұлғауышты айналдырады. Салмақ пен калометр термодинамикалық жүйе болып саналады. Бұлғауыштық айналуынан калометрдегі су қызады да температураның көтерілуі байқалады. Бұл процесс тоқтағаннан кейін жүйені алғашқы күйге қайыру қажет. Ол үшін салмақты қайтадан алғашқы биктікке ойша көтерейік, сырттан жұмыс жұмсау қажет. Жұмсалған жұмыстың нәтижесінде жүйенің энергиясы артады да, калометрден жылу бөлінеді. Бөлінген жылу айналадағы ортаға жайылады, ал калометрдің температурасы қайтадан төмендеп алғашқы мәніне келеді. Сөйтіп, жүйе алғашқы күйіне оралады, яғгни жүйенің қасиеттері (Р, V, Т) бастапқы мәндеріне ие болады. Мұндай процестер айналмалы немесе циклді процестер деп аталады.

 

Лекция 3, 4

Термодинамиканың І заңының қолдануы. Гесс заңы. Жылу бөлгіштік.Жану процесі.

            Дәріс жоспары:

  1. Термодинамиканың І заңының химияда қолданылуы.
  2. Процестің жылу эффектісі.
  3. Ішкі энергияның толық дифференциалы.

            Химиялық реакция кезінде жүйедегі компоненттердің мольдік сандары өзгереді. Сондықтан химиялық реакция өикенде жүйенің ішкі энергиясы қысым, көлем, температураға тәуелді болуымен қатар реакцияға қатысатын компоненттердің моль сандарына да тәуелді.

                               (1)

            Ішкі энергияның толық дифференциалы

       (2)

            Егер жүйеде Т=const және Р=const болса

     (3)

            Энтальпия H=U+PV, оны дифференциалдағанда

           (4)

            (4)-теңдеуді (3)-теңдеуге қойсақ

           (5)

            Заттың бір молі өзгеріске ұшырағанда жүйе көлемінің өзгеруі

                (6)

            Егер V=const болса

         (7)

    

            Егер  болса

             (8)

            Реакция қатты немесе сұйық заттардың қатысуымен өтетін болса, оны конденсацияланған жүйе деп атайды.

            Химиялық реакциялардың эндотермиялық немесе экзотермиялық болуы реакция кезінде жылудың сіңірілуі немесе бөлінуімен байланысты.

            Экзотермиялық реакция нәтижесінде газ заттардың моль саны азаятын болса, жүйеде сығылу жұмысы жасалады, соған байланысты . Ал экзотермиялық реакцияда керісінше .

            Химиялық реакция нәтижесінде газ заттардың көлемі ұлғаятын жағдайда , эндотермиялық реакциялар үшін , ал экзотермиялық реакциялар үшін . Егер газ заттардың моль саныөзгермейтін, яғни  болса, онда . Мысалы, аммиактың ыдырау реакциясы эндотермиялық реакция: 2NH3(газ)®3H2+N2, реакция нәтижесінде V=Vcоңғы + Vалғашқы=(3+1)-2=2, яғни жүйенің көлемі ұлғаяды, олай болса .

            Судың түзілу реакциясы эндотермиялық реакция

(газ)

            Мұнда V=2-(2+1)=-1, яғни реакция нәтижесінде жүйе сығылады. Сондықтан .

            Йодсутекті алу реакциясында газдардың көлемі өзгермейді.

H2+J2(газ)®2HJ(газ)

            Бұл реакция эндотермиялық және V=0, демек .

            Сонымен тұрақты қысымда , ал тұрақты көлемде өтетін процестерде . Ішкі энергия жіәне энтальпия термодинамикалық функциялар, яғни күй функциялары. Олардың өзгерістері жүйенің бір күйден екінші күйге келу жолдарына тәуелсіз, алғашқы және соңғы күйлеріне байланысты. Олай болса,  және  (химиялық реакциялардың жылу эффектілері) реакцияның жүру жолына тәуелсіз. Бұл термодинамиканың бірінші заңынан тікелей шығатын салдар. Оны Гесс заңы деп атайды.

            Гесс заңы былай оқылады: Процестің жылу эффектісі процестің жолына тәуелсіз, ол тек жүйенің бастапқы және соңғы күйлерімен анықталады.

            Гесс заңының орындалуы мынадай екі шартпен байланысты:

1) Жүйеде тек көлем ұлғаю жұмысы жасалуы тиіс, ол сыртқы қысымға қарсы жұмсалатын жұмыс.

2) Процесс не қысым P, не көлем V тұрақты жағдайда өтуі қажет. Гесс заңына мысал ретінде аммоний хлоридінің судағы ерітіндісін алудың жолын қарастырайық. Бұл ерітіндіні екі жолмен алуға болады. Бірінші жол мынадайтеңдеулермен жазылады:

NH3(газ)+aq® NH3·aq+

HCl(газ)+aq® HCl·aq+

NH3·aq+ HCl·aq+

Мұндағы aq – су.

            Мұнда әуелі аммиак пен хлорсутектің судағы ерітінділері алынады, содан кейін бұл ерітінділерді араластыру арқылы аммоний хлоридінің ерітіндісі алынады. Екінші жол төмендегідей жазылады:

 NH3(газ)+ HCl(газ)®NH4Cl(қатты)+

NH4Cl(қатты)+ aq® NH4Cl(қатты)· aq+

            Әуелі екі газ әрекеттесіп, реакция нәтижесінде алынған қатты аммоний хлориді суда ерітіледі. Гесс заңы бойынша  ++=+. Бірінші жолдың жылуы 147,36 Дж/моль, екіншісінікі -145,35 Дж/моль.

            Гесс заңынан мынадай өқорытындылар алуға болады:

1. Заттың түзілу жылуының мәні оның алғашқы заттардан алыну әдістеріне байланысты емес.

2. Заттың алғашқы заттарға ыдырау жылуы оның осы заттардан түзілу жылуына тең, тек олардың таңбалары қарама-қарсы болады (Лавуазье-Лапласс заңы).

3. Екі түрлі жүйедегі өтетін процестердің нәтижесінде бірдей заттар түзілетін болса, бұл процестер жылуларының айырымдары біреуінің екінші жүйеге ауысу жылуына тең болады.

            Гесс заңына негіздеп әр түрлі химиялық реакциялардың жылу мәндерін реакцияға қатысатын заттардың жану немесе түзілу жылулары арқылы есептеуге болады. Айтылған әдісті қарастыратын болсақ:

а) Химиялық реакцияларды үйлестіру арқылы керекті реакциялардың жылу эффектісін табу әдісі.

            Берілген үш реакциялардың жылу эффектілері белгілі:

1. С(графит)+O2(газ)= СO2(газ)              -393,51 кДж

2. СО(газ)+ V2О2= СO2                                     -282,91 кДж

3. H2+V2О2= H2О(газ)                      -241,57 кДж

            Осыған мүйене отырып келесі реакциялардың жылу эффектілерін табу керек:

4. С(графит)+1/2O2(газ)= СO              ?

5. С(графит)+ H2О(газ)= СO+ H2        ?

6. С(графит)+ 2H2О(газ)= СO2+ 2H2        ?

            Қосымша берілген үш теңдеудің көмегімен төменгі үш теңдеулердің жылу эффектілерін табу үшін бірінші теңдеуден екінші теңдеуді аламыз.             Сонда С(графит)+1/2O2(газ)= СO

яғни  --393,51+282,91=-110,60 кДж

            4-ші теңдеуден 2-ші теңдеуді аламыз.

С(графит)- H2= СO- H2О(газ)

немесе  С(графит)+ H2О(газ)= СO(газ)+ H2

          -=-110,60+241,57=130,97 кДж

              2H2(газ)+О2(газ) = 2H2O(газ)

              С(графит)+ 2H2О(газ)= СO2(газ)+ 2H2(газ)

         -2-393,51-2(-241,57)=89,63 кДж

б) Реакцияға қатысатын заттардың жану жылуларының көмегімен реакцияның жылу эффектісін табу әдісі.

            Реакцияның жылу эффектісі реакцияға түскен заттардың және реакция өнімдерінің жану жылулар қосындыларының айырымына тең.

түскен зат-шыққан зат

            Мысалы, 2980С-де ацетиленнен бензолдың үзілу реакциясының жылу эффектісін табу керек, егер реакцияға қатысқан заттардың жану жылулары белгілі болса.

                        3C2H2(газ)= C6H6(сұйық)

                         кДж/моль

                         кДж/моль

                         кДж/моль

в) Реакцияға қатысатын заттардың түзілу жылуларының көмегімен реакцияның жылу эффектісін табу әдісі.

            Реакцияның жылу эффектісі реакциядан шыққан заттардың түзілу жылуларының қосындысынан реакцияға түскен заттардың түзілу жылуларының қосындысын алып тастағанға тең. Мысалы, этанолды алу реакциясының жылу эффектісін табу керек болсын, реакцияға қатысқан заттардың стандартты түзілу жылулары белгілі болса, онда

            С2Н4(газ)+ H2О(газ)= С2Н5ОН(газ)

             кДж/моль

             кДж/моль

             кДж/моль

 

 

Лекция  5

Жылу сыйымдылық.

            Дәріс жоспары

1. Нақтылы жылу сыйымдылық. Орташа жылу сыйымдылық және т.б.

2. Газдардың әр түрлі температурадағы жылу сыйымдылығын анықтау қағидалары.

3. Еркіндік дәреже саны.

            Заттың 1 грамының, не бір молінің температурасын 1 градусқа көтеру үшін жұмсалатын жылу мөлшерін жылу сыйымдылық деп атайды.

            Заттардың жылу сыйымдылығы температураға тәуелді, сондықтан жылу сыйымдылықтың мәні нақтылы және орта болып бөлінеді. Нақтылы жылу сыйымдылық деп берілген температурадағы жүйенің жылу сыйымдылығын айтамыз:

            Орташа жылу сыйымдылық деп берілген екі температура аралығында оның мәнін айтады.

Q- жүйені Т1-ден Т2-ге қыздыру үшін қажетті жылу мөлшері.

            Заттың 1 грамына (1 кг) тиісті жылу сыйымдылық – меншікті жылу сыйымдылық деп, ал 1 моліне тиісті мольдік жылу сыйымдылық деп атайды.

            Термодинамикалық жүйелер үшін жылу сыйымдылықтың шамасы жүйеде өтетін процестің түріне байланысты. Изохоралық процестің (V=const) жылу сыйымдылығын , изобаралық (Р=const) жылу сыйымдылығын  деп белгілейді.

            -жылудың шексіз аз өзгерісі, жалпы алғанда ол толық дифференциал емес. Олай болса, жылу сыйымдылықтың шамасы жылудың шексіз аз өзгерісінен жүйе температурасының өзгеру бағытына тәуелді. Тұрақты қысым, не көлемде көлем ұлғаю жұмысы ғана жасалатын болса, онда жылу жүйе қасиетіне айналады, яғни:

 

; .

 

            Сондықтан V=const жағдайда  , Р= const жағдайда ,

            Демек, тұрақты қысым, не көлемдегі жылу сыйымдылық жүйе қасиеті болып, оның күй функциясына айналады. Жылу сыйымдылыққа температура үлкен әсер етеді. Бірақ температураның әсерін термодинамика заңдары тұрғысынан анықтауға болмайды. Ол тек тәжірибе арқылы немесе кванттық статистика әдістері арқылы табылады.

            Газдардың әр түрлі температурадағы жылу сыйымдылығын анықтауда молекулалық-кинетикалық теориясы, я болмаса Планк пен Эйнштейннің жылу сыйымдылық туралы кванттық теориясын қолданады.

            Бір атомды газдардың мольдік жылу сыйымдылығы молекулалық-кинетикалық теория тұрғысынан мынадай тұрақты шамаға ие:

            Көп атомды молекулалар үшін жылу сыйымдылық температураға тәуелді. Оның себебі жылу сыйымдылықтың жалпы мәні әр түрлі қозғалыстарға тән мәндерінің қосындысына тең:

Сілгер.+ Сайн.+ Стерб.+ Сэл.

мұнда Сілгер.- газ молекулаларының ілгерілмелі қозғалыстағы;

            Сайн. –айналмалы қозғалыстағы;

            Стерб. –тербелмелі қозғалыстағы;

            Сэл. – электрондардың қозуына байланысты жылу сыйымдылықтар.

            Ілгерілмелі қозғалысқа байланысты газдың жылу сыйымдылығы 3/2R-ға тең. Сутегі мен дейтерий газдарынан басқа газдардың айналмалы қозғалыстағы жылу сыйымдылықтары орташа температурада Сілгер. Шекті мәндеріне теңеседі.

            Газ молекулаларының жылу сыйымдылығын қарастырған кезде еркіндік дәрежесі деген ұғымды пайдаланамыз. Кеңістікте жүйенің орнын белгілейтін тәуелсіз параметрлердің саны жүйенің еркіндік дәрежесі саны деп аталады.

            Кеңістікте еркін қозғалып жүрген материалды нүктенің еркіндік дәрежесі3-ке тең, себебі оның кеңістіктегі орнын сипаттау үшін 3 координаталарының мәні керек. Больцманның энергия таралу заңы бойынша еркіндік дәреже 1-ге тең болса, оған тән энергия мәні 1/2;  =1,38054·10-23 Дж· град-1; -Больцман тұрақтысы немесе , R- әмбебап газ тұрақтысы; -Авогадро саны. СИ-жүйесінде R=8,3141 Дж/моль· град, =6,02252· 1023

            Жылу сыйымдылықтың теориясын Планк пен Эйнштейн ұсынған, олардың теориясы бойынша еркіндік дәрежесі 1-ге сәйкес тербелмелі қозғалыстың жылу сыйымдылығы Стерб. =, мұндағы -газдардың табиғатына байланысты характеристикалық температура деп аталады.

мұнда -Планк тұрақтысы, =6,6256·10-34 Дж·с; -Больцман тұрақтысы; -молекулалардың меншікті тербелу жиілігі; -айнымалы шама, ол анықтамаларды әр түрлі заттар үшін келтірілген.

            Жылу сыйымдылықтың электрондар қызуына сәйкес мәнін ескермеуге болады, оның себебі электрондардың қозу процесі өте жоғары температурада өтеді. Қорытып келгенде:

       -айналмалы қозғалыстағы молекулалардың еркіндік дәреже саны; -молекуладағы атомдар саны.

 

 

Лекция 6

Жылу эффектісің температураға тәуелділігі: Кирхгоф теңдеуі

 

Дәріс жоспары:

 

1.         Кирхгоф формуласын қолдану негіздері

2.          реакция жылу эффектісінің әр түрлі t-дағы мәндерін анықтаудың әдістері

   Р-ның жылу эффектісі t-ға тәуелді . Бұл тәуелділікті табу үшін Qv мен Qp  беретін өрнектерді тұрақты көлемде не қысымда t-ра бойынша диффер-ң,

 

Qv = Н2 – Н1 ; Qp = Н2 – Н1  (1)

 

Бұларды диференциалдағанда:

 

(σQ ̸ σT)v = (σH2 f σT)v – (σH1 f σT)v = Сv2 – Сv1  (1)

 

(σQр  ̸ σT) = (σH2  ̸ σT)р –  (σH1  ̸ σT)P = СP2 – СP1    (2)

 

Мұнда Cv мен Cp тұрақты көлемде не тұрақты қысымдағы мольдік жылу сыйымдылықтар. 1 немесе 2 деген индекстер р-ға қатысатын алғашқы немесе соңғы заттар үшін алынған.

 

Томенгі р-я үшін:

 

aA + bB     dD + eE

 

Жылу сыйымдылықтың өзгеріс:

 

∆ Cp = d СP1D + e СP1E – a СP1A - b СP1B

 

Немесе жалпы түрде:

 

∆ Cp = ∑ V′i Cp , шыққан зат - ∑ Vi Cp, түскен зат    (4)

 

∑ V′i Cp шыққан зат реакцияның нәтижесәнде шыққан заттардың жылу сыйымдылығының қосындысы; V′i -оларға сәйкес стехио-қ коэф-р; ∑ Vi Cp, түскен зат – реакцияға түскен заттардың жылу сыйым – ның қосындысы; Vi -оларға сәйкес стехио-қ коэф-р.                              

 

(4)-теңдеуді келтірілген химиялық р-я үшін жазатын болсақ

 

(σQр  ̸ σT)р = (σ∆H  ̸ σT)P =∑ Vi Cp = ∆ Cp                  (5)

 

(5)-теңдеу Кирхгоф теңдеуі деп аталады. Ол Т1 t-ра мен Т2 t-ра аралығында жылу эффектісінің температураға байланысын көрсетеді. Т2 t-да жылу эффектісін есептеу үшін (5) теңдеуді интегралдаймыз:

 

∆H1 = ∆H2 + ∫  ∑ Vi CpdT                                              (6)

 

Кирхгоф формуласы үш түрлі жағдайда қолданылады.

 

Бастапқы заттардың жылу сыйымдылықтар қосындысы мен соңғы заттардың жылу сыйымдылықтар қосындысының айырмасы ∆ Cp   деп белгілейді. ∆ Cp нольге тең болңан жағдайда (∆ Cp = 0)  (6) теңдеуін  ∆H1 = ∆H2 = const, яғни жылу эффектісі  t-ға тәуелсіз болады. ∆Cp нольге тең болмай тұрақты болатын мәнге тең болғанда оны интегралдап шығарып жазып, (6) те4деуді мына түрге келтіреміз:

 

∆H1 = ∆H2 + ∆Cp (Т2 – Т1)

 

Кейде анықталмаған интеграл түрінде есептеудің орнына жуық шамаға оо К - Т2 дейін интегралдау жүргізіп ∆H1 орнына ∆H0       алынады. Жылу сыйымдылықтың  нольден жоғары t-ға тәуелділігін пайдаланып жылуды анықталмаған интегралды шешу арқылы тапқан жөн. 3-ші жағдай Кирхгоф теңдеуін шешу үшін жылу сыйымдылықтың t-ға тәуелділігі тәжірибе жүзінде анықталған мынадай қатармен беріледі:

 

Cp = a + bT2+ dT3 + . . . a, b, с, d - эмпирикалық коэфиценттер, олар зат табиғатына байланысты.

Сонымен реакция жылу эффектісінің әр түрлі t-ғы мәндерін анықтау үшән бірнеше әдістерді қолданамыз.

1.                  Т температурада жылу эффектісі мына теңдеу бойынша анықталады

∆Hº r, T = ∆Hº 0 + ∫ CpdT

Температура ок ден т дейін алынатын болса НОО-тың мағынасы тек интегралдау тұрақтысы болып алынады

 

∆Hº r, T = ∆Hº T, 298 + ∆Cp (T - 298)

 

Бұл теңдеуде температураның мәндері 298 к –де т-ға дейін алынған. Жылу сыйымдылықты түрақты , яғни температураға тәуелсіз деп интегралдау тұрақтысы орнына реакцияның 298-к-де жылу эффектісінің мәні қойылады.

Жылу сыйымдылықтың орта мәндерін Ср пайдаланамыз.

Жылу сыйымдылықтың әр түрлі температуралар аралығындағы орта мәндері химиялық анықтамаларда келтірілген. Оларды қолданғанда жылу эффектісі мына теңдеу арқылы табылады.

 

∆Cp = ∆a + ∆bT + ∆cT2 + . . .

 

Т-ғы реакцияның жылу эффектісі

 

∆Hº r, T = ∆Hº T, 298 + ∫ (∆a + ∆bT + ∆cT2 + . . .) dT

 

Химиялық анықтамаларда энтальпияның жоғары температурадағы мәндері төменгі айырымдар түрінде келтіріледі

 

∆Hº T  - Hº298          ∆Hº T - Hº0   Hº298 - Hº0

 

Осы айырымдарды қолданып реакцияның жылу эффектісін қажетті температурада есептеуге болады.

 

 

Лекция 7, 8

Термодинамиканың екінші заңы

Дәріс жоспары

1.Екінші заңның анықтамалары.

2.Карно принциптері.

3.Карно циклі.

4.Энтропия.

Термодинамиканың 1-ші заңына табиғат құбылыстарының бәрі түгелімен бағынады. Термодинамиканың 1-ші заңы бойынша процесс өткенімен оның бағыты көрсетілмейді, сонымен қатар температура ұғымының мағынасы ашылмайды.Процестің жүру бағытын алдын-ала болжап білудің техника және ғылым салалары үшін маңызы өте зор.Процестің жүру бағыты және оның өздігімен өтуі не өтпеуі үлкен техникалық проблема. Әртүрлі жылу қозғалтқыштарына берілген жылу энергиясының қаншама бөлігі пайдалы жұмысқа айналады,дегенмен мұндай жылу машиналарының тиімділігі қандай  деген сұраққа жауап беруі өте қажетті нәрсе.Осы айтылған проблемаларды зерттейтін термодинамиканың екінші заңы.

Термодинамиканың екінші заңырың дамуы техникада жылу қозғалтқыштарды зерттеумен байланысты.Француз ғалымы Сади Карно өзінің “Оттың күші және осы күшті пайдаланатын машиналар туралы ойлар” дейтін еңбегінде мынадай 3 мәселеге көңіл бөлді.

а)жұмыстың жылуға айналуы

б) жылудың  жұмысқа максимал мөлшерде айналу жағдайлары

в )жылу машинасының п.ә.к.(пайдалы әсер коэфиценті) мен жұмыскер дене арасындағы байланыс.

Карно еңбектерінің алғашқы мақсаты-бу машинасының пайдалы әсер коэфицентін көбейту,демек қайтсе де аз отыннан көп энергия алу жолдарын іздестіру болды.Карно идеал және реал машиналарының бірдей жағдайда жұмыс істегендегі олардың пайдаланатын жылу көздері (қыздырғыштарыжәне суытқыштары) бірдей болғанда қандай себептердің әсерінен идеал машинаның өндіретін жұмысы реал машинаға қарағанда көп болды? Осы сұраққа жауап іздеуде Карно маңызды қорытындыға келді:

Мәнгі қозғалтқышты жасау мүмкін болмайтындығымен мынадай қорытындыға келеміз:екі машинаның бір-бірінен артықшылығы жоқ,жылу көздері мен суытқыштары ортақ машиналардың тиімділіктері бірдей.

Жылу машинасының п.ә.к.(пайдалы әсер коэфиценті) шексіз арттыра беруге болмайды. Ол заң бойынша жылуды түгелімен жұмысқа айналдыру мүмкін емес,жылудың бір бөлігі міндетті түрде қоршаған ортаға таралып кетеді.Осы мәліметтерден кейін Карно мынадай қорытындыға келеді:

1.Карно принципі-жылу өз еркімен тек жылы денеден суық денеге ауысады.

2.Идел жылу машиналарының п.ә.к.тек жылу көзі мен суытқыштың температураларының айырымына тәуелді.Сол заманға сәйкес бұл пікірді Карно қайтыс болғаннан 15 жыл өтксоң Клаузиус математикалық түрде термодинамиканың екінші заңы ретінде жариялады.

Екінші заңда компенсациялау дейтін ұғым қолданды. Бұл ұғымның мағынасы мынадай:

Жүйеге берілген  жылудың әсерімен пайдалы жұмыс беретін пайдалы процестермен бірге басқа да процестердің өтуі қажет. Бұл басқа да процестер жылудың жұмысқа айналмаған пайдасыз бөлігінің суытқышқа ауысады,яғни жылудың компенсациялануы болып табылады.Осыдан екінші заңның тағы бір анықтамасы шығады:

-теңесу болмаса жылу машиналары жылуды жұмысқа айналдырмайды;

-процестің нәтижесі тек жылудың жұмысқа айналуы болса,ол іске аспайды;

Термодинамиканың екінші заңына Клаузиус мынадай анықтама берді:

-жылу өздігінен,яғни ешқандай теңесусіз,суық денеден ыстық денеге ауыспайды        Сөйтіп теңесу дегеніміз-жұмыскер дененің немесе жүйе бөліктерінің термодинамикалық өзгеріске ұшырауы. Демек,жылу суық денеден ыстық денеге ауыспайды,ал ауысатын болса,онда міндетті түрде жүйеде қосымша өзгерістер болады.Бұл анықтама Клаузиус постулаты  деп аталады.

Планк екінші заңға мынадай анықтама берді:

-тек қана жылу көзін суыту немесе ауыр жүкті жоғары көтеру нәтижесінде жұмыс істейтін машинаны жасап шығару мүмкін емес.

Жоғарыда айтылғандай жылу машиналарында қондырғыштан алынған жылу түгелдей жұмысқа айналмайды,оның бір бөлігі пайдалы процеспен қатар пайдасыз компенсациялау процесі түрінде суытқышқа жұмсалады.Реалды процестер өтетін жүйені ешқандай шығымсыз өзінің бастапқы күйіне қайтаруға болмайды.Яғни,табиғаттағы реалды процестер термодинамиканың қайтымсыз процесі болып саналады.

Жалпы қорытынды:Жылу түгелдей жұмысқа айналмайды,оның бір бөлігі сыртқы ортаға қайтымсыз түрде шашырап таралады,ал керісінше жұмыс түгелдей жылуға айналуы мүмкін.Бұл құбылыс жұмыс пен жылудың табиғатымен байланысты.Жылу микробөлшектердің тәртіпсіз қозғалысының нәтижесі болса,жұмыс тәртіпті,бағытты қозғалысының нәтижесі.

 

Қайтымды және қайтымсыз процестер

      Термодинамиканың екінші заңы процестердің қайтымды және қайтымсыз болуымен байланысты.

Қайтымды процесс деп-тура және кері бағытта өтетін процесті айтады.Қайтымды процесс кезінде айналадағы ортада ешқандай өзгерістер байқалмайды.

Қайтымды процесс ретінде математикалық идеал маятниктің тербелуін қарастыруға болады.Маятник тербелгенде үйкеліс т.б. күштер әсер етпейді.Ал реал маятниктің тербелуі қайтымсыз,себебі әрбір қозғалыста оның энергиясының бір бөлігі үйкеліс күшіне қарсы жұмсалып,қозғалыс баяулап бір уақытта маятник тоқтайды.

Термодинамиканың екінші заңы бойынша мехарикалық жұмыстың жылуға айналуы әрқашан қайтымсыз процесс болады.Қайтымсыз процестер өте көп.Мысалы,ыстық,жылы денеден жылудың суық денеге ауысуы,тез өтетін химиялық реакциялар т.б.

Қайтымсыз процестердің барысында жүйе тепе-теңдік күйге ұмтылып,бұл күйге жеткенде процесс тоқтайды.Жүйені тепе-теңдік күйден шексіз аз ауытқытатын процесті квазистатикалық процесс деп атйды. Газдың көлемі квазистатикалық жағдайда ұлғаяды,бұл кезде поршень мен оның күй функциясы болып табылады.Жүйенің күй функциясы процестің өту жолына тәелсіз.Осыдан бастапқы және соңғы күйлері бірдей екі процестің параметрлері де бірдей. Екі қайтымды және қайтымсыз процестің алғашқы және соңғы күйі бірдей болса,олардың күй функциялары да бірдей болады. Сонымен қайтымсыз процестерді қайтымды процестердің заңына сүйене отырып зерттеуге болады.

Карно принципі бойынша жылу машинасы жұмыс жасауы үшін жылу көзі кемінде екеу болуға тиісті;бірі-қыздырғыш,екіншісі-суытқыш.

Жылу қозғалтқышының жұмысы міндетті түрде циклді болуы керек.Адиабатты процесте жүйеге жылу сырттан берілмейді,ішкі энергиясы есебінен жұмыс істейді.Мұнда ішкі энергия азаяды:

          A=cv (T2-T1),     T1>T2 болғандықтан A=-cv(T1-T2)

Жылу машинаның П.Ә.К. жұмсалған жылудың қандай бөлігі пайдалы жұмысты беретіндігін көрсетеді:

П.Ә.К.= ;

Q1-қыздырғыштан алынған жылу; Q2-суытқышқа берілген жылу;

А-жүйеден алынған жұмыс;  Q-жүйеге берілген жылу;

Осы теңдеу бойынша жылу қозғалтқыштардың П.Ә.К.қыздырғышпен суытқыштың температурасының айырымына байланысты.Бұл айырымның үлкендігіне бйланысты П.Ә.К.өседі.Яғни жылу қозғалтқыштың тиімділігі қыздырғышпен суытқыштың температурасына тәуелді,бірақ  жылу қозғалтқыштың П.Ә.К.үнемі бірден кем.

Карноның кері цикл жүйесінде 4 түрлі процесс өтті, тек олардың бағыты тура циклдегі процестерге қарама- қарсы. Q1 мен Q2 айырмасы (Q1-Q2) сырттан жұмсалған жұмыс әсерінен туады. Сөйтіп жылу суық денеден ыстық денеге ауысты, бірақ бұл процесс өздігінен жүрмей сыртқы жұмыстың нәтижесінде жүреді. Карноның тура цикліндегі пайдалы процестен кейін жылудың бір бөлігінің жұмысқа айналуы, ал қатар өтетін пайдасыз процесс (компенсация) –жылудың қалған бөлігінің суытқышқа берілуі болады.

Карноның кері цикліндегі пайдалы процесс –жылу алынуы, ал сырттан жүйеге жұмыс жұмсалынуы мұздатқыштың жұмысына негізделген.

    Карно циклінде жұмыскер дене ретінде идеал газ қарастырылғандықтан, ондағы процестердің бәрі идеал жағдайда өтеді:

 Бұдан шығатын қорытынды: П.Ә.К 1-ден кем, ал реал жүйелерде П.Ә.К одан да кіші болуға тиіс, себебі реал процестерде жылу қосымша кедергілерге, мысалы, үйкеліске қарсы жұмсалады. Карно циклінде өтетін процесс қайтымды, ал оның жұмысы максимал.

    Клаузиустың 1-ші теоремасы. Қайтымды Карно машинасының П.ӘК. жұқмыскер дененің табиғатына тәуелсіз.

Карно- Клаузиус 1-ші теоремасы бойынша жылу машиналарының П.Ә.К қыздырғыш пен суытқыш температурасының айырмасымен ғана арықталады.

2-ші теорема бойынша берілген температурада басқа циклдермен салыстырып, Карно циклі –ең тиімді цикл.

 2-ші заң температураның әмбебап шкаласы болатынын және температураны абсорлюттік 0-ден бастап өлшеуге болатынын көрсетті. Температураның әмбебап шкаласының негізгі нүктесі ретінде судың үштік нүктесі алынады. Үштік нүкте судың үш түрлі агрегаттық күйінің тепе-теңдік нүктесі,бұл нүктенің температурасы 273,16 К тең.

 

Энтропия

П.Ә.К.= =(Q-Q2)/Q1=(T1-T2)/T1   осыдан

Q2/Q1=T2/T1   немесе      Q1/T1=Q2/T2                     (1)

1-ші теңдеуді алатын болсақ Карно машинасында қыздырғыш пен суытқыштың келтірген жылулары бір-біріне тең.Бұл теңдеуді түрлендірсек:

                           Q1/T1-Q2/T2=0                                         (2)

Жылу машинасырың температурасымен оның жылу көзінің температурасы бірдей болса,онда өзара термиялық тепе-теңдікте болып,жүйеде ешбір процесс жүрмейді.Температура айырмасы өте аз санға тең:

Жылу ауысуы процесі термиялық тепе-теңдікке өте жақын өтеді.Бұндай процестер квазистикалық процесс деп аталады.

                             

                      Q /Ti= dQ  квазис /T=0                 (3)

   Бұл интеграл қайтымды циклдер үшін Клаузиус интегралы деп аталады.Осыдан мынадай қорытынды шығады:Қайтымды циклде келтірілген жылулардың қосындысы 0-ге тең.Мұны квазистикалық процестер үшін екінші заңның беретін анықтамасы деуге болады.

Тұйық интеграл 0-ге тең болса,интегралдың астындағы шамаға сәйкес қандай да бір функция болуы тиіс және бұл функция күй функциясы болады.Бұл функцияны S-деп белгілесек (3)-ші теңдеудегі интегралдың астындағы өрнекті S-күй деп белгілесек,оның толық дифференциалы.

                            dS=Q/T   бұдан      

                         S1-S2=T

Энтропия дифференциалды теңдеуден табылады,бұл жерде оны есептеу үшін интегралдың тұрақтысы қажет:

Сондықтан термодинамиканың 1және 2-ші заңының көмегімен энтропияның абсолютті мәнін емес,тек оның өзгерісін dS анықтайды.4-ші теңдеудің термодинамиканы онан әрі дамытуда маңызы зор болды. Сөйтіп Клаузиус энтропия деген функцияны ашты,соның нәтижесінде жылу туралы теорияның дұрыс еместігін дәлелдеуді және Карно циклінің П.Ә.К.басқа да жолдармен анықтауға болатынын тапты.

Энтропия және термодинамиканың 2-ші заңы.

Бірінші заңның негізгі функциясы-ішкі энергия. Оқшауланған жүйелердің ішкі энергиясы өзгермейді. 1-ші заң процестің өту -өтпеуін оның бағытын және шегін көрсетпейді. 2-ші заңның функциясы – энтропия. Энтропия- жүйенің біртекті күй функциясы.

Энтропия- жүйе күй функциясы,оның қасиеті, олай болса, энтропияның өзгнерісі  процестің өту жолына тәуелсіз, тек алғашқы және соңғы күйіне байланысты.

Жүйе қасиеті интенсивті және экстенсивті болып екі топқа бөлінеді.                           Энтропия экстенсивті қасиетке жатады. Жоғарыда көрсетіген теңдеуді яғни dS=dQ/T(1) мұны түрлендірсек:

                      dQқайтымды=TdS (2)

   Энтропия аддитвті заңдарға бағынады, демек тепе-теңдіктегі жүйенің энтропиясы оның барлық бөліктер энтропиясының қосындысына тең, ал энтропия өзгерісі сол бөліктердің энтропия өзгерістерінің қосындысына тең. (1)-теңдеуді Карно циклінде идеал газ үшін алынған.

  Термодинамиканың екінші заңын қайтымсыз процестер үшін математика тілінде жазып көрейік.

 Бір күйден екінші күйге жүйе қайтымды (в) суретте және және қайтымсыз процестер арқылы (а) суреттеңдеуін жазатын болсақ, төмендегі екі теңдеуді аламыз:

                  қайтымсыз=dU+Ақайтымсыз

                          қайтымды=dU+Ақайтымды

Осы теңдеулерді бір-бірінен шегергенде:

    қайтымсыз-қайтымды=Aқайтымсыз-Aқайтымды

Бұл теңдік айналмалы процесс үшін орындалады, өрнек  нольге тең, немесе нольден үлкен не кіші болуы мүмкін.

dS>(Qқайтымсыз)/Т, немесе ТdS>Qқайтымсыз немесе Qқайтымсыз/Т<0;

Осы теңдеулер екінші заңның  қайтымсыз процестерін сипаттайды.

Қайтымсыз процестер үшін 2-ші заңды энтропияныңболуы мен оның өсуі деп аталады.

dS>0 теңдеуі оқшауланғар жүйедеқайтымсыз процестер өткенде оның энтропиясы өседі.қайтымды және қайтымсыз процестерді біріктіріп қарастырсақ,термодинамиканың 2-ші заңы былай жазылады:

   dSQ/T  немесе     TdSQ

    TdSdU+A- бұл термодинамиканың 1-ші, 2-ші заңының жалпы теңдеуі.

    Адиабаталық процесте жүйеге сырттан жылу берілмейді, яғни               , TdS=0, демек S=const, мұндай процесті изоэнтропиялық процесс деп атайды.

   Каратеодори принципі- адиабаттық процесс арқылы жүйенің кейбір көршілес күйіне жетуге болмайды.

   Термодинамиканың 1-ші, 2-ші заңдарының жалпы теңдеуі қайтымды процестер үшін

                  TdS=dU+A

            dS=(1/T)dU+(1/T)PdV

мұнда: dU-ішкі энергияның толық  дифференциялы, ол көлем мен температураға тәуелді күй функциялары, яғни U=f(T,V) мұны туындыллар арқылы жазатын болсақ:

dS=1/T(U/T)VdT+1/T((U/V)+P) dV;  Пфафф теңдеуі дейді ,           немесе 1/T(U /T)VdT+1/T((U/V)+P) dV=0 

Егерде S<0 болса, онда оқшауланған жүйеде процесс өздігінен өтпейді.  өздігінен өтетін процестің нәтижесінде жүйе тепе-теңдікке ұмтылады. Жүйе тепе-теңдікке келгенде процестер тоқтап, энтропия өзінің максимал мәніне ие болады. Сөйтіп, оқшауланған жүйенің тепе-теңдік күйі дегеніміз-энтропия мәні максималға жетіп, одан әрі өзгермеуін айтады.


Лекция 9

Термодинамикалық потенциал

Химиялық потенциалдар

Дәріс жоспары:

1. Изохоралық-изотермиялық потенциал

2. Еркін энергиянемесе Гельмгольц энергиясы.

3. Изобаралық-изотермиялық потенциал.

4. Гиббстің еркін энергиясы немесе изобаралық потенциал.

  Химиялық процестер не тұрақты көлемде, не тұрақты қысымда өтеді, сондықтан процестің өздігінен өтуін, оның бағыты және тепе-теңдік жағдайын көрсететін тек энтропия емес,  басқа да функциялар  болады. Қайтымды процестер қайтымсыз процестерге қарағанда тиімді, ондағы өндірілген жұмыс максималды екені бізге белгілі. Бірінші және екінші заңның теңдеулерінен төмендегі өрнектер алынған:

  õА ═ õQ – dU ≤ TdS – dU

         õА≤ TdS – dU                     (1) 

  Бұл өрнектердегі теңдік белгісі қайтымды процесті, ал теңсіздік белгісі қайтымсыз процесті көрсетеді. Жалпы жұмыс пайдалы және ұлғаю жұмысынан тұрады:

     õА ═ õА'+PdV                      (2)

 Қайтымды процестің максимал жұмысы процесс жолына тәуелсіз. Мәселен, адиабаталық процестерде (S=сопst) максимал жұмыс ішкі энергияның өзгерісіне тең:

    АMAX═U2 – U1

Бірінші   және   екінші   заңның   ортақ  теңдеуі  төмендегідей жазылады:

  dАMAX═ TdS – dU                 (3)

Интегралдасақ (Т═ сопst)

  АMAX═T(S2 - S1) - (U2 - U1) немесе  АMAX═( U1 - TS1) -  (U2 - TS2)              (3а)

 

Жақшадағы өрнектер жүйенің күй функциялары. Оларды Ғ әріпімен белгілесек:   

       Ғ═U-TS                           (4)                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

Сонда

 АMAX ═ Ғ1 - Ғ 2 ═ -∆ Ғ         (5)

Бұндағы Ғ - функциясы изохоралық потенциал, еркін энергия немесе Гельмгольц энергиясы деп те аталады.

  Ішкі   энергияны   жоғарыдағы.   (4)-теңдеу   бойынша   былай жазайық:

   U═ Ғ+TS

Бұл теңдеуден мынадай қорытьгнды шығады: ішкі энергия екі түрлі энергияның қосындысына тең, олардың бірі - еркін энергия, екіншісі - еріксіз энергия ТS.

   Температура немесе көлем өскенде изохоралық потенциалдың мәні азаяды. Температура артқанда, V=сопst жағдайда изохоралық  потенциалдың азаюы жүйенің энтропиясына, ал көлем өзгеріп, Т= сопst жағдайда еркін энергияның азаюы қысымына тең.

Түрақты температура мен тұрақты көлемде және жүйеде ешқандай жұмыс өндірілмеген жағдайда:

       (dҒ)V,T≤0                                                                                                                                                                                                                                                                           

Бұл өрнектен теңдік белгісі қайтымды процесті, ал теңсіздІк белгісі қайтымсыз процесті көрсетеді. Сонда жүйенің изохоралық потекциалы Т=соп8і және У=сопз£ жағдайда қайтымсыз процес-тер өтсе кемиді, яғни изохоралық-изотермиялык жағдайларда еркін энергия өздігінен өтетін цроцестердің белгісІ болады.

  Бұл теңдеуден мынадай анықтама алынады. Тұрақты көлем және тұрақты температурада өздігінен өтетін процестердің изохоралық потенциалы процестің өту бағытына қарай азайып, тепе-теңдік орнағанда минимал мәнге ие болады.

  Изохоралық-изотермиялық потенциалдың минимал мәні процестің шегін, яғни жүйеде тепе-теңдік орнағанын көрсетеді. Ол үшін процесс тұрақты температурада (Т=сопst) және тұрақты көлемде (V=сопst) өтуі және сонымен қатар жуйеде тек қана ұлғаю жұмысы жасалуы тиіс.

  Жүйеде тепе-теңдік орнаған кезде изохоралық потенциалдың минималды болуының математикалық формуласы былай жазылады:

                  (dҒ)V,T═0, (d2 Ғ)V,T>0

                          Изобаралық-изотермиялық потенциал.

  Жүйеде ұлғаю жұмысынан басқа да жұмыс түрлері   жасалуы   мүмкін.   Басқа   жұмыс   түрлерін   õА'   деп белгілесек, жалпы жұмыс:

  õА=РdV+õА'                                                                                                                                                                                                                                                                   

 мұнда õА'  ~ пайдалы жұмыс.

 Жүйе бір күйден екінші күйге ауысқанда жасалатын пайдалы жұмысты

    А' ≤ T(S2 - S1) - (U2 - U1) -Р(V2 – V1) немесе А'≤G1 – G2 ═-∆G

  G-жүйенің күй функциясы. Бұл функция изобаралық-изотермиялық потенциал деп аталады, кейде оны Гиббстің еркін энергиясы немесе изобаралық  потенциал деп атайды.

  Изобаралық-изотермиялық процестерде {Р— сопst, Т— сопst) максималды пайдалы жұмыс изобаралық потенциалдың кемуіне тең. G - функциясы қысым (Р) мен температураға (Т) тәуелді, яғни

   G=£(T,Р) -                                                                                                                                                                                                                                                               dG═dU-TdS-SdT+РdV+VdР

(∂G/∂T)Р═ - S,    (∂G/∂Р)Т═ V

  Бұл теңдеуден изобаралық потенциалдың температура өскенде азайып, ал қысым артқанда көбейетінін көреміз.

Тұрақты   температура  (Т=сопst)және   тұрақты қысымда (Р=сопst)

   (dG)Т,Р ≤ õА'

Тұрақты қысым және тұрақты температурада өздігінен өтетін процестердің изобаралық потенциалы процестің өту бағытына қарай азайып, жүйе тепе-теңдікке келгенде минимал мәнге ие болады.

   (dG)Т,Р═0 ,      (d2 G)Т,Р>0.

 

Лекция10

Массалар әрекеттесу заңы және химиялық реакцияның тепе – теңдік константасы

Дәріс жоспары

 

1.   Реал газдар үшін тепе-теңдік константасы

2.      Химиялық реакцияның изотермасының  теңдеуі

3.      Вант-Гофф изотермиясының анықтамалары

4.      Газдар қоспасындағы химиялық реакцияның стандартты Гиббс энергиясы

5.      Химиялық тепе-теңдік жылжымалылығы туралы

6.      Ле-Шателье-Браун принципі немесе тепе-теңдіктің ығысу принципі

7.      Тепе-теңдік константасының есептеу әдістері

            Химиялық реакциялардың тепе – теңдігін қарастырғанда тепе –теңдік химиялық және термодинамикалық болып бөлінетінін еске ұстау қажет. Химиялық тепе – теңдік әрқашан қайтымды болады, химиялық реакцияның теңдеуін жазғанда кейде теңдік белгісінің орнына қарам – қарсы екі бағдарша қойылады. Мұның себебі тепе – теңдік жылжымалы, реакцияның өту жағдайына байланысты болады. Реакция кері және тура бағытта жүруі мүмкін. Жүйеде тепе – теңдік орнаған реакция тоқтап қалмайды, тек тура бағытта өтетін реакцияның жылдамдығы кері реакцияның жылдамдығына теңеседі, сөйтіп химиялық тепе – теңдік динамикалық болады.

            Термодинамикалық тепе – теңдікте химиялық процестер қайтымсыз процестерге жатады. Егер процесс қайтымды болса, жүйе өзінің бастапқы күйіне оралғанда онда және айналадағы ортада ешқандай өзгерістер болмауы тиіс. Ал химиялық реакция өткенде өзгерістер болады, мысалы, заттар түзіледі, жылу алмасу байқалады. Реакцияда термодинамикалық тепе – теңдік орнағанда қайтымсыө химиялық процесс тоқтап, оқшауланған жүйенің энтропиясы максимал мәнге келеді. Мұнда термодинамикалық тепе – теңдіктен жүйе өздігінен шықпайды. Химиялық процесс қайтымсыз болғанадықтан оған термодинамиканың заңдарын қолдану үшін реакцияны квазистатикалы жағдайда жүргізу керек. Бұл жағдай Вант – Гофф жәшігінде орындалады.

            Реакция қатысушы заттарды олардың концентрацияларын пайдаланып жазуға болады. Ол үшін идеал газдың парциял қысымы мен концентрациясының аралығындағы байланысты пайдаланамыз: 

                                                    Pi=(niRT)/V=CiRT

            Ci – кез келген і компонентінің концентрациясы, оның өлшем бірлігі – моль/л. Сонда

                                                            КР=КСRT∑ υ                                                     (1)

 

            Егер химиялық реакция кезінде заттардың моль сандары өзгермейтін болса, КР мен КС мәндері бір – біріне тең болады. Кейде тепе – теңдік константасын заттардың заттардың мольдік үлестері арқылы да анықтайды. Дальтон заңы бойынша: Рі=РжNі, мұнда Рі – парциялды қысым; Рж – газ қоспасының жалпы қоспасы; Nі – і компонентінің мольдік үлесі. Сонда

                                     KN =П(Ni)Vi , KP=П(Pi)Vi= KNPж ∑Vi                           (2)

            Мольдік үлес - өлшемсіз шама, сондықтан KN – де өлшемсіз, ал KР өлшемі Pж ∑Vi       - өлшеміндей болады.

            Реал газдар үшін тепе – теңдік константасының теңдеуінде футитивтікті қояды, ал ерітіндіде өтетін реакциялар үшін парциял қысымдардың немесе концентрация орнына заттардың активтігі қойылады.

            Химиялық тепе – теңдікті зерттеуде массалар әректтесу заңы өте маңызды роль атқарады. Тепе – теңдік константасы арқылы реакцияға қатысатын заттардың тепе – теңдігі концентрацияларының қатынастары беріледі. Бұл қатынасқа заттардың бастапқы концентрациясының мәндері әсер етпейді. Мысалы, төмендегі реакцияны қарастырайық:

Н2 + І2 → 2НІ

            Бастапқы заттар сутегі мен иод арасындағы реакция алғашқыда тура бағытта, яғни сутек түзілу бағытында өтеді. Осы тура процестің жылдамдығы сутегі мен иодтың парциялды қысымдарына тәуелді. Реакция барысында иод пен сутегі концентрациялары кемиді; соған байланысты тура реакцияның жылдамдығы төмендей бастайды. Ал иод сутектің түзілуі барысында кері реакцияның жылдамдығы артады. Тура және кері реакцияның жылдамдығы артады. Тура және кері реакциялардың жылдамдығы бір – біріне теңескенде жүйеде химиялық тепе – теңдік орнайды. Егер бастапқы зат ретінде иод сутекті алатын болсақ, ол реакция нәтижесінде сутегі мен иодқа диссоциацияланады. Иод сутектің концентрациясы азайған сайын диссоциациялану процесінің жылдамдығы төмендеп, сутегі мен иодтың мөлшерлері көбейеді. Концентрациясы көбейген сайын сутегі мен иодтың әрекеттесу жылдамдығы арнтады. Бұл процесс жүйеде химиялық тепе – теңдік орнағанша, яғни тура және кері процестің жылдамдықтары теңелгенше жүреді.

            Заттардың бастапқы концентрацияларына немесе парциялды қысымдарына байланысты олардың тепе – теңдігі құрамдары әр түрлі, бірақ концентрацияларының қатынастары тұрақты болады. Бұл қатынас тепе – теңдік константасы арқылы көрсетіледі. Тепе –теңдік константасы белгілі температурады берілген реакция үшін тұрақты бір мәңге тең болады. Жалпы алғанда Кр мәндері нольден шексіздікке дейін болуы мүмкін, яғни

0≤К≤∞

Өтетін  химиялық реакцияның теңдеуін жалпы түрде былай жазайық:

А+В↔С+D

Тепе – теңдік константасының жалпы формуласы концентрация арқылы келтірілсе:

КС=(CC ∙CD )/(CA ∙CB )

            Егер КС=0 болса, бұл реакцияның тепе- теңдік күйінде С мен D – компоненттерінің концентрациялары нольге тең, реакция тура бағытта жүрмейді. Сол сияқты КС=∞ болса, реакция тек тура бағытта жүріп тепе – теңдікте с мен D заттары ғана болады.

 

Химиялық реакцияның изотермиясының теңдеуі

            Тұрақты қысымда және тұрақты температурада мына реакцияны қарастырайық:

аА+bB↔cC+dD

            Заттардың бастапқы концентрациялары өте үлкен болып, яғни А және И компоненттерінің a және b мольге азаюынан, ал С және D компоненттерінің с және d мольге көбеюінен жүйенің құрамы және күй жағдайы өзгермейді дейік.

            Гиббс энергиясының реакция нәтижесінде өзгерісі төмендегідей:

 

                                        ∆G=∑μidni=cμC + dμD – aμA – bμB                                      (3)

            Әрекеттесетін заттар идеал газдардың заңдарына бағынады десек әр заттың химиялық потенциялы:

                                                             μi=μі0+RTlnPi                                                             (4)

мұнда μі0 – стандартты жағдайдағы таза заттың химиялық потенциялы, μі0 – const; Pi – сол заттың парциялды қысымы.

            әр заттың химиялық потенциялын (4) – теңдеу арқылы тауып (3) – теңдеуге қойып түрлендіргеннен кейін:

                                               ∆G=(cμC + dμD – aμA – bμB)+

                                      +RT(clnPC + dlnPD – alnPA – blnPB)                             (5)

            Бірінші жақшадағы қосынды RTlnКР – деген өрнекке тең. Сонда:

                                       ∆G=RТln[(PCc PDd )/(PAa PBb) – RTlnКР                     (6)

            Егер процесс тұрақты температура мен көлемде өтсе, (6) – теңдеуді F потенциял арқылы жазады:

                                     ∆F=RТln[(CCc CDd )/(CAa CBb) – RTlnКC                      (7)

            (6) және (7) – теңдеулер Вант – Гофф изотермиясы немесе химиялық реакцияның изотермиясы деп аталады. Бұл теңдеулер реакцияға қатыушы заттардың бастапқы қысымдары мен тепе – теңдіктегі парциялды қысымдарын байланыстырады.

            Термодинамикалық жүйелерде изобаралық және изохоралық потенциялдардың азаюы жүйеде жасалатын максимал жұмысқа тең. Ал Вант – Гофф ұсынысы бойынша химиялық ынтықтықтың максимал жұмыспен өлшенеді. Олай болса Вант – Гофф изотермиясы бойынша химиялық ынтықтықты анықтауға болады. Мынадай жалпы түрде реакцияны алатын болсақ:

                                   v1A1 + v2A2  + …↔ v’1A’1 + v’2A’2  +…

            Бұл реакцияның химиялық ынтықтығы төмендегідей жазылады:

                                               Аmax=- ∆G=RTlnKp-

- RTln[(Pv11∙Pv22)/( Pv11Pv22…)]                                                  (8)

Аmax=- ∆F=RTlnKC-

- RTln[(Cv11∙Cv22)/( Cv11Cv22…)]                                                (9)

            Вант – Гофф  изотнрмиясының теңдеуін қортып аларда реакцияға қатысатын заттардың ьастапқы мөлшері өте үлкен болатындықтан реакция нәтижесінде олардың массаларының v-ға өзгеруінен изобаралық потенциялының өзгерісі ретінде (∂G/∂ζ)P,T емес, ∆GP,T алынады. ∆ζ =1 деп алсақ ∆G/∆ζ=∆G. ∆G – реакцияның изобаралық потенциялы да, ∆F – изохоралық потенциялы, ∆ζ =1, сонда ∂F/∂ζ≈∆F/∆ζ=∆F.

            Вант – Гофф изотермиясы бойынша Гиббс энергиясының таңбасы мен мәні Kp және П(Pi)v1 шамаларының мәндеріне байланысты. Р=const және T=const жағдайда:

                                                П(Piv1)<Kp болса, ∆G<0                                           (а)

                                               П(Piv1)=Kp болса, ∆G=0                                           (в)

                                               П(Piv1)> Kp болса, ∆G>0                                          (с)

            Жоғарыдағы (а) – жағдайдағы реакция тура бағытта өздігінен қайтымсыз жүреді; (в) – жағдайда термодинамикалық тепе – теңдік орнайды; (с) – жағдайда реакция өздігінен тура бағытта өтпейді. Сөйтіп реакцияның тепе – теңдік константасы және компоненттердің бастапқы мөлшері белгілі болса, реакцияның изотермиясы теңдеуінен оның бағытын, өту жағдайын табуымзға болады.

            Вант – Гофф изотермиясы теңдеуіндегі – (5) және (6) – теңдеулер – бірінші мүше заттардың бастапқы парциялды қысымдарының қатынасын, ал екінші мүше тепе – теңдік орнаған кездегі қысымдарының қатынасын береді. Егер заттардың қысымдарын бірге тең деп алсақ (5) және (6) – теңдеулер төмендегі түрде жазылады:

∆G0= – RTlnКР                                                        (10)

∆F0= – RTlnКР                                                         (11) 

            Бұл теңдеулер реакцияның стандартты жағдайдағы изотермиясының теңдеулері; ∆G0 және ∆F0 – реакцияның стандартты изобаралық және изохоралық потенциялдары.

            Идеал газдар қоспасының стандартты изобаралық потенциялы мен тепе – теңдік константасының байланысын қарастыратын болсақ, бұл байланыс бастапқы парциялды қысымдардың өлшем бірлігіне тәуелді болады. Мысалы, СИ жүйесінде заттардың бастапқы парциялды қысымдары Р0і =0,1013МПа десек, Вант – Гофф изотермиясы бойынша стандартты Гибсс энергиясы үшін төмендегі теңдеуді аламыз:

                            ∆G0T=RTlnП(Pi0 )v1- RTlnKР=-RTlnПKР(Pi0 )-∆1                            (12)

                                               немесе     ∆G0T=- RTlnK0                                          (13)

                                               K0=П(Pi0 )v1    Pi=Pi/P0i                                                       (14)

Pi – компоненттердің салыстырмалы парциялды қысымдары; K0 – стандартты тепе – теңдік константасы төменде жалпы жазылған химиялық реакция үшін:

                                   v1A1 + v2A2  + …↔ v’1A’1 + v’2A’2  +…       

                                               K0=(Pv11∙Pv22)/( Pv11Pv22…)

            Газдар қоспасындағы химиялық реакцияның стандартты Гиббс энергиясы деп компоненттердің стандартты парциялды қысымдағы реакцияның Гиббс энергиясын айтамыз.

            K0 және KР арасындағы байланыс төмендегідей: KР=K0(Pi0 )-∆1. ∆v – реакция нәтижесінде заттардың моль сандарының өзгерісі жоғарыдағы реакция үшін ∆v = v’1+ v’2+…-v1-v2-…

            Егер P0i өлшем бірлігін атмосферамен алсақ (Pi0 )∆v=1, онда KР=K0∙0.01013∆v. KР өлшем бірлігі [KР]=МПа∆v.

Реалды реакциялардың бастапқы жағдайлары стандартты жағдайға жақын болса, Гиббстің стандартты энергиясы бойынша реакцияның бағытына, өту жағдайына анықтауға болады.

            Реакцияның стандартты Гиббс энергиясын реакцияға қатысушы заттардың стандартты түзілуін Гиббс энергиялары арқылы есептейді.    

Химиялық тепе – теңдік жылжымалылығы туралы

            Химиялық тепе – теңдіктің ерекше бір қасиеті – оның жылжымалылығы. Сыртқы жағдайдың өзгеруіне байланысты реакция оң не сол жаққа жылжижы.

            Мысалы, қысымның химиялық тепе – теңдікке әсерін қарастырайық. Химиялық тепе - теңдіктің ығысуын сапалы түрде табу үшін мынандай ережені қолданамыз. Тепе – теңдіктегі жүйеге сырттан бір әсер берілсе тепе – теңдік осы әсерді азайтатын жаққа қарай ығысады. Бұл ереже Ле-Шателье-Браун принципі немесе тепе – теңдіктің ығысу принципі деп аталады.

            Мысалы, аммиактың түзілу реакциясын қарастырайық:

N2+3H2↔2NH3

            Қысым артқан кезде тепе – теңдік оң жаққа ығысады. Оның себебі бұл реакция өткенде көлем азаяды, азот пен сутегінің төрт моль аммиак түзіледі. Ал көлемнің азаюы қысымның төмендеуіне әкеліп соғады, демек сыртқы әсер кемиді.

            Екінші мысал, мына реакция:

2SO2+O2↔2SO3

Қысымның өсуімен реакцияға түспейтін инертті газ – азот газын жүйеге қосу тепе – теңдікке қалай әсер етеді? Ле-Шателье-Браун принципі бойынша мынадай қорытындыға келеміз. O2 мен SO2 әрекеттескенде жүйенің көлемі кішірейеді, демек әрекеттесін газдардың қоспасы сығылады. Сығылу азаю үшін молекулалардың санын азайту керек. Бұл реакцияны SO3 түзілу жағына қарай жылжытады, сөйтіп қысымның артуы реакцияны оң жаққа ығыстырады.

            Реакцияға түспейтін азот газын жүйеге қосқанда газ қоспасы сұйылады, сұйылу кезінде қысым төмендейді, яғни тепе – теңдік ол жаққа ығысып, SO3-тің шығымы азаяды.

 

Тепе – теңдік константасын есептеу

1. Газ күйінде молекулалар саны өзгермей жүретін қарапайым реакциялардың тепе – теңдігі.

            Мұндай қарапайым реакцияларға көптеген техникалың маңызы бар реакциялар жатады. Мысалы, сулы газдың алу реакциясы:                      

                                                   СО + Н2О↔СО2

азот оксидінің түзілу реакциясы:

                                                     N2 + O↔2NO

Иодсутектің түзілу реакциясы да осындай реакцияларға жатады:

                                                      H2 + I2↔2HI

                                                  KP=(P2HI)/(PH2 ∙ PI2)                                                (14)

Идеал газдардың заңдары бойынша парциялды қысым Рі

                                                   Рі=(nі/V)RT=CіRT                                                  (15)

            Компоненттердің моль сандары өзгермеген жағдайда реакцияның тепе – тендік константасы әр түрлі шамалар арқылы есептеулдеріне қарамастан тұрақты мәнге тең болады. Реакцияға а моль H2, b моль I2 түсіп тепе – теңдік орнағанда х моль H2 реакцияласты десек, реакция нәтижесінде 2х моль иодсутек түзіледі. Көлемі V жүйесінде тепе – теңдік орнағанда компоненттердің тепе – теңдік концентрациялары төмендегідей:                                       

                                   СH2=(a-x) / V,   CI2=(b-x)/V,  CHI=2x/V

                                                           K=4x2/[(a-x)(b-x)]                                          (16)    Кейде есептеуді оңайлату үшін стехиометриялық коэфиценттерді 2,3, ..., т.б. сандарды бөліп жазу қажет. Сонда жоғарыдағы реакция теңдеуі былай жазылады:

                                                       1/2 ∙ H2+1/2 I2↔2HI

тепе – теңдік константасы

                                                       K=x/[√(a-x/2)(b-x/2)]                                        (17)

Eгер тепе-теңдік константасы белгілі болса, оның көмегімен керісінше заттардың тепе – теңдік концентрацияларын анықтауға болады.

2. Молекула саны өзгере жүретін газдың фазадағы химиялық реакцияларының тепе – теңдігі.

Мұндай реакцияларға мысал ретінде бір молекуланың екі жаңа молекулаға диссоциациялануын алуға болады.

N2O4 диссоциациялануы бөлме температурасында өтеді.диссоциациялану константасы

                                          КР =(P2NO2)/(PN2O4)   

   N2O4-тың бастапқы мөлшері п0 – моль болса, диссоциациялануға түскенде 2ап0 NO2  түзіліп (1-α)п0 N2O4 қалады. Тепе – теңдікте N2O4 және  NO2 заттардың моль сандарының қосындысы ∑n=(1+α) п0.

Тепе – теңдік константасы заттардың қысымына тәуелсіз, бірақ қысым артса диссоциациялану дәрежесі кемитінін көреміз. Төмендегі кестеде 49,70С-де және әр түрлі қысымда тәжірибе арқылы табылған диссоциациялану дәрежелері салыстырылған:

Ратм...       0,0353          0,1234 0,2403 0,3440 0,6545

αтәж...     0,912  0,779               0,680               0,620               0,485  

αтеор ...    0,921 0,784               0,670               0,605               0,480

            Кесткден α-ның теориялық және тәжірибелік мәндері бір – біріне жақын екендігін және де қысым артқанда олардың кемитінін көреміз.

            Сөйтіп заттардың моль сандары өзгере жүретін реакциялардың тепе – теңдік константасын қысым немесе концентрация не мольдік үлес арқылы есептегенде, әр жағдайда константаның мәні әр түрлі болады.

            Егер ∑v= 1 болса (мысалы, N2O4 диссациациясы)

                                                           KP=KCRT=KxP

Осы теңдеу арқылы 49,70С-де есептелген  N2O4 – диссоциациялану константасы төмендегі мәндерге тең:

                                   KP=0,784, KC=0,0297, Kx=6.378 (P=.01234 атм.)

            Тағыда осыған ұқсас мынандай реакцияларының тепе – теңдігін қарастырайық:

                        2CO2↔2CO+O2,   2SO3↔2SO2 +O2,    2H2O↔2H2 +O2

Мысалы, судың диссоциациялану дәрежесі α десек:

                                                           2H2O↔2H2 +O2                    

                                                           2(1-α)    2α     α

Парциялды қысымдары:

                                   РН2О =[2(1-α)/(2+α)] Pжалпы

                                                   PH2=[2α/(2+α)] P жалпы

                                                     PO2=[α/(2+α)]P жалпы 

            Сонда

                                   KP= P2H2 P2O2/ Р2Н2О =α3 Pжалпы/[(1-α)2/(2+α)]                       (18)

            Диссоциациялану дәрежесі аз шама болған жағдайда (14) – теңдеу мынандай қарапайым түрге келеді:

                                                           KP= α3 Pжалпы/2                                                          (19)

            Осы қарастырылған реакцияларға контакт аппаратына күкіотті ангидридтен тотықтандыру арқылы алу процесі жатады:

                                                       2SO2 +O2↔ 2SO3

            Егер бастапқы қоспада  SO2 мен O2 бір – біріне эквивалентті мөлшерде алынған болса, тепе – теңдік константасын есептеуге (18) – теңдеуді қолдануға болады да, (19) теңдеудегі жорамалдауды қлдануға болмайды. Себебі тепе – теңдікте барлық компоненттердің мөлшері бір – бірімен өлшемдес.

            Жалпы алғанда SO2 мен O2-нің бастапқы мөлшері әрдайым эквивалентті бола бермейді, сондықтан тепе – теңдік константасын КР диссоциациялану дәрежесі арқылы есептеуге болмайды. әдетте айналу дәрежесі дейтін техникалық термин қолданылады. SO2 – нің айналу дәрежесі оның бастапқы мөлшерінің реакцияға түскен үлесіне тең. Неғұрлым айналу үлкен болса, соғұрлым реакция толық өтеді, яғни SO3 көбірек түзіледі. SO2 – нің  алғашқы мөлшері  п0, O2 – нің мөлшері п0а , ал айналу дәрежесі β десек, тепе – теңдікте компоненттердің моль сандары төмендегідей болады:

      2SO2   +    O2   ↔   2SO3

                                                    п0(1-β)   п0(а-β/2)     п0β

Тепе – теңдіктегі жалпы моль сандары:

                                                 ∑n= п0(1+a–β/2)

Реакциядағы заттардың мольдік үлестері немесе парциялды қысымдары арқылы тепе – теңдік крнстантасын мына теңдеумен анықтаймыз:

                                                KP= P2SO3 /P2SO2РО2 =

=[β2(1+a–β/2)]/[(1-β)2(a-β/2)Pж]                               (20)

            Төмендегі кестеде (20) – теңдеу бойынша есептелген KP мәндері тәжірибе жүзінде және есептелген β мәндері келтірілген t=7270С, Р=1атм.

            Кестеден тәжірибе жүзінде табылған β мен есептелген β мәндері бір – біріне жақын екенін көреміз. SO2 газдың өзгеру дәрежесі мен SO3 өнімінің шығымы сай. Оттегі газдың мөлшері азайған сайын β мәні төмендейді, осыған орай SO3 шығымы да кемиді. Осыдан компоненттердің стехиометриялық қатынастарда алғанда өнімнің максимал мөлшерде болатынын көреміз. 

1 – кесте

 

 

а=PO2 /PSO2

Тепе-теңдік қоспадағы парциялды қысымдар (атм)

       PSO2                       РО2               PSO3

 

KPесптелген

 

βтәж

 

βтеор

0,943

0,841

0,441

0,416

0,408

0,299

0,279

0,273

0,309

0,456

0,470

0,481

0,564

0,566

0,402

0,358

0,180

0,167

0,164

0,102

0,101

0,325

0,338

0,364

0,365

0,355

0,334

0,333

3,53

3,34

3,54

3,61

3,32

3,44

3,42

0,543

0,522

0,444

0,437

0,425

0,372

0,372

0,541

0,526

0,442

0,432

 

 

0,371

KPорташа=3.46

 

            Сутегі мен азоттан аммиактың синтезделу реакциясы жоғарыдағы реакциялардан басқа стехиометриялық типтерге жатады. Бұдан тепе – теңдіктегі қоспаның құрамын мольдік үлестер арқылы алған жөн

                                                    3/2H2  +  1/2N2  ↔  NH3   

                                                   ¾(1-x)     ¼(1-х)         х

            Реакция теңдеуінің астында әр газдың тепе – теңдіктегі мольдік үлкстері келтірілген.

            Сөйтіп жоғарыда қарастырылған бірнеше мысалдардан тепе – теңдік константасын беретін теңдеулердің түрі реакцияның қандай стехиометриялық типке жататындығына байланысты екенін және процестің диссоциациялану дәрежесімен енмесе айналу дәрежесімен, немесе мольдік үлеспен, т.б. сипатталу осы теңдеудің түріне әсер ететіндігін көрдік. Соңғы шамаларды еркімізше ала беруге және олар арқылы тепе – теңдік константасының мәнін есептеуге болады.

            Көбінесе ең қолайлысы KP-ның мәнін анықтау, оның мәні арқылы индифферентті газдардың әсерін ескеруге болады. Егер реакция нәтижесінде заттардың моль сандары өзгермесе, индифферентті газдар тепе – теңдікк әсер бермейді, ал өзгерген жағдайда реакция өнімінің шығымы да өзгереді.

            3. Сұйық ортадағы гомогенді химиялық тепе – теңдік.

            Ерітіндіде өтетін реакциялардың тепе –теңдік күйі реакцияға түсетін бастапқы заттар мен реакциядан түзілетін соңғы заттардың химиялық потенциялдарының теңесуімен сипатталады, яғни

                                                                       ∑vi μi=0

            Бұл теңдеу химиялық тепе – теңдіктің жалпы шарты.

            Ерітіндіде өтетін реакцияның теңдеуін жалпы түрде былай жазайық:

                                                                 aA+bB↔cAB

            Бұл реакцияның тепе – теңдігін анықтау үшін ерітіндідегі әр компоненттің химиялық потенциялымен оның концентрациясының байланысуын білу қажет. Ол байланыс идеал газдағы сияқты төменгі теңдеумен беріледі:

μi=μі0+RTlnСi                                                             (21)

            Мұнда Сi – концетрация, оның өлшем бірлігін әр түрлі етіп алуға болады (моль/л, мольдік концентрация, мольдік үлес, көлемдік үлес). Концентрацияны қандай өлшеммен алғанына байланысты тепе – теңдік константасының мәндері әр түрлі болады. Жоғарыда келтірілген реакция үшін тепе – теңдік константасы, KС:

                                                           KС=СсАВ / СаАСbВ

            Реалды ерітінділерде концентрация орнына компоненттердің активтіктері алынады, сонда жоғарыдағы реакцияның тепе – теңдік константасы:

 Kа=асАВ / ааАаbВ

            Идеал ерітінділерде өтетін реакциялар ретінде төмендегі күрделі эфирдің түзілу реакциясын қарастыруға болады. Бұл реакцияны 1863ж М.Бертло және Пеан Сен Жиль зерттеген:

                                   C2H5OH + CH3COOH ↔ CH3COOC2H5 + H2O

                                          х                     1                           у                         у

            Бұл реакция кезінде компоненттердің моль сандары өзгермейді, осы жағдайда тепе – теңдік константасының мәніне концентрацияның қандай өлшеммен алынғаны әсер етпейді. Тепе – теңдік константасының теңдеуін заттардың моль сандары арқылы жазсақ

                                                          Кc = y2 / [(1-y)(x-y)]                                        (22)

            Бұнда бір моль сірке қышқылымен х моль спирт әрекеттескенде у моль күрделі эфир түзіледі деп алынған. Төмендегі кестеде Бертло мен Пеан Сен Жильдің осы реакцияны зерттеу нәтижесінде алынған шамалардың тәжірибелік және есептеп табылған мәндері берілген:

 2 – кесте

t=1000C

n(CH3COOH)=1моль

хтәж.

утәж.

Кс

хесеп

0,18

0,33

0,50

1,00

2,00

8,00

0,171

0,293

0,414

0,667

0,858

0,966

3,9

3,3

3,4

4,0

4,6

3,9

0,171

0,301

0,423

0,667

0,850

0,970

           

Тепе – теңдік константасы мәндерінің ауытқуындай ешқандай заңдылықтың жоқтығы оның тәжірибелік қателерімен байланысты екендігін көрметеді. Егер Кс=4 деп алып (22) – теңдеуден у мәнін есептесек, оның тәжірибеден алынған мәніне тең болатынын көреміз.

            Газдық ортада өтетін кейбір реакцияларды ерітіндіде өткізуге болады. Бірақ бұл кезде тепе – теңдік константасы мәніне еріткіш әсер етеді.

            4. Тепе – теңдік константасы және гомогенді реакция өнімінің шығымы.

            Химиялық реакцияларды зерттеуде химиктер қауымының алдына қойылатын мақсаттарының біріне реакциядан қандай заттардың түзілетінін және олардың концентрациясын анықтауға жатады. Массалар әрекеттесу заңына сүйене отырып реакция өнімінің шығымын табуға болады. Егер реакция өнімі мен жүйенің қандайда бір қасиетінің арасында белгілі бір байланыс болатын болса, құрамы мен осы қасиеттің арасындағы тәуелділікті график түрінде көрсетіп , графикткгі алынған қисықтың теңдеуін табуға болады. Гомогенді жүйелер үшін осындай байланыстарды қарастырайық. Мысалы. А және В компоненттерінің әрекеттесуі төмендегі реакция теңдеуімен берілсін:

                                                           mA+nB↔AmBn

            А компонентінің мольдік үлесі х, ал В компомнентінің мольдік үлесі (1-х) болсын. 1 моль А және В қоспасының у моль AmBn заты түзіледі дейік. Сонда у – түзілген заттың шығымы. Реакцияның теңдеуі бойынша әрекеттесуге т моль А заты және п моль В заты түседі. Тепе – теңдік орнағаннан кейін қоспада (х-ту) моль А және (1-х-пу) моль В заты қалдық және у моль AmBn түзіледі. Сөйтіп 1 моль алғашқы қоспада (х-ту+1-х-пу+у) мользаттар алынады. Жақшадағы өрнекті түрлендіріп, жүйеде тепе – теңдік күйдегі жалпы моль саны [1-(m+n-1)y] екенін табамыз. Заттың молтдік үлесі осы заттың моль санын жүйедегі барлық заттрадың моль сандарының қосындысына бөлгенге тең. Мольдік үлемтерді NA, NB, NAmBn деп белгілесек:

                                               NA=(x-my)/[1-(m+n-1)y]

                                            NB=(1-x-ny)/[1-(m+n-1)y]

   NAmBn=y/[-(m+n-1)y]                                                          (23)

            Енді тепе – теңдік константасының теңдеуін мольдік үлестер мәндеріарқылы жазсақ:

                                                 KN= (NAmBn)/ (NmANnB)

            Бұл теңдеуге мольдік үлестердің мәндерін (23) – теңдеуден қойсақ:

    KN=(y[1-(m+n-1)y])m+n-1 / [(x-my)m ∙ (1-x-ny)n]                             (24)

                            y[1-(m+n-1)y]m+n-1 / -KN [(x-my)m ∙ (1-x-ny)n] =0              (25)

            Бұл теңдеу қоспаның бастапқы құрамы, түзілген өнімнің шығымы және тепе – теңдік константасының арасындағы байланысты көрсетеді. Жүйе тұрақты температурада қарастырылатындықтан (24) және (25) – теңдеулер өнім шығымының изотермиялық теңдеуі деп аталады. Теңдеудің дәрежесі (т+п), яғни түзілген зат молекуласындағы атомдардың санына тең. Егер К=∞ болса, түзілетін зат мүлде диссоциацияланбайды, өте тұрақты. (24) – теңдеудің бөлімі нольге айналады, ал (25) – теңдеу мынандай екі теңдеуге бөлінеді:

   (x-my)m=0,   (1-x-ny)n=0                                        (26)

            Енді  КN=0 болса(түзілетін зат тұрақсыз, түгелімен ыдырап кетеді немесе түзілмейді), (24) – теңдеудің алымы нольге тең болады. өнімнің шығымының изотермиясы екі параллель түзулерге бөлінеді:

                                                                          y=0

                                                           [1-(m+n-1)y]m+n-1=0

            Бұл екі теңдеудің біріншісінің ғана мағынасы бар. Ал екіншісінен у=1/(m+n-1). Бұдан у мәні оның максимал мәнінен де көп болып тұр. Оның максимал мәні 1/( m+n) деген өрнекке тең екендігін жоғарыда көрдік. Ал бұл жерде [1/(m+n)]<[1/(m+n-1)] (m мен n – оң таңбалы бүтін сандар), яғни максимал мәннің басқа мәндерден кіші болуы мүмкін емес. Срндықтан екінші теңдеудің ешқандай физикалық мағынасы жоқ. Ал бірінші теңдеу абсцисса осінің теңдеуі, яғни К=0 болғанда өнім шығымының изотермасы абсцисса осінің үстінде жатады.

            Енді 0<К<∞ болсын, демек түзілетін өнім онша тұрақты емес, жартылай диссоциацияға ұшырайды. Бұл жағдайда өнім шығымының әр түрлі К мәндеріндегі изотермалары үздіксіз қисықтар түрінде болады, олар х – осі мен жоғарыда қарастырылған D нүктесінде қиылысатын екі түзудің арасында жатады.

            Сөйтіп түзілетін зат өте тұрақты болса, өнім шығымының изотермасы сингулярлы максимумды, ал онша тұрақты болмай аз диссоциацияға ұшырайтын болса, жинақ максимумды болып өтеді.

            Осы айтылғанды жеке нақтылы жағдайларға қолданылуын қарыстырайық.

1.      Төменде реакция бойынша АВ заты түзілетін болсын.

       А+В↔АВ

            Бұнда m=n=1, оны (25) – теңдеуге қойсақ:

                                                  KNx2-(KN-1)y2-KNx+(KN+1)y=0                              (27)

            Бұл теңдеудің графигі жай гипербола түрінде болады. Егер КN=∞, яғни реакция қайтымсыз бір бағытта өтетін болса және АВ заты диссоциацияланбаса, (27) – теңдеу мынандай екі теңдеуге ыдырайды:

                                                                       х-у=0

                                                                   1-х-у=0                                                  (28)

            2. Енді АВ2 заты түзілетін жағдайды қарастырайық,

                                                                А+2В↔ АВ2

Мұнда m=16 n=2, сонда (25) – теңдеу мынандай түрге келеді:

                                               К3х+3К2у-4(К-1)у3-2К2х-2Кху+

                                                    +4(К+1)у2+Кх-(К-1)у=0                                       (29)

Бұл теңдеу үшінші ретті гиперболаның теңдеуі. Егер К=∞ болса, (29) – теңдеу төмендегі теңдеулерге ыдырайды:

                                                      х-у=0 және (1-х-2у)2=0                                                  (30)

            Сонымен өнім шығымы изотермиясының теңдеуін мысалдар әрекеттесу заңына сүйеніп таптық. Енді өнім концентрациясы у мен жүйенің қасиеті Z арасындағы байланысты беретін теңдеуді қорытып шығарсақ, осы екі теңдеуден үшінші теңдеу құра – қасиет диаграммасының теңдеуін табамыз. Бұндай теңдеулерді зерттеуде көп үлес қосқан Қазақстан ғалымы М.И.Усанович болды.  

            5. Гетерогенді жүйелердегі химиялық тепе – теңдік.

            Реакцияға қатысатын заттардың әрқайсысы әр түрлі фазада болған жағдайдағы химиялық тепе – теңдікке мысалдар келтірейік:

                                      FeO(қатты)+ CO(газ) ↔Fe(қатты) + CO(газ)

       NH4Cl(қатты) ↔NH3(газ) + HCl(газ)

    Fe(қатты) + H2S(газ) ↔FeS(қатты) + H2(газ)

            Гетерогенді химиялық тепе – теңдіктер жалпы химиялық тепе – теңдік заңдарына бағынады. Соған сүйене отырып гетерогенді химиялық тепе – теңдікте массалар әрекеттесу заңын қолданайық.

Мына реакцияда:

                                        v1A1 + v2A2  + … ρ1В1 + ρ2В2 + ...↔

                                     ↔v’1A’1 + v’2A’2  +… ρ’1В’1 + ρ’2В’2 + ...   

 Aі – газды фазадағы компоненттер, олардың қысымы – Рі, ұшқыштығы – fі;  Вк – қатты не сұйық фазадағы компоненттер, олардың мольдік үлестері хк (активтілігі ак). Ыңғайлы болу үшін химиялық потенциалдардың қосындыларын екі топқа бөлеміз. Бірінші топты – і-индексімен белгілейік, олар газды фазадағы компоненттерге сәйкес, екіншісін k индекісімен белгілейік, олар сұйық не қатты фазадығы компоненттер. Жалпы тепе – теңдік шарты:

                                                           ∑vіμі + ∑ρкμк =0                                            (31)  

            Бұл теңдеуге   μі= μ0і(Т)+ RTlnfі  (газдар үшін) және μs =μ0к(Т)+RTlnак (сұйық, қатты фаза үшін) қойғанда;

∑vі μ0і(Т)+ ∑ρк μ0к(Т,Р)+ RT∑vі lnfі + RT∑ρк lnа=0                         (32)

 

 

Лекция 11

Гетерогенді химиялық тепе-теңдік. Химилық реакцияның гетерогенді жүйеге негізделген изотерма теңдеуі.

Дәріс жоспары

 

  1. Вант-Гофф изотермасы
  2. Химиялық тепе-теңдік константасының t-ға тәуелділігі
  3. Вант-Гофф изобарасы және изохорасы
  4. гетерогенді химиялық тепе-теңдікті есептеу әдістері

А, В, С, D идеал газдары арасында P=const, T=const жағдайында жүретін аА-вВсС-dD реакция үшін (1)

Вант-Гофф

  (2)  болатынын көрсет.

Мұнда - реакцияның Гиббс энергиясының өзерісі;

             - химиялық тепе-теңдік константасы(идеал газ үшін);

- реагенттердің бастапқы (тепе-теңдік емес) парциал қысымдары;

Массалар әрекеттесу заңының тұжырымдамасы: химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесуші заттардың стехнометриялық коэффициентіне тең дәрежемен алынған константаның көбейтіндісіне тура пропорционал.

Мысалы:  аА-вВсС-dD реакциясы үшін тура реакцияның жылдамдығы  , ал кері реакцияның жылдмдығы , мұндағы   - берілген t-дағы пропорционалдық коэффициенттер, - бастапқы әрекеттесуші заттардың концентрациялары (берілген уақыт мезетінде) , - реакция өнімділігінің концентрациялары

Егер реакция (1) V-const және T-const жағдайында өтсе

              ()

мұнда -реакцияның гельмгольц энергиясының өзгерісі, -тепе-теңдік константасы, - реагенттердің бастапқы (тепе—теңдік емес) концентрациялары.

(2) және () теңдеулер химиялық реакцияның изотерма теңдеуі немесе Вант-Гофф изотермиясының теңдеуі деп аталады.

Идеал газдар арасындағы реакция (1) V=const және T=const жағдайы өтсе, онда Гельмголц энергиясының өзгерісін 

() дәл осылай табуға болады

Егер барлық реагенттер стандартты күйде, яғни парциал қысымдары 1-ге тең  () немесе кон-ры  1-ге тең  () деп алынса, онда () теңдеудің екінші қосылғыштары 0-ге айналады.

Сонда         

   және    шамаларының жоғарғы жағындағы «0» индексі реагенттің берілген Т-да стандартты күйде алынғанын көрсетеді, оларды Гиббс не Гельмгольц энергияларының «стандартты өзгерісі » деп атайды.

Сонымен,   және мәндерін реакцияның изотерма теңдеуі бойынша анықтау арқылы химиялық реакцияның берілген t-дағы бағытын алдын ала анықтауға, ал  мен -тің стандартты өзгерісін білу

  теңдеулер бойынша берілген t-дағы химиялық реакцияның тепе-теңдік константасын анықтауға болады.

 

Химиялық тепе-теңдік константасының t-ға тәуелділігі. Вант- Гофф изобарасы және изохорасы

Жоғарыда көрсетілген аА+вВсС+dD реакция тұрақты қысымда жүргізіліп, t-ның өзгеруіне байланысты химиялық тепе-теңдік константасы қалай өзгеретінін анықтайық.

 (4) теңдеудегі -ді  парциал қысымдар () тұрақты екенін ескере отырып, t-ра бойынша дифференциалдағанда

   (5)

Термодинамикадағы Гиббс-Гельмгольц теңдеуі бойынша P=const жағдайда

   және           (6)

мұнда -химиялық реакция кезіндегі энтальпияның өзгерісі .

(6) теңдеуді (5)-ке қойсақ

 

+       және  =  (7)

Химиялқ тепе-теңдік константасының  () тұрақты қысымда  t-раға тәуелділігін көрсететін (7) –теңдеуі химиялық реакияның изобара теңдеуі немесе Вант-Гофф изобарасы деп аталады.

Егер реакция тұрақты көлемде (V=const) өтсе, онда дәл осы жолмен

=  (8) теңдеуін аламыз, мұндағы - химиялық реакция кезінде ішкі энергияның өзгерісі.

(8)-теңдеу химиялық реакцияның изохора теңдеуі немесе Вант-Гофф изохорасы деп атайды. Р-ның изохора теңдеуі сұйық ерітінділерде жүретін реакцияларға және газ емес заттардың раекциясына қолданылады.

Реал жүйелер үшін Вант-Гофф изобарасы мен изохорасы мына түрге келеді:

    және           (9)

 

Экзотермиялық реакцияларда () Вант-Гофф изобарасы

=<0, сондықтан    және    t-раның өсуімен азаяды.

Эндотермиялық реакцияларда () изобара теңдеуі

=>0, демек  t-раның өсуімен   және    өседі.

Егер реакцияның жылу эффектісі  болса, онда ==0, яғни   t-раға тәуелсіз, бұл жағдай t-раның өте аз аралықтарында ғана байқалады. Көбінесе , сондықтан t-раның өзгеруімен химиялық тепе-теңдік константасы да өзгереді.

 

Гетерогенді химиялық тепе-теңдіктің ерекшеліктері

Гетерогенді химиялық реакцияның реагенттері әр түрлі фазада болады. Мысалы, кальций корбонатының термиялық ыдырау CaCO =CaO реакциясында CaCO және CaO қатты фазалар, ал  CO -газ фазасын береді.

Сонымен бірге, төмендегі реакциялардың

 

бастапқы заттарымен өнімдері әр түрлі фазаны құрайды. Гетерогенді реакция жабық жүйеде тұрақты t-да өтетін болса бір мезетте ол химиялық тепе-теңдік күйге келеді. Мысалы, радиоактивті көмңртекпен байытылған барий корбанатын бөлме температурасында жабық ыдыста ақтайтын болсаң, біраз уақыт өткен соң қатты барий корбонаты мен тепе-теңдікте болатын, құрамында радиоактивті көміртегі бар  CO газы барын байқаймыз.

Химиялық тепе-теңдік динамикалық болатындықтан реакция тура бағытта да, кері бағытта да үздіксіз жүреді, нәтижесінде барий кобонатының диссициациясы кезінде түзілетін CO молекулалары ауадағы CO молекулаларымен алмасады.

Массалар әрекеттесу заңының гетерогенді тепе-теңдікті сипаттауын термодинамика тұрғысынан қарастырсақ, тепе-теңдікте Гиббс энергиясының өзгерісі  .

Осыдан

мұнда  , , ,  - химиялық тепе-теңдік орнағандағы соңғы және бастапқы реагендердің Гиббс энергиялары.

 - мұндағы  шамасы-гетерогенді химиялық тепе-теңдік константасы.

Фугитивтік және активтік арқылы өрнектелетін бұл константа t-рамен реагенттердің табиғатына тәуелді, ал қысым мен С-ға тәуелсіз.

Егер қатты немесе сұйық фазалар таза заттар болатын болса, онда тұрақты t-да таза заттардың активтігі тұрақты (1-ге тең) болатындықтан жоғарыдағы өрнекті ықшамдап жазсақ мына түрге келеді:

   (10)     мұнда  - реагенттердің тек парциал фугитивтігі арқылы өрнектелген гетерогенді химиялық тепе-теңдіктің константасы.

Егер газдарды идеал газдар деп есептесек, тепе-теңдік константасы реагенттердің тепе-теңдігі парциал қысымы арқылы өрнектеледі де  болады.

=

Мысалы: гетерогенді тепе-теңдікті төмендегі реакция бойынша қарастырамыз:

тепе-теңдік константасы (10) теңдеу бойынша былай жазылады:

                

енді

   деп, және     деп белгілесек (газды идеал газ деп есептеп)  =  , яғни берілген жағдайда гетерогенді тепе-теңдіктің константасы көмірқышқыл газының тепе-теңдік парциал қысымына тең, оны диссоциация қысымы деп атайды.

Мына реакцияның   тепе-теңдік константасы: =/   (егер  мен  СО идеал газ болса), мұнда  мен  -  және СО газдардың тепе-теңдік парциал қысымдары.

Мына реакцияның       үшін

     мұнда   және       -  пен    дың тепе-теңдік парциал қысымдары.

 

 

Лекция 12

Химиялық тепе-теңдік константасының

Температураға  тәуелділігі

Дәріс жоспары

 

                    1. Химиялық тепе-теңдік туралы түсінік. Орнықты химиялық тепе-теңдік күй

                    2. Жылжымалы тепе-теңдіктің Ле-Шателье-Браун принципі

                    3. Массалар әрекеттесу заңы және оның термодинамикалық негізделуі

       Тәжірибеден белгілі болғандай, сыртқы жағдайлардың тұрақты мәндерінде (мысалы, тұрақты температура мен тұрақты көлемде немесе тұрақты температура мен тұрақты қысымда) өтетін кез келген химиялық реакцияда реакцияның өнімі мен бастапқы заттарының                                                                                                       парциал   қысымдарының  (немесе концентрацияларының) берілген температурадағы катынасы белгілі бір уақытта тұрақты санға тең болады, бұл тұрақты шама температура өзгермейінше өзгермейді. Мұндай күй орнықты химнялық тепе-теңдік күй деп аталады, ал реагенттердің (бастапқы заттар және өнімдер) парциал қысымдары немесе концентрациялары химиялық тепе-тендік күйде тепе-теңдік парциал қысым немесе тепе-теңдік концентрация деп аталады. Химиялық тепе-тендік кезінде реакция тоқтап қалмайды — олар тура бағытта да, кері бағытта да жүріп отырады, бірақ тура реакциядағы барлық, реагенттердің парциал қысымдарының өзгеруі кері бағыттағы реакцияның әсерінен парциал қысымдардың өзгеруімен теңдеседі, яғни химиялық тепе-тендік динамикалық (қозғалмалы) болып табылады. Химиялық теде-теңдік күйге әртүрлі жолмен жетуге болады: жүйеге тек бастапқы заттарды енгізу не тек реакция өнімдерін енгізу арқылы, немесе реакция өнімдері мен бастапкы заттардың кез келген қоспасын еңгізу арқылы. Бұл жағдайлардың, барлығында біраз уақыт өткен соң реакцияның тура не кері бағытта жүруі нәтижесінде реагентердің парциал қысымдары тепе-теңдік мәнге ие болады. Егер, мысалы, йод буы мен газ күйдегі сутегінің кез келген мөлшерде алынған қоспасын араластырып, оны тұрақты температурада жабық, ыдыста ұстаса жүйеде мына реакция жүреді:

                                                  Н2 + І2 = 2НІ

  Бұл реакция (йодсутек түзілу реакциясы) заттардың (НІ, Н2 және І2) концентрациялары берілген температурада белгілі бір мәнге жеткенше (яғни реагенттердің концентрациясы тепе-тендік мәнге ие болғанша) жүреді, содан соң Н2, І2 және НІ концентрацияларының арақатынасында ешқандай өзгеріс болмайды. Бұл кезде реакция екі бағытта да жүреді, йодсутектің концентрациясының кері реакцияның нәтижесінде азаюы оның йод пен сутектің әрекеттесуі нәтижесінде пайда болатын концентрациясымен теңеседі, яғни уақыт бірілігінде қанша НІ түзілсе, сонша НІ кері ыдырайды.

  Осы  ыдысқа  Н2 мен  І2  емес,  тек  НІ  буын  еңгізіп  сол температурада   біраз уақыт байқаса, НІ-тын ыдырауы нәтижесінде газ күйдегі Н2 мен І2 бөлінеді. Бұл реакция НІ, І2 және Н2 концентрацияларының арақатынасы алдыңғыдай болғанша жүреді, содан кейін реагенттердің концентрацияларының өзгерісі байқалмайды.

  Осы ыдысқа енді Н2 + НІ қоспасын немесе I + НІ коспасын еңгізейік. Бұл жағдайларда да реакцияның тура немесе кері бағытта жүруі нәтижесінде ыдыста біраз уақыт өткен соң тұрақты температурада НІ, Н2 және I2 концентрацияларының арақатынасы алдыңғы қарастырылған екі жағдайдағыдай болады.

  Сөйтіп, химиялық тепе-тендік озінің қозғалмалылығымен сипатталады.

  Егер, мысалы, химиялық тепе-теңдік күйдегі жүйеге бір немесе бірнеше реагентердің қосымша мөлшерін еңгізсе, онда барлық реагенттердің концентрациясы реакцияның тура және кері бағытта өздігінен жүруіне байланысты өзгереді де, концентрациялардың арақатынасы тұрақты және берілген температураға тән мәнге ие болғанша реакция жүріп отырады. Бұл кезде химиялық тепе-теңдік реакция өнімдерінің немесе бастапқы заттардың түзілу бағытына қарай жылжиды (ығысады).

  Температура өзгерсе реагенттердің тепе-теңдіктегі парциал қысымдарының (концентрацияларының) арақатынасы да өзгереді, температура басқа бір тұрақгы температураға жеткенде біраз уақыт өткен соң реакцияның тура немесе кері бағытта жүруі нәтижесінде жаңа химиялық тепе-тендік орнайды, бірақ басқа температурадағы тепе-теңдікте парциал кысымдардың (немесе концентрациялардың) арақатынасы басқа мәнге тең болады.

Сөйтіп, химиялық тепе-тендік кез келген тұрақты температурада реакцияның өнімдері мен бастапқы заттарының тепе-теңдік қысымдарының немесе тепе-теңдік концентрацияларының белгілі бір тұрақты арақатынасымен сипатталады. Бұл жерде ерекше көңіл аударатын жай, реагенттердің тепе-теңдік парциал қысымдарының немесе тепе-теңдік концентрацияларының тек арақатынасының тұрақты болуы, ал реакцияның өнімдері мен бастапқы заттарының тепе-теңдіктегі парциал қысымдары немесе концентрациялары әр түрлі болуы мүмкін, олар жүйеге еңгізілген реагентердің мөлшеріне байланысты.

  Берілген реакцияның тұрақты температурадағы химиялық тепе-теңдік күйі заттардың бастапқы мөлшерлеріне байланысты әр түрлі жылдамдықпен орнайды.

  Кейде химиялық тепе-теңдік күйге тез жету үшін реагенттермен қоса басқа бөгде заттар — катализаторлар жүйеге қосылады. Олар реагенттердің тепе-теңдік концентрацияларының арақатынасын өзгертпей, реакцияның тура және кері бағытта жүруінің жылдамдығын бірнеше рет арттырып, тепе-теңдік күйдің орнауын тездетеді.

  Сөйтіп, химиялык, тепе-тендік күй тұрақты температурада реакцияның, өнімдері мен бастапқы заттарының парциал қысымдарының (немесе концентрацияларының) арақатынасының тұрақтылығымен, динамикалығымен (қозғалмалылығы-мен) және әр жақтан, мысалы, бастапқы заттар жағынан (реакиияны жүргізу үшін тек бастапқы заттар алынғанда) немесе реакцияның өнімі жағынан (жүйеге тек қана реакция өнімдері енгізілгенде) өздігінен тепе-теңдікке жететіндігімен сипатталады.

  Химиялық тепе-тендік күй реакцияны   газ фазада өткізгенде ғана емес, сонымен бірге ерітінділерде немесе кез келген гетерогенді

жүйелерде өткізгенде де орнайды.

Химиялық тепе-теңдікті алғаш рет зерттеушілердің бірі Н.Н. Бекетов. Ол калъций карбонатының сірке қышқылында еруінің қайтымды реакция екенін дәлелдеді (1868ж.).

               СаСО + 2СН3СООН <═> (СНзСОО)2Са + СО2 + Н2О

  Егер көмірқышқыл газының парциал қысымын Рсо2 тұрақты және 17 атм. тең етіп ұстаса, онда жүйеде тепе-тендік күй орнап, калъций карбонатының қышқылда еруі немесе оның тұнбаға түсуі байқалмайды. Ал Рсо2 < 17 атм болса онда кальций карбонатының еруі байқалады, егер Рсо2 >17 атм болса СаСО3 тұнбаға түседі.

  Гулъдберг және Вааге (1867ж.) массалар әрекеттсу заңы деп аталатын заңды ашты. Бұл заң тұрақты температурада химиялық тепе-теңдік күйге сапалық сипаттама беруге мүмкіндік береді. Вант-Гофф   (І883ж.)   химиялық  тепе-теңдікке  температураның   әсерін сандық жағынан сипаттады. Ле Шателье және Браун 1885-1886 ж. Ж. қозғалмалы тепе-тендікті ығыстыру (жылжыту) принципін ұсынды. Бұл принцип Ле Шателье — Браун принципі деп аталатыны белгілі. Бұл принцип былайша тұжырымдалады: егер тепе-теңдік күйдегі жүйеге сырттан әсер берілсе, онда жүйедегі процестср сол әсерді әлсірететін бағытқа қарай жүре бастайды да, тепе-теңдік сол бағытқа карай ығысады. Мысалы, температураның жоғарылауы тепе-теңдікті эндотермияльгқ процестің жүруі жағына қарай, ал температураның төмендеуі тепе-тендікті экзотермиялық процестің. жүру жағына қарай ығыстырады. Қысым жоғарылағанда жүйеде көлем азаюымен өтетін процестер,   ал   қысым   төмендегенде   көлем   үлғаюымен   өтетін процестер өздігінен жүре бастайды.

  Химиялық термодинамика  бұл кұбылыстарды  тек  сапалық жағынан негіздеп кана қоймай, сандық жағынан да сипаттайды.

        2. Химиялық тепе-теңдіктің термодинамикалық шарттары

  Химиялық реакция белгілі бір тұрақты жағдайда өтеді. Мысалы, реакция тұрақты сыртқы қысым мен тұрақты температурада, немесе тұрақты көлем мен тұрақты температурада және т.с. өтеді.

   Термодинамиканың бірінші және екінші заңдары бойынша, өздігінен жүретін процестердің шарттары болып мыналар есептеледі: процесс тұрақты сыртқы қысым (Р) мен тұрақты температурада (Т) өтсе Гиббс энергиясының (еркін энтальпия) ∆G азаюы; процесс тұрақты көлем (V) мен тұрақты температурада (Т) өтсе Гельмгольц энергиясының (еркін энергая)* ∆Ғ азаюы; процесс тұрақты сыртқы қысым (Р) мен тұрақты энтропияда (S) өтсе энталъпияның ∆Н азаюы; процесс тұрақты көлем (V) мен тұрақты энтропияда (S) өтсе ішкі энергияның ∆U азаюы; процесс тұрақты ішкі энергия (U) мен тұрақты көлемде (V) өтсе энтропияның ∆S өсуі.

G, Ғ, Н, U функциялары минимал мәнге, ал S функииясы максимал мәнге жеткенше   процесс өздігінен жүреді. Демек, тепе-теңдік   күйдің,   соның   ішінде   химиялық   тепе-тендік   күйдің, термодинамикалық критерилері (шарттары) былай жазылады:                                   

                     

                             dG═O, d2G>O; p═ const, Т═ const

                             dF═O, d2F>O; V═ const, Т═const

                             dH═O, d2 H>O; p═ const, S═ const

                             dU═O, d2U>O; V═ const, S═ const

                             dS═O, d2S<O; V═ const, U═ const

 

          3. Массалар әрекеттесу заңы және оның термодинамикалық

                                         негізделуі

   Гульдберг және Вааге ұсынған (1867 ж.) массалар әрекеттесу заңы кәзіргі кезде былай тұжырымдалады: химиялық, реакцианың жылдамдығы әрекеттесуші заттардың стехиометриялық коэффициенттеріне тең дәрежемен алынған концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционал.

   Мысалы, аА-bB<=>сС+dD (1) реакциясы үшін тура реакцияның жыл—дамдығы u1═kcА а cвb, ал кері реакцияның жылдамдығы u2 = k2 сссDd, мұндағы к1 және к2 - берілген температурадағы пропорциональдық коэффициенттер, сА, св-бастапқы әрекеттесуші заттардың концентрациялары (берілген уақыт мезетіндегі), сс, сD — реакция өнімдерінің концентрациялары (берілген уақыт мезетіндегі).

    Кейінірек бұл түрде тұжырымдалған массалар әрекеттесу заңы тек элементар (карапайым) реакциялар (яғни әрекеттесуші бөлшектердің тікелей соқтығысуы арқылы өтетін реакциялар) үшін ғана қолданылатыны айқындалды; элементар емес күрделі реакциялар    үшін    химиялық    реакцияның жылдамдығының математикалық теңдеуіндегі. концеңтрациялардың дәреже көрсеткіштері стехиометриялық коэффициенттерге тең емес, көптеген реакциялар үшін бұл көрсеткіштер өзгеше сандарға тең, яғни 1═ k1cАV2 cB  V2 және 2═ k2cD V3CE V4, мұнда V1≠а, V2≠ b, V3≠d, V4≠e.

     Кез келген реакцияның тура және кері бағыттағы жылдамдықтары бір-біріне теңескен кезде жүйеде химиялық тепе-теңдік күй орнайды.

     Тұрақты температура мен тұрақты көлемде өтетін жоғарыдағы реакция (1) элементар реакция болсын дейік. Сонда массалар әрекеттесу заңы бойынша тура реакцияның жылдамдығы u1═k1сАасвь, ал кері реакцияның жылдамдығы u2= k2ccccDd  . Тепетеңдік күй орнағанда u1═u2 яғни  k1cАаcBb ═ k2ccccDd ; '  

                                     k1/ k2═(СссСDd) / (САаСBb)

мұнда концентрациялардың барлығы - тепе-теңдік концентрациялар. Тұрақты температурада k1═ const, k2═ const болатындықтан, олардың қатынасы да тұрақты: k1/ k2 ═const.

     Бұл k1/к2 қатынасты Кс деп белгілейік, сонда

 

                              Kс═ (СссСDd ) / (САаСBb)                                         (2).

 

     Тепе-теңдіктегі реакцияның өнімдері мен бастапқы заттары концентрацияларыныңқ тұрақты температура мен тұрақты көлемде тұрақты шама, ол шама Кс - химиялық тепе-теңдіктің константасы немесе тепе-теңдік константасы деп аталады.

      Жоғарыдағы реакция (1) ерітіндіде өтетін болса қарапайым жағдайларда тепе-теңдік константасы (2)-теңдеумен өрнектеледі.

     Реал жүйелер үшін (2) - тендеумен анықталатын  kс шамасы тек температураға тәуелді емес, реагенттердің концентрациясына да тәуелді болатынын төменде көреміз.

     Химиялық тепе-теңдік константасының өрнегін термодинамика тұрғысынан негіздейік.

     Тұрақты сыртқы қысым мен тұрақты температурада реакиия (1) газ фазада өтсін дейік. Тепе-теңдік күйдің термодинамикалық критерилеріне сәйкес жағдайларда Гиббс энергиясының өзгерісі dG=0, немесе реагенттер толығымен әрекеттесуі үшін тепе-тендік күйде dG=0;  (1)-реакция үшін

                                       dG=(GС+GD)-( GА-GB)

 мұнда GД, GВ, GС, GD - А,В,G,D заттарының Гиббс энергиясы. Кез келген      1 молъ таза і заттың Гиббс энергиясы — осы заттың химиялық потенциалы μі:                

                                      μі═ μіο+RTlnf,                                                 (4),

мұнда (μіο — тұрақты температурада і заттың стандартты химиялық потенциалы,  fi — сол  температурадағы  осы  заттың  фугитивтігі (ұшқыштығы),    R — газ   тұрақтысы.    Қарастырылып   отырған реакцияның реагенттерінің химиялық потенциалдары:

                                 μА═ μАο+RTlnfА; μВο+RTlnfА

                                 μс═ μсο+RTlnfс; μDο+RTlnfD

     Ал (1) - реакцияға А затының а молі,   В затының Ь молі, С затының с молі, D затының d молі катысатындықтан:

                                G А=аμА= аμАο+аRTlnfА;

                                G в=bμв= bμвο+bRTlnfв;

                                Gс=сμс= сμсο+сRTlnfс;

                                G D=dμD= dμDο+аRTlnfD;

    Осы мәндерді (З)-теңдеуге қойып, стандарттық химиялық потенциалдардың бәрін бірінші жақшаға, ал логарифмы бар мүшелерді екінші жақшаға топтасақ, химиялық тепе-теңдік күй үшін келесі теңдеулер алынады:

(сμсο+ dμDο- аμАο- bμвο)+RT(clnfc+dlnfD-аlnfА-blnfв)=0

(сμсο+ dμDο- аμАο- bμвο) / RT+(ln(ƒcc·ƒDd) / (ƒАа·ƒВв) =0                                (5)

  Бұл (5)-теңдеудің сол жағы тұрақты температурада тұрақты шама, өйткені тұрақты температурада стандартты химиялық потенциалдар тұрақты. Бұл тұрақты шаманы lnКf - деп белгілейік:

 (сμсο+ dμDο- аμАο- bμвο) / RT = lnКf = const                                                  (6)

 

Олай болса,  lnКf = ln(ƒcc·ƒDd) / (ƒАа·ƒВв) , немесе Кf =(ƒcc·ƒDd) / (ƒАа·ƒВв)  (7)

 

  Газ фазада өтетін реакция үшін оның тепе-теңдік фугитивтіктері (ұшқыштықтары) арқылы өрнектелген Кf шамасы химиялық тепе-теңдіктің константасы немесе, химиялық тепе-теңдіктің нақты термодинамикалық  константасы  деп   аталады.    Кf химиялық реакцияның табиғатына    (реагенттердің табиғатына) тәуелді, және температураның тұрақты кезінде тұрақты шама.

  Кез келген і газдың фугитивтігі fі оның парциал қысымымен байланысы, яғни fі = ҮіРі;, мұнда Үі — і газдың фугитивтік коэффициенті.

Сонда  fА  =ҮАрА, fВ = ҮвРв,      fс = ҮсРс, fD = ҮDРD,

 

   Кf ═ (РссРDd) / (рАаРвв) ·  (ҮссҮDd) / (ҮАаҮВб ), мұндағы парциал қысымдар —                                                          

тепе-теңдік парциал қысымдар. Енді Кр═(РссРDd) / (рАаРвв)              (8) және

   Кү═(ҮссҮDd) / (ҮАаҮВб ) деп белгіле, мына теңдеуді аламыз: Кf ═ Кр·Кү, мұнда Кр — парциал қысымдардың функциясы, Кү - фугитивтік коэффициенттерінің функциясы.

  Фугитивтік   коэффициент   парциал   қысымға,   ал    Кf-температураға    тәуелді    болатындықтан,     Кf ═Кр / Кү    өрнегі температураға да, парциал қысымға да тәуелді.

  Идеал газдар үшін ү=1, fі =Рі, яғни идеал газдардың тепе-теңдік реакциясы үшін Кр ═ Кf.

 Төмендегі  реакциялардың  үшін  тепе-теңдік  константасының теңдеулерін жазайық:

      Ν2+3Η2═2ΝΗ3                                             КP═P2 ΝΗ 3 / PΝ2·P3Η2

      2Η2+ О2=2Н2О                        КP═P2 Η2O / P2 Η 2 · P O2

      Η2+I2═2НI                             КP═P2 ΗI / P Η2 · PI2

мұндағы парциал қысымдардың бәрі тепе-тендік парциал кысымдар. Егер осы реакциялар кері бағытта жүретін болса, олардың тепе-

теңдік константалары К"р келесі түрде жазылады:

       2ΝΗ3═Ν2+3Η2                   К"р ═PΝ2 · P3Η2 / P2ΝΗ3

      2Η2═O2═2Η2+O2              К"р ═P2 Η2 · P O2 / P2 Η2O

      2ΗI═ Η2+ I2                     К"р ═P Η2 · P I2 / P2 ΗI

яғни К"р ═ 1/К р

сөйтіп тепе-теңдік константасының сандық мәні реакция теңдеуінің жазылу түріне байланысты, сондықтан тепе-теңдік константасының сандық мәнін бере отырып, оған сәйкес келетін реакцияның теңдеуін де көрсету қажет.

Егерде реакция (1) тұрақты көлем (V=соnst) және тұрақты температура (Т=соnst) жағдайында өтсе, онда тепе-теңдік күйдің термодинамикалық критерийлеріне сәйкес тепе-теңдік орнағанша Гельгольц энергиясының өзгерісі dҒ=0. Жоғарыда келтірілген қорыту жолдарын қолдана отырып, массалар әрекеттесу заңының теңдеуін мына түрде алуға болады:

                                  Ка═ (асс·а Dd)/(аАа·аВb)

мұнда аА, ав, ас, аD — А,В,С,D заттарының тепе-тендік активтіктері, Ка-реагенттердің тепе-теңдік активтіктері арқылы өрнектелген

химиялық тепе-тендік константасы. Ка реакцияның табиғатына (реагенттер табиғатына) және температураға тәуелді, ал реагенттердің концентрациясына тәуелсіз. (9) - теңдеу сұйық ерітінділерде өтетін реакциялар үшін қолданылады, яғни А,В,С,D заттарының ешқайсысы газ түрінде болмауы және реакция барысында газ заттардың бөлінбеуі не сіңірілмеуі қажет.

  Кез келген і заттың активтігі оның концентрациясымен былай байланысты:     аі═ ץі  · сі ,мұнда    ץі – активтік коэффициенті.  Қарастырылып   отырған   жағдайда: аА═ үАсА, аВ═ үВсВ, аС═ үСсС, аD═ үDсD. Демек

 Ка═(СссСDd ) / (САаСBb) ═ (ҮссҮDd) / (ҮАаҮВb ),                                    

 мұнда     реагенттердің бәрінің концентрациясы   тепе-теңдік концентрациялар.

Сонда:

      Кс═(СссСDd ) / (САаСBb) және Кץ═ (ҮссҮDd) / (ҮАаҮВb ), деп   белгілесек,

      Ка═ Кс · Кץ , мұнда Кс – концентрацияның функциясы, ал Кץ- активтік коэффициенттің функциясы.

  Активтік коэффициент концентрацияға, ал Ка – температураға тәуелді,    сондықтан     Кс═Ка/ Кץ --  температураға    және концентрацияға тәуелді. Аса сұйылтылған сұйық ерітінділер үшін Сі—>0, ץі—>1, сі —>аі,  яғни мұндай ерітінділер үшін концентрацияның сандық мәні оның активтігіне тең. Ендеше

 Lіm Кс ═ Ка

C3—>0

яғни аса сұйылтылған ерітінділер үшін

Кс ═(СссСDd ) / (САаСBb) ,                                                                          (10)               

мұнда Кс - химиялық тепе-теңдіктің константасы, ол химиялық реакцияның табиғатына және температураға тәуелді.

  Жоғарыда      қарастырылған    реакциялардың  тепе-теңдік константасының ( Кс) теңдеулерін жазайық:

      Ν2+3Η2═2ΝΗ3                                    Кс═С2ΝΗ3 / СN2·СΗ2

      2Η2+ О2=2Н2О                  Кс═С2Η2O / С2 Η2 · СO2

      Η2+I2═2НI                        Кс═С2ΗI / С Η2 · СI2,

мұндағы концентрациялардың  бәрі — тепе-теңдік концентрациялар. Кр сияқты, Кс -ның да сандық мәні реакция теңдеуінің түріне тәуелді. Мысалы, осы реакцияларды басқа стехиометриялық коэффициенттермен жазсақ, онда тепе-теңдік константасының (Кс) сандық мәні басқаша болады:

  1/2 N2+3/2Н2═ ΝΗ3,           К´с═СΝΗ3 / С1\2N2·С3\2Η2

   H2+1/2O2-H2O                   К´с═СΗ2O / С2 Η2 · С1\2O2

  1/2H2 + 1/2I2 ═ НI             К´с═СΗI / С½ Η2 · С1\2I2

 

    Осыдан    К´с ═ Кс½  Егер   кері   реакцияның  тепе-теңдік константасын   К"с деп белгілесек К"с ═ 1 / К с , мысалы

2ΝΗ3═3Η2+ Ν2        К"с     ═   С N2 ·  С3Η2  / С2ΝΗ3   т.с.с.

     Реалды сұйық жүйелер үшін Кс -ны кейде концентрациялық немесе "байқалмалы" тепе-теңдік константасы деп атайды, өйткені оның мәні реагенттердің концентрацияларына аздап тәуелді болады.

   Жоғарыдағы (10)-өрнектегі концентрация көлемдік концентрация (моль/л), немесе рационалдық концентрация хі (яғни, і реагенттердің мольдік үлестері). Активтікті (аі) көлемдік немесе рационалдық концентрациямен байланыстыратын активтік коэффициентінің мәні әр түрлі болады. 1О-тендеуді рационалдық концентрация арқылы өрнектегенде. Ол мына түрге келеді:

К х═ ( хсс · х Dd) / (хАа·хBb) (П) мұнда   хА,  хB,  хс,  хD  -  А, В, С,  заттарының  рационалдық концентрациялары. Кейде К х -ты да тепе-теңдік константасы деп атайды, бірақ, бұл шама константа (тұрақты) бола алмайды, себебі ол жалпы қысымға тәуелді.

 

 

Лекция 13

Термодинамиканың үшінші заңы

Дәріс жоспары

  1. Нернстің жылу теориясы.
  2. Абсолюттік нольге жақын t-дағы заттардың қасиеттері.
  3. Абсолюттік нольге жетпеу принцпі.

Абсолютті нольге жақын t-да әр түрлі жүйелердің қасиеттерін зерттеу нәтижесінде Нернст өзінің жылу теориясын ұсынды. Бұл теорема термодинамиканың 3-ші заңының негізі.

      Гиббс-Гельмгольцтың теңдеуін қарастырайық:

-(ΔF)T=-(ΔU)T-T(υF/υT)v

            Бұл теңдеуді шешу үшін изохоралық-изотермиялық потенциалды мына теңдеуден табуға болады:

ΔF= ΔU-ТΔS

            Термодинамиканың 1-ші заңындағы (υΔU/ υТ)v= ΔCv екені белгілі. Осыған байланысты энтропияның өзгерісі:

(υΔS/υТ)v=ΔCv/T сонда ΔF= ΔU0-ТΔS0+ ΔCvdT-T0(ΔCv/T)dT

Бұл жерде ΔU0 мен ΔS0- абсолютті нольдегі энтропия мен ішкі энтропияның өзгерісі. Ішкі энергияның өзгерісі тұрақты көлемдегі энтропияның жылу эффектісіне тең, сондықтан оны тікелей өлшеп алуға болады.

            Бертло және Томсон принцпі бойынша химиялық ынтымақтықты Гиббстің еркін энергиясы ΔG не Гельмгольцтің еркін энергиясының ΔҒ азаюымен өлшенеді.

            Температура нольге ұмтылғанда (Т→0) туынды υ(ΔҒ)v/υТ нольге ұмтылады, демек

lim(υ(ΔҒ) v/ υТ)=0

бұл теңдеуді график түрінде көрсетсек

ΔҒ=f(T),   ΔU= f(T),   ΔG= f(T)

ΔH=f(T),   Qv= f(T),   A= f(T)    қисықтарына жүргізілген жанама біреу ғана болып және абсцисса өсіне параллель өтеді

            Сөйтіп Нернстің жылу теоремасы бойынша жүргізілген қисықтар бір нүктеде кездесіп, олардың жанамасы осы нүктеден абсцисса өсіне горизонталь өтеді.

            ΔU қисығындағы кез-келген А нүктесінен өстерге паралель АС және АВ сызықтарын жүргізейік. АВС үшбұрышынан tgL=AB/AC=( ΔU- ΔҒ)/ ΔT. Гиббс-Гельмгольц теңдеуін ескерсек tgL=- (υΔҒ/υТ)v  демек, CN сызығы ΔҒ  қисығындағы В нүктедегі жанама. Осындай ΔU және ΔҒ қисықтарының геометриялық қасиеттерін пайдаланып Гиббс-Гельмгольц теңдеуі бойынша графиктік әдіспен химиялық ынтымақтықты табуға болады.

            Нернст жылу теоремасынан абсолютті нольге жақын температурадағы энтропияның қасиеттері туралы салдар шығады. Еркін энергияны беретін теңдеуді ΔҒ= ΔU-ТΔS температура бойынша дифференциалдасақ:

dΔҒ/dT=υΔU/υТ-TdΔS/dT-ΔS

Осыдан Т→0 жағдайда теңдеу limΔS=0

              Т=0 жағдайда изотермиялық процестің энтропиясы өзгермейді

ΔS=S2-S1=0 осыдан S1=S=S0=const

            Планк пастулаты бойынша температурасы абсолюттік нольге жеткенде кристалдық заттардың энтропиясы нольге тең болады.

SТ=0

 

Абсолюттік нольге жақын температурадағы заттардың қасиеттері

            Термодинамиканың 3-ші заңынан заттардың қасиеттері туралы бірнеше салдарлар шығады.

  1. Абсолюттік нольде заттардың меншікті немесе мольдік жылу сиымдылықтары Ср және Сv нольге тең.

Сv=(υU/υT)v және Cp=(υH/υT)p

lim(υF/υT)v=lim(υU/υT)v=0 теңдеу бойынша

limСv=0 сол сияқты lim(υH/υT)p=0 осыдан

limCp=0

  1. Абсолюттік нолде заттардың термиялық ұлғаю коэффициенті (L) нольге тең (V=const)

Максвелл қатынасын қолдансақ

(υS/υP)T=(υV/υT)p

V0lim(-L)=lim(-υV/υT)p=0

  1. Қысымның термиялық коэффициенті (γ) абсолбттік нольге және тұрақты көлемде нольге тең Максвелл қатынасынан

(υS/υV)T=(υP/υT)v   бұдан

P0lim(γ)=lim(-υP/υT)v=0

Осыдан абсолюттік нольге жақындағанда қысым және көлем температураға тәуелсіз екнін көреміз.

 

Қорытынды

      Абсолюттік нольге жақындаған қатты заттардың қасиеттерінің көбі температураға тәуелсіз болады.

 

 

Лекция  14

    Гиббс жүйесінің  (фаз) ережесі

Бір компонентті жүйенің диаграммалық жағдайы

Дәріс жоспары:

 1.Бір компонентті жүйелер үшін Гиббстің фазалар ережесі.

 2.Бір компонентті жүйелердің күй диаграммасы.

 3.Күкірттің күй диаграммасы.

 4.Энантиотропия және монотропия.

     

      Бір компонентті жүйелер үшін Гиббстің фазалар ережесі (егер жүйеге t –ра мен қысым ғана әсер ететін болса) былай жазылады.

                    E=1-φ + 2 = 3 –φ

      Бұл теңдеуден 1 компонентті жүйелеуге бір мезгілде үштен артық фаза m – теңдікте болмайтынын кореміз (φ үштен артық болса  Е теріс болып кетеді).

      Фазалардың соңына қарай жүйе дивариантты (φ=1;Е=2), моновариантты (φ=2; Е=1) және инвариантты (вариантсыз бұзбай отырып екі параметрді (Т және Р) бірдей өзгертуге болады. Заттардың әр түрлі агрегаттық (қатты, сұйық,бу) күде болуы сыртқы қысым мен t – ға байланысты болатындықтан дивариантты жүйенің бір фазалық күйін сақтау үшін қысым мен t – ны белгілі бір шекке дейін ғана өзгерте аламыз. Егер өзгерту шектен шығып кетсе жүйенің варианттылығы бұзылып, фазалардың саны өзгереді. Моновариантты жүйеде екі фазалық күйді сақтай отырып бір ғана параметрді (не t–ны,не Р –ды) өзгерте аламыз. Инвариантты жүйенің m- теңдігі (үш фазалық m- теңдік) қысым мен t – ның белгілі бір тұрақты мәндеріне ғана болатындықтан олардың яғни (Р және Т)ешқайсысын да өзгертуге болмайды, жүйе вариантсыз.

                                         (Е=0)

    

         Бір компонентті жүйелердің күй даграммасы.

     Бір компонентті жүйелердің фазалық күйін анықтайтын параметрлер: Т,Р және V. Бұл параметрлердің мәндерін координата осьтеріне (Х,Ү,Z – осьтері) салсаң жүйенің күйін көрсететін көлемдік диаграмманы аламыз. Бірақ көлемдік диаграммаларды тұрғызу және оларды практикада пайдалану қолайсыз. Сол себепті бір компонентті жүйенің күйін көрсету үшін көбінесе жазық диаграммалар қолданылады. Жазық диаграмма көлемдік диаграм-аның Р- Т жазықтығына түсірілген проекциясы болып табылады. Жазық ди-граммаларда жүйенің фазалық күйін анықтайтын параметрлер Р мен Т, ал жүйенің көлемі – олардың функциясы. Бұл компонентті жүйенің күй диаг-аммасында жүйелердің бір фазалық күйі жазықтықпен, екі фазалық күйі сыз-қпен, үш фазалық күйі нүктемен анықталады. Жазықтықтар мен сызықтар – жүйенің фигуратив нүктелерінің орны.

     Фигуратив нүкте деп – Р мен Т мәндерінің түйіскен нүктелерін айтады. Күй диаграммаларының жүйеде неше фаза болатынын фазалардың химиялық табиғатын және олардың бір – біріне айналу шектерін көруге болады.

     Судың күй диаграммасы. Су күйінің төмен қысымдағы жазық диаграмма-сы   көрсетілген

      

 

 

 

 

 

 

 

 


      Диаграммада ОА,ОВ және ОС сызықтары судың  екі фазалық күйлерін, О нүктесі үш фазалық күйін көрсетеді. ОА сызығы мұз бен оның қаныққан буының m – теңдігін көрсететін, Клапейрон – Клаузиустың теңдеуімен анықталатын қисық;

      Ол мұздың қаныққан бу қысымы  мен t– ра арасындағы тәуелділікті бейнелейді. ОВ сызығы судың қатты (мұз) және сұйық күйлерінің m – теңдік қисығы; бұл қисық мұздың балқу t- расының сыртқы қысымға тәуелді өзгерісін бейнелеп, Клайперон – Клаузиустың

                      dP/dT = ΔΗбалқ. / Tбалқ.(V(c)-V(қ))  теңдеуімен анықталады.Диаграммада ОС сызығы су және судың қаныққан буының m – теңдік қисығы; ол судың қаныққан бу қысымы мен қайнау t – расының арасындағы байланысты көрсетіп, Клапейрон – Клаузиустың

                     dP/dT=ΔΗбул(Тқайн.(V(бу)-V(с)) теңдеуімен анықталады. ОА,ОВ,ОС қисықтары бір – бірімен О нүктесіне қиылысып тұр және О нүктесін үштік нүкте деп аталады. Бұл нүктеге сәйкес келетін қысым мен (Р =610,48Па) t- да (Т=273,16К) су үш түрлі агрегаттық күйде (мұз, су, бу) болады. ОА,ОВ,ОС сызықтары диаграмманы үш бөлікке (жазықтыққа ) бөледі. Жазықтықтың әр қайсысы әр күйіне сәйкес t- ра мен Р- ның мәндерін көсетеді. Жоғары қысымдар мен төмен t- ра су мұз күйінде, жоғары Р- мен жоғары t- да – сұйық, ал төмен қысымдарда бу күйінде болады.

     Су диаграммасының көптеген басқа сұйықтардың диаграммасынан ең басты айырмашылығы ОВ қисығының (балқу қисығы) қысым осіне (Р осіне) көлбеу жатуында.

              Күкірттің күй диаграммасы.

         Энантиотропия және монотропия.

     Ромбалы күкіртпен моноклинді күкірттің химиялық потенциалдары олардың қаныққан буларының химиялық потенциялымен анықталады.

µSp = µ°+RT ln PSp және µSм=µ°+RT ln PSм 

 Бұл екі теңдеудегі µ° мәні бірдей t- да бірдей,сондықтан химиялық потен-циалдың мәні қай модификациясының қаныққан бу қысымы көп болса, соны-сы үшін жоғары болады.

     Ромбалы күкіртпен моноклинді күкірттің бу қысымының қисықтары – АВО және В'ВС бір – бірімен В нүктесінде қиылысады. В нүктесі сұйық күкірттің бу қысымы қисығынан (КСО қисығы) төмен жатыр. А d 95,5ºС- ден жоғары t- да (мысалы ,t2) ромбалы күкірттің бу қысымы ионоклинді күкірт-тің бу қысымынан көп болғандықтан фазалық айналу кері бағытта жүреді: Sp –›Sм. Екі түрлі кристалдың модификациясының сыртқы жағдайларға байлан-ысты бір – біріне өздігінен тура және кері бағытта айналуын энантиотропты түрлену дейді.

     Заттар белгілі бір t – да бірнеше фазалық түрленуге ұшырайтын болса, олар алдымен тұрақтылығы аздау фазаға, содан соң барын тұрақты фазаға айналады яғни бұл Оставальд ережесі деп аталады.

     Табиғаттағы кейбір полиморфты модификациялар барлық t- да тұрақсыз болады. Мұндай жағдайларды фазалық айналулар бір бағытта жүреді, тұрақ-сыз модификациялар тұрақты модификацияларға айналады. Мұндай айналу-ды монотропты түрлену дейді.

     Кейбір заттар үшін екі түрлі кристалдың модификациясының бу қысымы қисықтарының қиылысу нүктесі заттың сұйық күйінің бу қысымы қисығынан жоғары жатады. Мысалы, бензопенаның (С6Н5)2СО күй диаграммасын қа-растырсақ диаграммада АО,ВО,КО қисықтары β – бензофенонның екі түрлі фазасының m – теңдіктерін көрсетеді. ά бензофенон тұрақсыз модификация сондықтан ол өздігінен β бензофенонға айнала алады, ал керісінше айналу мүмкін емес. β – бензофенонмен ά – бензофенон кристалдарының буымен m теңдігін беретін АО және А'О' қисықтары бір – бірімен С нүктесінде қиылыс-ады. Қатты заттар балқу t – нан жоғары аса қызбайтындықтан қисықтардың СО және СО' бөліктері тәжірибе жүзінде алынбайды. Олай болса барлық  t- да ά – бензофенонның химиялық потенциялы (қаныққан бу қысымы) β – бензофенонның химиялық потенциялынан жоғары.

                                            

 

                                                                                  

Лекция 15  

Химиялық қосылыс түзбейтін екі компонентті жүйелердің балқу диаграммасы.

Дәріс жоспары

1. Екі компонентті жүйе

2. Екі компонентті жүйелердің балқу диаграммасы

3. Қатты ерітінді түзетін екі компонентті жүйелердің балқу диаграммасы

4. Қатты ерітіндінің үзіксіз қатьарын түзетін жүйелердің балқу диаграммасы

5. Қатты ерітіндінің үзікті қатарын түзетін жүйелердің балқу диаграммасы

    Екі компонентті немесе бинарлы жүйелер үшін гиббстің фазалар ережесі жалпы түрде былай жазылады:

                                     Е = 2 – ф + 2 = 4 – ф

     Т – теңдікте бір мезгілде төрт фаза болатын болса жоғарыдағы теңдеу бойынша жүйе инвариантты болады (ф=4; Е=0). Төрт фазалы т – теңдікті көрсететін нүктені төрттік нүкте деп аталатын жүйеде үш фазаның т – теңдігі болса, ондай жүйе моновариантты (ф=2; Е=2); бір фаза болса травариантты (ф=1; Е=3) болады.

    Екі компонентті жүйелердің күйін анықтайтын параметрлердің жалпы саны үшке тең, олар1, т және бір компоненттің С-сы Х1 мұндағы Х1 – компоненттің массалық немесе мольдік үлесі. Жүйенің фазалық күйін осы үш параметрдің байланысын беретін үш өлшемді көлемдік диаграммамен көрсетуге болады. Кеңістіктегі x,y,z – осьтерінің х – осіне (абцисса осі) жүйе құрамын, y пен z осьтеріне температура мен радиусы саласы. Жүйенің құрамы компоненттердің массалық немесе мольдік үлестермен алынады.

    Сонымен қатар, жазық диаграммалар арқылы температура мен жүйе құрамы арасындағы (р=const) немесе қысым мен жүйе құрамы арасындағы байланыс (т=const) бейнеленеді. Р-ң немесе Т-ның тұрақты жағдайдағы фазалар ережесі былай жазылады.

                                           Е = 2 - ф + 1 = 3 – ф

Химиялық қосылыс түзбейтін екі компонентті жүйелердің балқу диаграммасы.

       Балқу, кристалдану құбылысы кезінде жүйеде қатты сұйық тепе теңдігі орнайды. Бұлар конденсацияланған жүйелерге жатады. Конденсацияланған жүйелерде бұл фазасы жоқ болғандықтан Р – тұрақты деп есептелінеді. Балқу кезінде жүйенің балқу температурасының оның құрамына байланысты өзгерісін көрсететін диаграмманы балқу диаграммасы немесе фазалық диаграмма, ал жалпы алғанда күй диаграммасы деп атайды.

    Балқытқан кезде компоненттері бір-бірімен реакцияласпайтын жүйенің балқу диаграммасы қарапайым болады. Екі заттың қоспасын қыздырып балқытып, оны қайтадан суытқан кезде заттар қоспадан таза күцінде жеке кристалға түседі. Мұндай заттар балқып сұйық күйінде бір – бірінде ерігенімен қатты күйінде мүлдем ерімейді. Екі заттың қоспасы балқу температурасына тең температурада екі фаза күйінде болады, олар сұйық балқыма және екі компоненттердің біреуінің кристалы. А және В компоненттерінен құралған екі компонентті жүйенің балқу диаграммасының қарапайым түрі суретте көрсетілген. Абцисса осіне жүйенің құрамы Х0, ордината осіне балқу температурасы Т салынған. Т0А және Т0В таза А және В компоненттерінің балқу (кристалдану) температуралары. Т0А және Т0Внүктелерінде зат екі күйде сұйық және кристал күйінде болады, яғни сұйық фазамен қатты фазаның тепе – теңдігі орнайды. Бұл нүктелерде жүйенің варианттығы нольге тең (Е = 1 – 2 + 1 = 0).

    Балқу температурасынан жоғары температурада зат тек сұйық күйде, ал төмен температурада тек қатты күйде болатындықтан бұл температурада жүйе бір фазалы, моновариантты (Е = 1 – 1 + 1 =1) Диаграммада Т0А Е қисығы А және В

заттары қоспаларын суытқанда А компонентінің кристалға түсу қисығы, ал Т0В Е қисығы қоспалардан В компонентінің кристалға түсу қисығы. Бұл екі қисық бүкіл жүйенің балқу температурасының жүйе құрамына тәуелділігін бейнелейді, оларды ликвидус қисықтары деп атайды. (сұйық деген).

    Диаграммада СД сызығы солидус қисығы деп аталады. (қатты деген мағына). Ликвидус қисықтарынан жоғары жатқан температурада жүйе тек сұйық күйде болатын болса, солидус қисығынан төмен жатқан температурада жүйе тек қатты күйде болады. Ликвидус және солидус қисықтарының қиылысу нүктесін             (Е нүктесі) эвтетика нүктесі дейді. Бұл нүктеге сәйкес келетін температураны (ТЕ) эвтетикалық температура, ал құрамды (ХЕ) эвтетикалық құрам немесе эвтетикалық қоспа деп атайды. Эвтетикалық температура жүйенің балқу температурасының ең төмен мәні. Эвтетикалық қоспа дегеніміз А және В компоненттерінің өте ұсақ кристалдарының механикалық қоспасы. Эвтетикалық қоспа басқа құрамдағы қоспаларға қарағанда  тез балқитындықтан практикада кең қолданылады. Мысалы, қалайы мен қорғасынның эвтетикалық қоспасы дәнекерлеу жұмыстарында қолданылады.

    Тепе – теңдіктегі сұйық балқыма мен кристалдың құрамдарын көрсететін екі нүктенің арасын қосатын түзуді (мысалы n l түзуі) нода деп атайды. Нода дегеніміз тепе – теңдіктегі екі фазаның құрамдарын қосатын түзу.

    Балқу диаграммасындағы гетерогенді бөліктерге нодалар жүргізу арқылы, рычаг ережесін қолданып тепе – теңдіктегі екі фаза мөлшерлерінің қатынасын анықтауға болады.

     Эвтетикалық нүктеде (Е нүктесі) жүйе үш фазалы, олар сұйық балқыма, А затының кристалы және В затының кристалы. Жүйенің үш фазалы күйі температура мен жүйе құрамының бір ғана мәндерімен (ТЕ және ХЕ) анықталады, яғни эвтетикалық нүктеде ешқандай параметрді өзгертуге болмайды, жүйе инвариантты (Е = 2 – 3 + 1 = 0).

    Балқу диаграммасының қарапайым түріне мысал ретінде екі металдан, мысалы сүрме және қорғасыннан тұратын жүйенің балқу диграммасын қарастырамыз. Сүрме – қорғасын жүйесінің балқу диаграммасы көрсетілген.

Диаграммадан сүрменің балқу температурасы 903, ал қорғасындікі 600к екенін көреміз. Балқу температурасынан жоғары температурада сүрмемен қорғасын сұйық күйде , ал төмен температурада қатты (кристал) күйде болады. Сүрмемен қорғасынның әртүрлі құрамдағы қоспаларын қыздырып балқытып, балқымаларды қайтадан суытсақ Т0В Е қисығы бойымен қорғасын кристалданып, олардың кристалдану (балқу) температуралары осы қисықтар бойымен төмендейді. Диаграмманың бір бөлігінде (ликвидус қисықтарынан жоғары жатқан бөлік) барлық қоспалар сұйық балқыма күйінде болады. Температура ликвидус қисығына дейін төменде сүрме немесе қорғасын кристалдана бастайды, солидус (ef) қисығына жеткендебалқымалар түгел қатты күйге айналады. Мысалы: құрамы ХА қоспаны балқытып температурасы А нүктесіне жеткеннен кейін қайтадан суытайық. Қоспаның температурасы төмендеп В нүктесіне (кристалдана бастау қисығына) жеткенде балқымадан таза сүрме кристалға түсе бастайды. Температура одан әрі төмендеген сайын сүрменің кристалдары көбейіп, сұйық балқыманың құрамы ВЕ қисығы бойымен өзгереді (сұйық балқыманың құрамында сүрме азайып, қорғасын көбейеді). Сөйтіп диаграмманың ІІ бөлігінде сүрме кристалдары сұйық балқымамен т – теңдікте болады. Қоспаның температурасы с – нүктесіне (солидус қисығына) жеткенде балқыманың құрамы эвтетикалық құрамға (ХЕ), ал температурасы эвтетикалық температураға            (ТЕ = 5190) теңеседі де сүрме мен қорғасынның эвтетикалық қоспасы кристалға түседі. Температура С-нүктесінен төмендегенде бастапқы қоспа (ХА) түгел сұйық күйден қатты күйге айналады (ІV бөлік) сол сияқты таза қорғасынға сүрмені қосып, алынған ХА қоспаны балқытып температурасын А1 нүктесімен В1 нүктесіне дейін төмендетсек, балқымадан таза қорғасын бөлініп кристалға түсе бастайды. Жүйе екі фазалы күйге көшеді (ІІІ бөлім). Температураның одан әрі төмендеуімен сұйық балқыманың құрамы В1Е қисығы бойымен өзгеріп эвтектикалық құрамға теңескенде температура С1 нүктесіне дейін төмендейді. Температура одан әрі төмендегенде бастапқы қоспа (ХА1) түгел қатты күйге айналады (ІV бөлім).

    Эвтектикалық қоспа таза заттар сияқты тұрақты температурада балқиды (кристалданады).

Конгруэнтті балқитын қосылыстар түзетін екі компонентті жүйелердің балқу температурасы.

    Жүйе компоненттері бір – біріне балқып еріген кезде олардың химиялық реакцияға түсуі жиі байқалады. Реакция нәтижесінде түзілетін қосылыс бастапқы алынған компоненттерге ыдырамайтын тұрақты қосылыс болса, оны конгруэнтті балқитын қосылыс деп атайды (бірдей болу деген мағына) конгруэнтті балқитын қосылыстар балқыған кезде Т – теңдіктегі қатты және сұйық фазалардың құрамдары бірдей болады.

Суретте конгруэнтті балқитын қосылыс түзетін екі компонентті жүйенің балқу диаграммасы берілген. Мд мен рв химиялық әрекеттесіп рв мд2 қосылысын түзеді. Сондықтан Мд мен қорғасын қоспаларының балқымасын суытқан кезде жалпы алғанда үш қатты фаза кристалға түседі, олар бастапқы алынған компоненттер Мд және рв кристалдары мен химиялық қосылыс –

тың Рв Мд2 кристалы. Жүйеде екі эвтектикалық нүкте және екі солидус қисықтары пайда болған. Диаграмманың әр бөліктеріндегі жүйенің фазалық күйлерін жоғарыда қарастырылған қарапайым жүйелердің балқу диаграммаларындағы сияқты оңай анықтауға болады. Ликвидус қисықтарынан жоғары жатқан бөлікте жүйе бір фазалы (сұйық балқыма) яғни бивариантты: ликвидус және солидус қисықтарымен қоршалған бөліктерде жүйе екі фазалы (сұйық балқыма + кристалл), моновариантты; солидус сызықтарынан төмен жатқан бөліктерде жүйе екі фазалы (Мд + РвМд2 кристалдары; РвМд2 + Рв кристалдары), моновариантты. Диаграммадағы С нүктесі дистектика нүктесі деп аталады.

Қатты ерітінді түзетін екі компонентті жүйелердің балқу диаграммасы. Қатты ерітінділер және олардың жіктелуі.

    Кейбір заттардың қоспаларын қыздырып балқытып, балқыманы суытқан кезде бастапқы заттар таза күйінде кристалға түспей, біртекті (гомогенді) қатты қоспа түрінде кристалданады. Заттардың осындай гомогенді қатты қоспаларын қатты нрітінділер деп атайды. Мұндай заттар сұйық күйде бір – бірінде еруімен қатар қатты күйде де ериді. Қатты ерітінділер табиғатта өте көп таралған. Жер және тау жыныстарында болатын минералдар, сонымен қатар көптеген метеалдардың қорытпалары қатты ерітінділер болып табылады. Қатты ерітінді күйіндегі құймалар өте берік, қатты болады.

    Қатты ерітінділер туралы ұғымды Вант – Гофф енгізген. Рентген структуралық анализдің көрсетуі бойынша қатты ерітінділер екі түрлі жолмен түзіледі: орнын басу және ену жолдары.

    Заттар бір – бірінде қатты күйде әр түрлі мөлшерде ериді. Олар өзара шекті (аздап) немесе шексіз (толық) енуі мүмкін.

           

    Қатты ерітіндінің үзіксіз қатарын түзетін жүйелердің балқу диаграммасы бір – бірінде сұйық күйде де, қатты күйде де шексіз еритін компоненттер қатты ерітінділерінің үзіксіз қатарын түзеді. Мұндай компоненттердің балқу диаграммасында эвтектикалық нүкте болмайды және балқу диаграммалары жоғарыдағы суреттерде көрсетілгендей үш типке бөлінеді.

    Диаграммадағы жоғарғы қисық ликвидус, төменгі қисық солидус қисықтары. Ликвидус қисығы қатты ерітінділердің қата бастау температурасын, ал солидус қисығы қатып бітутемпературасын көрсетеді. Ликвидус және солидус қисықтары диаграмманы 3 бөлікке бөледі. 1 бөлікке жүйе бір фазалы (сұйық балқыма), дивариантты (Е = 2 – 1 + 1 = 2); ІІ бөлікке гетерогенді, екі фазалы (балқыма + қатты ерітіндінің кристалы), моновариантты (Е = 2 – 2 + 1 = 1); ІІІ бөлікке жүйе І бөліктегі сияқты гомогенді (қатты ерітінді кристалы) яғни дивариантты.

 

 

Лекция 16

Үш компонентті жүйенің балқу температурасы

Дәріс жоспары

 

  1. Тепе-теңдік күйлері температура, қысым және компоненттердің концентрациясымен сипатталатын үш компонентті жүйе
  2. Үш компонетті жүйе құрамын графикпен анықтау
  3. Үш компонентті жүйенің күй диаграммасы
  4. Екі тұз қоспасының суда ерігіштігі
  5. Үш сұйықтықтың бір-біріне ерігіштігі

Тепе – теңдік күйлері температура, қысым және компоненттердің концентрацтясымен сиптталатын үш компонентті жүйелер үшін Гиббстің фазалар ережесі былай жазылады:

Е=К-Ф+2=3-Ф+2       Е=5-Ф

Бұл теңдеу үш компонентті жүйелерде тепе – теңдікте болатын фазалардың ең көп саны 5-ке тең екенін көрсетеді. Бес фазаның тепе – теңдігін көрсететін бестік нүктеде жүйенің варианттығы нольге тең. Ал төрт фазалық тепе – теңдікте жүйе – моновариантты; үш фазалық тепе – теңдікте – дивариантты, екі фазалық тепе – теңдікте – три вариантты; бір фазада жүйе төрт вариантты болады. Қысым мен температураның біреуі тұрақты болған жағдайда

Е=3-Ф+1

Ал Т=const және P=const жағдайда Е=3-Ф

          Үш компоненттң жүйелердің күйі жалпы алғанда төрт параметрмен аықталынады, олар Т, Р, Х1 және Х2 ;  Х1 және Х2 белгілі болса, үшінші компоненттің концентрациясы:Х3=1-( Х1 +Х2) Демек ү компонентті жүйенің күйін бейнелейтін диаграмманы салу үшін төрт өлшемді кеңістік қажет. Бірақ бір – біріне перпендикуляр болатын координаталық осьтердің саны үштен артпайтындықтан, қысымды не температураны тұрақты етіп алады. Қысым тұрақты жағдайындағы жүйелер конденсацияланған жүйелер болып саналады.  Сөйтіп үш компонентті жүйелердің күйін үш өлшемді көлемдік диаграммалармен бейнелейді. Координаталық осьтің х және у осьтеріне екі компоненттің конйентрациясын, z осіне температураны салады да, үш қырлы тік призма түріндегі көлемдік диаграмма тұрғызылады (  – сурет).

          Температура және қысым екеуінің де тұрақты жағдайында үш компонентті жүйелердің диаграммасын салу жеңілдей түседі. Бұл кездегі диаграммалар жазық, үшбұрышты диаграммалар болады. Үшбұрышты жазық диаграммалар көлемдік диаграмманың берілген температурадағы кһлденең қимасы болып табылады.

Үш компонентті жүйе құрамын графиктен анықтау

Үш компонентті жүйенің құрамын графикке салу үшін үшбұрышты немесе тік бұрышты диаграммалар қолданылады. Үш компонентті жүйелер құрамын графиктен анықтаудан Гиббс және Розембом әдістері бар. Бұл әдістер бойынша тең қабырғалы үшбұрыш алынып, оның төбелеріне А, В және С компоненттерінің әрқайсысының 100%-тік құрамдарын, қабырғаларына екі компонентті А-В, А-С және В-С жүйелерінің құрамдарын салады, ал үшбұрыштың жазықтығында жататын нүктелер үш компонентті А-В-С жүйесінің құрамын береді (53-сурет). Құрамды анықтаудың Гиббс әдісі тең қабырғалы үшбұрыштың мынадый қасиетіне негізделген: үшбұрыш жазықтығында жататын кез келген  нүктеден оның қабырғаларына түсірілген үш перпендикулярдың қосындысы үшбұрыштың биіктігіне тең. Биіктіктің ұзындығы 100% деп алса, қабырғаларға түсірілген ір бір перпендикулярдың ұзвндығы со қабырғаға қарсы жатқан төбедегі компоненттің жүйедегі проценттік құрамын береді. Мысалы, 53-суретте m нүктесінде жүйенің (А+В+С қоспасы) құрамында ma перпендикулярының ұзындығына тең А компоненттінің, mb перпендикулярының ұзындығына тең В компонентінің және mc ұзындығына тең С компонентінің мөлшерлері болады.

            Розебом әдісінде тең қабырғалы үшбұрыштың тағы бір қасиеті қолданылады: үшбұрыштың жазықтығында жататын кез келген нүктеде АВ, АС және ВС қабырғаларына параллель жүргізілген сызықтардың қосындысы үщбұрыштың қабырғасына тең. Үшбұрыш қабырғасының ұзындығын 100% деп алса, m нүктесінен АС қабырғасына параллель жүргізілген ma түзуі А компоненттінің, АВ қабырғасына параллель mb түзуі В компонентінің, ВС қабырғасына параллель mс түзуі С компонентінің осы m нүктесіндегі құрамдарын береді. Перпендикуляр және параллель сызықтардың ұзындыңын процентпен есептеу үшін үшбұрыштың әр қабырғасын теңдей 100 (немесе 10) бөлікке бөліп осы бөліктер арқылы қабырғаларына параллель сызықтар жүргізіп маштаптық тор салады. Маштабтық тордың әр бөліктерінің ұзындығы 1% (немесе 10%) болады.

            Үш компонентті жүйенің құрамын тік бұрышты диаграммалармен де кһрсетуге болады. Бұл тәсіл кһбінесе галлургияда тұздар ерітінділерінің күй диаграммаларын алуда қолданылады. Тік бұрышты координаталар осының басына таза судың (еріткәштің) 100%-тік мөлшерін ал абцисса және ордината осьтеріне екі тұздың концентрацияларын ( судың 100 грамындағы, немесе 100 моліндегі еріген тұздың грамм не моль саны) салады. Бұл тәсілмен құрамын көрсету оңайырақ болғанымен оның кемшіліктері бар. Мысалы, таза В және С компоненттерінің және В-С екі компонентті жүйесінің фигуративтік нүктесі диаграмма ішінде болмай, шексіздікте жатады.

      Үш бұрышты диаграммадан құрамды анықтаудағы бірнеше жағдайларды қарастырайық: а) үшбұрыштың кез келген қабырғасына параллель жүргізілген сызық бойында жататын қоспалар құрамында үш компоненттің біреуінің концентрациясы тұрақты болады. Мысалы, 54а-суретте ab сызығында жататын қоспалар компонентінің, ed сызығы бойындағы қоспаларда А компонентінің концентрациялары тұрақты; б) үщбұрыштың төбесінен оған параллель жатқан қабырғаға түсірілген түзудің бойында жататын қоспалардың екі компонентінің құрамдарының қатынастары тұрақты болады. Мәселен, Ag түзуі бойында (54а-сурет) В және С компоненттері тұрақты қатынаста. Оны былай дәлелдеуге болады: 54б-суретте Bd түзуінде жататын кез келген екі нүктені, мысалы, h және b нүктелерін қарастырайық. А компонентінің һ нүктесіндегі мөлшері hb перпендикулярымен, ал d нүктесіндегі мөлшері de перпендикулярымен беріледі. Bhb және Bhe үшбұрыштары бір-біріне тең, сондықтан hb/de = Bh/Bd. Сондай-ақ С компонентінің hd нүктелеріндегі мөлшерлері lh және kd перпендикулярлары беріледі. Bhl және Bdk үшбұрыштары ұқсас, сондықтан lh/kd = Bh/Bd, немесе hb/de = lh/kd, және hb/lh = de/kd. Демек В және d нүктелерінде С және А компоненттері мөлшерлерінің қатынастары бір-біріне тең.

Үш компонентті жүйенің күй диаграммасы

            Компоненттері бір-бірімен химиялық реокцияға түспейтін қатты ерітінді түзбейтін үш компонентті қарапайым жүйенің диаграммасын қарастырайық. 55-суретте осындай қарапайым жүйенің балқу диаграммасы үщ қырлы тік призма арқылы бейнеленген. Жүйедегі А, В және С компоненттерінің құрамы призма табанына салынған, балқу температурасы призма табанына вертикаль оське салынған. Диаграммада А, В және С компоненттерінің температураларын a, b және с нүктелері көрсетеді, призманың жақтары үш компонентті жүйедегі әр бір екі компонентті жүйелердің балқу диаграммаларын береді. Е1, Е2 және Е3 нүктелері екі компонентті жүйелердің эвтетикалық температуралары. Диаграммадағы aЕ1ЕЕ2, b Е1ЕЕ3 және сЕЕ2Е3 беттері ликвидус беттері деп аталады. Ликвидус беттерінде жататын кез келген нүктедегі қоспа А, В және С компоненттерінен тұратын сұйқ балқмадан тұратын үш компоненттің біреуінің кристалынан тұрады: Е1Е, Е2Е және Е3Е сызықтары сұйық балқыма мен екі компонент кристалдарының  тепе – теңдік қисықтары. Бұл үш қисықтың қиылысу нүктесі үштік эвтетикалық деп аталады. Үштік эвтетика нүктесінде сұйық балқыма мен үш компонентің кристалдары тепе – теңдікте болады. Құрамы үштік эвтетикаға сәйкес үш компонентті қоспаның балқу температурасы жүйедегі ең төменгі температура болады, яғни эвтетикалық қоспа ең тез балқитын қоспа. Гиббстің фазалар ережесі бойынша ликвидус беттерінде жүйе екі фазалы, дивариантты яғни, тепе – теңдікті бұзбай отырып, жүйе күйін анықтайтын үш параметрдің (температура және екі компоненттің концентрациялары) кез келген екеуін өзгертуге болады. Сұйық балқыма мен екі компоненттің кристалдары тепе – теңдікте болатын бөліктерде жүйе моновариантты, яғни не температураны, не бір компоненттің құрамын өзгертуге болады. Сұйық балқымамен үш компоненттің кристалдары тепе – теңдікте болса жүйе төрт фазалы, инвариантты. Демек үштік эвтетика температура мен жүйе құрамының бір тұрақты мәндерімен аяқталады.

            Қарастырылған көлемдік диаграммалар күрделі және олардың көрнектілігі аз. Көлемдік диаграмма көмегімен кристалдану процестерін бақылау қиындау.Сол себепті практикада көлемдік диаграмманың орнына берілген температурадағы қималары болып табылатын үшбұрыштың жазық диаграммалар қолданылады. Үшбұрышты диаграммалар үш компонентті жүйенің P=const және T=const жағдайындағы фазалық кйін бейнелейді. 56-суретте берілген үшбұрышты жазық диаграмманың І бөлігінде жүйе тек сұйық күйде, варианттығы  Е=3-Ф  теңдеуі бойынша екіге тең болады, яғни жүйенің сұйық күйін сақтай отырып үш компоненттің кез келген екеуінің концентрациясын өзгертуге болады. Сұйық балқыма А компоненті кристалмен ІІ бөлікте, В кристалмен ІІІ бөлікте, С кристалымен IV бөлікте тепе – теңдікте болады. Жүйе ІІ, ІІІ және IV бөліктерде екі фазалы моновариантты, яғни бір компоненттің концентрациясын ғана өзгертуге болады. Диаграммада Е1М қисығы бойымен балқымадан А компоненті, Е1N қисығы бойымен В компоненті, PQ қисығы бойымен С компоненті кристалданады. 57-суретте көлемдік диаграмманың әр түрлі температурадағы қималарының диаграмма табанында жатқан үшбұрышқа түсірілген проекциялары көрсетілген. Проекциялар түсірілген үшбұрышты жакзық диаграммадан жүйенің кристалдануын айқын көруге болады. Мысалы, құрамы А нүктесімен берілген қоспа Т2 температурадан жоғары температураларда балқыған күде болады. Т2 температурадан балқымадан В компоненті кристалдана бастайды. Бұл кезде балқыманың құрамы Ва түзуі бойымен l нүктесіне дейін өзгереді; l В компонентімен қоса А компоненті кристалға түсе бастап балқыманың құрамы lE қисығы бойымен өзгеріп, кристалдану температурасы эвтетикалық температураға тейін төмендейді. Балқыманың құрамы Е нүктесіне жеткенде кристалдану температурасы ең төменге мәнімен жетіп, үштік эвтетика кристалданады. А немесе С компоненттеррімен бай қоспалардың кристалдануынла дәл жоғарыдағыдай қарастыруға болады.

            Компоненттері химиялық қосылыс немесе қатты ерітінді түзетін болса, ондай жүйелердің балқу диаграммаларының түрі күрделілеу болады. 58а-суретте А және В компонентерінен AmBn қосылысы үзілетн үш компонентті жүйенің балқу диаграммасы схемалық түрде берілген. АВ сызығы арқылы өтетін вертикаль жазықтық химиялық қосылыс түзетін екі компонентті жүйелердің жазық диаграммасына ұқсас. Жүйенің кристалдану бетіне 4 максимум, 6 минимум бар. Осы көлемдік диаграмманың изотермиялық қималары 58б-суретте үшбқрышты жазық диаграммамен көрсетілген. Құрамы g нүктесімен берілген үш компоненттік қоспаның кристалдануын құрастырайық. Т1 температурада балқымадан В компоненті кристалдана бастап, сұйық балқыманың құрамы Вһ түзуі бойымен h компоненті кристалданып, балқыманың құрамы hd қисығы бойымен d нүктесіне дейін өзгереді де, d нүктесінде үштік эвтетика кристалға түседі.

Екі тұз қоспасының суда ерігіштігі

            Аттас катионы немесе аттас анионы бар екі тұздан және судан тұратын үш компонентті жүйенің ерігіштік диаграммасын қарастырайық. 59а-сурктте үш компонентті NaCl-KCl-H2O жүйесінің ерігіштік диаграммасы үшбұрышты жазық диаграммамен берілген. Үшбұрыштың төбелеріне NaCl, KCl және судың 100% мөлшерлері салынған, қабырғаларындағы А және В нүктелері NaCl және KCl-терінің судағы ерігіштіктерін көрсетеді. Үшбұрыш жазықтығында ас сызығы KCl ерітінділеріндегі натрий хлоридінің ерігіштік қисығы, ал bc сызығы NaCl ерітінділеріндегі калий хлоридінің ерігіштік қисығы. Диаграмманың с нүктесі эвтоникалық нүкте деп аталады. Егер ас қисығында жататын ерітінділер натрий хлоридімен, bc қисығындағы ерітінділер калий хлоридімен қаныққан десек, эвтоникалық нүктедегі ерітінді бұл тұздардың екеуімен де қаныққан болады. Диагамма жазықтықы жүйенің физикалық күйі бойынша төрт бөлікке бөлінеді: І бөлік NaCl мен KCl-дың судағы қанықпаған ерітінділер көрсетеді. Бұл бөлікте жүйе бір фазалы болатындықтан гомогенді, дивариантты; ІІ бөлік NaCl кристалдары мен оның қаныққан ерітіндісінің тепе – теңдігін береді; ІІІ бөлік KCl кристалдарымен оның қаныққан ерітіндісінің тепе – теңдігі. Диаграмманың ІІ және ІІІ бөліктерінде жүйе гетерогенді, моновариантты; IV бөлігінде құрамы с нүктесімен берілген сұйық ерітінді екі тұздың кристалдарымен тепе – теңдікте болатындықтан жүйе бұл бөлікте үш фазалы. Эвтоникалық нүктеде және IV бөлікте жүйе инвариантты, демек үш компоненттің ешқайсысының да құрамын өзгертуге болмайды. Эвтоникалық нүкте, эвтектикалық нүкте сияқты, жүйе құрамының бір ғана мәнімен анықталады. Құрамы d нүктесімен берілген сұйық ерітінді буланған кезде оның құрамы е нүктесіне дейін de түзуі бойымен өзгереді. Жүйенің фигуративтік нүктесі е нүктесіне жеткенде бастапқы ерітінді натрий хлоридімен қанығып, тұздың артық мөлшері кристалға түсе бастайды, ерітінді құрамы ес қисығы бойымен өзгеріп с нүктесіне келеді. Егер қалған ерітіндіні әрі қарай буландырсақ с нүктесінде натрий хлоридімен бірге дідер су түгелімен буланып ешқашаннан кейін, қалған қатты кристалдардың құрамы е нүктесімен анықталады.

            Тұздардың суда еруін тік бұрышты диаграммалармен де бейнелеуге болатыны жоғарыда айтылған. 59б-суретте  NaCl-KCl-H2O жүйесінің тік бұрышты диаграммасы көрсетілген. Бірақ бұл диаграммадан екі компонентті NaCl-KCl жүйесінің құрамын көрсететін фигуративтік нүктелерді табуға болмайды, нүктелер шексіздікте жатады.

            Егер де тұздар бір – бірімен немесе олардың әрқайсысы сумен әрекеттесіп жүйеде химиялық қоспалар түзілетін болса, ерігіштік диаграммасы бұрынғыдан гөрі күрделі болады. Физикалық – химиялық  анализдің  сәйкестік принцині бойынша жүйеде кристалға түсетін фазаның саны қанша  болса, кристалдану қисығы сонша болады. Мысалы, екі тұз суда ерігенде бір-бірімен  әрекеттесіп қос тұз А2 түзетін жүйенің ерігіштік диаграммасын қарастырайық. Жүйенің ерігіштік қисығы үш сызықтан тұрады: ас және bc сызықтары бастапқы алынған тұздардың ерігіштік қисықтары, ал олардың ортасында сс1 сызығы жүйеде түзілетін қос тұздың кристалдану қисығы.  с және с1 нүктелері – эвтоникалық нүктелер. 60а-сурет пен 60б-суреттегі диаграммаларда бірінші бөліктерде жүйе гомогенді; екінші және үшінші бөліктерде фазалы; төртінші бөліктерде қаныққан с және с1 ерітінділері +А2 кристалы; бесінші және алтыншы бөліктерде де жүйе үш фазалы, мұнда бір сұйық фаза және екі қатты фаза. Диаграмма бөліктеріндегі жүйенің еркіндік дәрежесін жоғарыда қарастырылғандай олай аныөтауға болады. І бөлікте жүйе дивариантты, ІІ және ІІІ бөліктерде моновариантты, IV, V және VI бөліктерде инвариантты

Үш сұйықтықтың бір – бірінде ерігіштігі

            Үш сұйықтықтың бір – бірінде мүлде ерімеуі, шекті еруі немесе толық еруі байқалады. Сұйықтықтар бір – бірінде мүлде ерімейтін немесе толық еритін жүйелерде ешқандай фазалық тепе теңдіктер болмайтыны белгілі.

            Ал шекті еритін сұйықтардың жүйесінде бірнеше сұйық фазалардың тепе – теңдігі болады. Осындай сұйық ↔ сұйық тепе – теңдігін үш компонентті жүйелер үшін қарастырайық. Шектң еритін А, В және С сұйықтарынан тұратын үш жүйе ерігіштігінің үш түрлі жағдайда болады. Осы үш жағдайда байқалатын ерігіштік диаграммаларының схемалық түрлері 61, 62 және 63-суреттерде көрсетілген. Бірінші жағдай: үш компонентті жүйені құрайтн әрбір екі компонентті жүйелер шекті еритін жүйелер болсын. Екінші жағдай: үш компонентті жүйе құрамындағы екі компонентті жүйелердің екеуі – шекті, біреуі шексіз еритін болсын. Үшінші жағдай: екі компонентті жүйелердің біреуі – шекті, қалған екеуі шексіз еритін болсын. 61-суретте көрсетілген диаграммалардың штрихталған бөліктері гетерогенді. Бұл бөліктерде компоненттер бір – біріінде шекті еритіндіктен қоспалар екі сұйық фазаға бөлінеді. Температураның өзгеруімен сұйықтардың өзара ерігіштігі азаяды, бұл кезде гетерогенді бөліктер ұлғайып, кейде тіпті олардың бір – біріне ұласып қосылуы байқалады.

            Ерігіштіктің үшінші жағдайында байқалатын диаграмманың көлемдік түрі және жазық түрі 1 және 2-суреттерде берілген.

 Мұндай жүйелер практикада жиі кездеседі. Мысалы, су – бензол – этил спирті, су – хлороформ – сірке қышқылы, су – ацетон – 4 хлорлы көміртек. Бір – бірінде шекті еритін екі сұйықтықтың гетерогенді қоспасына олардың екеуіндеде шексіз еритін үшінші бір сұйықтықты қосса бастапқы екі сұйықтықтың ерңгіштігі  артып, гетерогенді қоспалар гомогенді қоспаларға айналады. Үш компонентті жүйеде сұйықтықтардың бір – бірінде ерігіштігі P=const жағдайда жүйенің құрамы мен температурасына тәуелді болды. 62-суретте көлемдік диаграммада А, В және С сұйықтықтыры ерігіштігінің концентрацияға және температураға тәуелділігі бейнеленген. Температураның өсуімен жүйенің екі фазалы бөлігі, яғни сұйық екі қабатқа бөлінуі азая бастайды. Жоғарғы кризистік температурадан жоғары жатқан температураларда А, В және С сұйықтықтары шексіз ериді. 63-суретте көрсетілген ерігіштік Т1 температурадағы жазық диаграммасы екі бөліктен тұрады. Бинодаль қисығымен қоршалған І бөлікте жүйе гетерогенді, моновариантты. Тепе – теңдіктегі екі ерітінді де А, В және С компоненттерінің концентрациялары әр түрлі. Мысалы, құрамы О нүктесімен берілген қоспа құрамдары Р және Q нүктелеріне тең болатын екі қабатқа бөлінеді. Тепе – теңдіктегі қаныққан екі ерітіндінің құрамдарын көрсететін нүктелерді бір – бірімен қосатын түзуі каннода деп атайды. Мұнда каннодалар бір – бірімен және үш бұрыштың АВ қабырғасына параллель жүрмейді, себебі С компонентінің тепе – теңдіктегі екі фазаның әр қайсысындаңғы ерігіштігі жалпы ал ғанда бірдей болмайды. Тепе – теңдңктегі екі фазаның құрамдары К1 нүктесінде теңесіп, гетерогенді қоспа гомогенді қоспаға айналады. Сондықтан К1 нүктесін кризистік нүкте деп атайды. Тарасенков ережесін қолданып фазалардың құрамын және кризистік нүктені анықтауға болады. Тарасенков ережесі бойынша, каннодалардың созындысы үшбұрыштың АВ қабырғасының созындысымен бір нүктеде қиылысады. Қиылысу нүктесінен бинодаль қисығына жүргізілген жанама онымен кризистік нүктеде жанасады. Бинодаль қисығымен сыртында жатқан ІІ бөлікте жүйе – гомогенді; бұл бөліктің ішіндегі кез келген нүкте бір фазалық күйді береді, мұнда жүйе – дивариантты.

         

 

Лекция 17, 18

Ерітінділер. Ерітінділер теориясы

Дәріс жоспары

 

1.Парциалды мольдік шамалар

2.Гиббс – Дюгемнің негізгі теңдеулері

3.Ерітіндінің бу қысымы

4. Идеал ерітінділердің термодинамикалық қасиеттері

5.Идеал ерітінділердің қайнау және балқу температуралары

6.Қатты заттардың ерігіштігі. Шредер теңдеуі

7.Идеал ерітінділердің осмос қысымы

8. Реал ерітінділер

            Ертінді - деп  екі  немесе  одан  да  көп  компоненттерден  тұратын  біртекті  гомогенді  жүйені  айтады.   Термодинамикалық  тұрғыдан  қарағанда  ертінділер  тұрақты  жүйе  болып  табылады.  Ертінділер  әр  түрлі  агрегаттық  күйде  (газ,  сұйық  немесе  қатты)  болады.  Газ  күйіндегі  ертінділерге  мысал  ретінде  газдардың  қоспаларын  келтіруге  болады.  Мысалы,  ауа-әр  түрлі  газдың  қоспасы.  Газ күйіндегі  ертінділерді  сұйық  немесе  қатты  заттарды  газда  еріту  арқылы  да  алуға  болады.  Сұйық  ертінділер  газдарды,  сұйық  немесе  қатты  заттарды  сұйықта  еріту  арқылы  алынады.  Қатты  ертінділер  көбінесе  сұйық  ертінділерді  суытып  қатыру  арқылы  алынады.  Қатты  ертінділерге  құймалар  жатады.

            Ертінділер  табиғатта ,  күнделікті  өмірде,  техникада,  өнеркәсіпте   өте  маңызды  орын  алады.  Жер  шарын қоршаған  атмосфера  әр  түрлі  газдардың  біртекті  қоспасы.  Сол  сияқты  жер  бетінің     бөлігін  алып  тұратын  мұхиттар  мен  теңіздердің  сулары  әр  түрлі  тұздардың  ертінділері.  Өзендер  мен  көлдердің  тұщы  суларында  еріген  тұздардың   концентрациялары  бұдан  аздау.  Жер  қыртысы  астындағы  ыстық  магма  да  көптеген  заттардың  біртекті  қоспасы.  Тірі  организмнің  қаны  мен  шырындары  да  ертінділер  болып  табылады,  олардың  организмдегі  қозғалысы  ертінділер  заңдылықтарына  бағынады.  Мұнай  да  табиғи  ертінділердің  заңдылықтарына  бағынады.  Мұнай  да  табиғи  ертінділердің  бірі.  Металлугия  өнеркәсібінде  әр  түрлі  металдардың  біртекті  қоспалары  (құймалары)  алынады.  Көптеген  химиялық  реакциялар    ертіндіде  өтеді.

            Кезінде  алхимиктер  заттар  бір-бірімен  тек  ертіндіде  әрекеттеседі  деп  тұжырымдаған:  Carpora  non  aguntnis .  Әрине,    кейбір  реакциялар  әр  түрлі  фазалар  арасында  да  өтеді,  бірақ  дегенмен  де  ертінділерді  зерттеу  өте  маңызды  мәселе  екендігін  жоғарыда  айтылғандардан  көреміз.

             Осы  уақытқа  дейін  ертінділер  туралы  жалпы  теория  жоқ.  Оның  себебі    ертінділердің  түзілуі  өте  күрделі  процеске  жатады,  олар  әр  түрлі  физикалық  және  химиялық  құбылыстардың  нәтижесінде  түзіледі.  Ерітінді  түзілген  кезде  жылу  бөлініп  не  жылу  сіңірілуі  химиялық  құбылысқа  жатады.  Химиялық  құбылыс  кезінде  ертінді  түзетін  заттардың  қасиеттері  кенет  өзгереді.  Мысалы,  химиялық  реакция  нәтижесінде  заттардың  түсі  кенет  секірмелі  түрде  өзгереді,  ал  физикалық  процесте  түстің  өзгеруі  бірте-бірте  өтеді.  Химиялық  процесс  өткенде  заттардың  тығыздығы,  сыну  көрсеткіштері,  жылу  сыйымдылықтары,  оптикалық,  термиялық ,  т.б.  қасиеттері  кенет  өзгереді.

            Физикалық  процесте  ертіндінің  көлемі  оны  түзетін  заттардың  алғашқы  көлемдерінің  қосындысына  тең,  демек  көлем  аддитивті  болады.  Аддитивті  қасиет  ертінді  құрамына  пропорционал  болады:

                                                 у=уАСА+уВСВ           (1)

у-А  және  В  компонеттерінен  тұратын  ертіндінің аддитивті қасиеті;

yA-A – затының  таза  күйіндегі  қасиеті; СА-А-  затының  ертіндідегі концентрациясы;  уВ және  СВ-В -  затының    таза  күйіндегі  қасиеті  мен  ертіндідегі  концентрациясы.  Кейде  ертінді  қасиеттің    өзі  емес,  оның  қандай  да  бір  функциясы  жоғарыдағы  аддитивтілік  теңдеуге   (1-түзу  сызықтың  теңдеуі)  бағынады. Мысалы,  қасиеттің  логарифмдері  түзу  сызықтың  теңдеуіне  бағынады:   lgy=CAlgyA+CBlgyB          (  ) Cөйтіп  ертіндінің  түзілуі  физикалық  процестердің  нәтижесінде  болса,  оның  қасиеттері  аддитивті  қасиеттерге  жатады.  Ал  ертінді  химялық  процестердің  нәтижесінде  түзілсе,  оның  қасиеті  аддитивті  заңдылықтан  ауытқиды.

            Ертінді  түзілген  міндетті  түрде  жылу  алмамасуы  байқалады .  Бұдан  ертіндінің  түзілуі  химиялық  процеске  жақын  екендігін  көреміз.  Бірақ  химиялық  реакцияда заттар  бір-бірімен  белгілі  бір  қатынаста  (стехиометриялық  коэффиценттер)  әрекеттесетін  болса,  ерітінді  түзгенде  олар  кез  келген  мөлшерде  араласады.  Бұл  жағдай  әдетте  физикалық  процеске  тән.  Сонымен  қатар  ертіндінің  қасиеттері  көбінесе  аддитивті  өзгереді.  Бұл  жағдай ертінді  қасиеттерінің  ерітіндідегі  бөлшектердің  санына тәуелді  екендігінің  белгісі.  Сөйтіп  ерітінділердің  түзілуін  физикалық  тұрғыдан  да  қарастыруға  болады.

            Көп  жағдайда  ертінділер  түзілгенде  жылу  бөлініп,  олардың  қасиеттерінің  аддитивтіліктен  ауытқуы  ерітіндіге  химиялық  тұрғыдан    қарауды  қажет  етеді.  Осыған  байланысты  Менделеев  ертінділердің  химиялық  теориясын   ұсынды,  яғни  заттар  араласып  ерітінді  түзгенде  олар    өзара  химиялық  әрекеттесуге  түседі.  Және  Менделеев  көзқарасы  бойынша  ертіндіде  өтетін  процестер  динамикалық  процестер  болып,  олар  массалар  әрекеттесу  заңына  бағынады.  Ерітінді  ең  кемінде  екі  компоненттен  тұрады,  олардың  біреуі  еріткіш  ретінде  алынады.  Еріткіш  болып  мөлшері  артық  компонент  саналады.  Ал  егер  ерітіндіде  қатты,  газ  немесе  сұйық  зат  ерітілген  болса,  еріткіш  ретінде  агрегаттық  күйі  түзілген  ерітінді  күйімен  бірдей  компонент  алынады.  Бірақ  термодинамикалық  тұрғыдан  қарағанда  ерітіндідегі  компоненттердің  бәрі  тең  бағалы,  сондықтан  еріген  зат  немесе  еріткіш  дейтін  ұғымдар  тек  шартты  түрде  қолданылады.  Ертіндіде  компоненттердің  мөлшері  әр  түрлі  өлшемдермен  беріледі,  соған  байланысты  ерітіндінің  құрамы  мольдік  үлестермен  не  молялдық  концентрациялармен,  т.б.  берілуі  мүмкін.  Төмендегі  кестеде  ерітінді  концентрациясының  әр  түрлі  өлшем  бірліктерінің  арасындағы  байланыстар  берілген.

  4-кесте

 

m

c

x

M

m

 

m=m

 

m=

 

m=

 

m=

c

с=

    

   c=c

c=

 

c=

x

 

x=

 

x=

 

 

           x=x

x=

M

 

M =

 

M =

 

M =

 

 

M =M

Концентрация:

m-молялдық  (1000  г  еріткіштегі  ерітілген  заттың  моль  саны);

c- молярлық  (1г  ерітіндіде  ерітілген  заттың  моль  саны );

x-  ерітілген  заттың  мольдік  үлесі ;

М-массалық  үлес ,  %(100 г  ерітіндідегі  еріген  заттың  граммен  алынған  массасы)

-еріген  заттың  молекулалық  массасы; -еріткіштің  молекулалық  массасы; р-ерітіндінің  тығыздығы.

            Қазіргі  кезде   ертінділердің  Менделеев  негізін  салған  химиялық  теориясы  ойдағыдай  дамуда.  Спектральдық,  термохимиялық,  электрохимиялық  және  т.б.  әдістер  ертінділерді  зерттеуді  жоғарғы  сатыға  көтерді.

            Ертінділер  теориясын  дамытуға  Қазақстан  ғалымы  академик  М.И.Усанович  көп  үлес  қосты.  Ол  ертінділердің  идеал  ертінді  болуы  концентрацияға  тәуелді  емес  және  де  өте  сұйытылған  ертінділер  де  идеалдықтан  ауытқуы  мүмкін  деп  тапты.  Идеалдықтан  ауытқу  ертінділерде  өтетін  процестерге  байланысты.  Оларға  ассоцияция,  диссоциация,  химиялық  қосылыс  түзілу,  комплексті  қосылыс  түзілу,  т.б.  процестер  жатады.  Егер  ертінді  түзетін   компоненттердің   арасында  мұндай  процестер  өтпесе  концентрлі  ертінділер  де  идеал  ертінділердің  заңдарына  бағынады  деді.

 Парциалды  мольдік  шамалар

            Жүйе  қасиеттері  экстенсивті  және  интенсивті  болып  бөлінетіні  белгілі.  Тепе-теңдіктегі  жүйелердің  интенсивті  қасиеттері  зат  мөлшеріне  тәуелсіз,  тұрақты  мәнде  болады.  Оларға  температура,  қысым,  концентрация,  мольдік  көлем ,  т.б.  мольдік  қасиеттер  жатады.  Экстенсивті  қасиеттер  зат  мөлшеріне  пропорционал,  жүйенің  массасына  тәуелді.  Оларға  энтальпия,  көлем,  жылу  сыйымдылық  және  басқалар  жатады.  Жүйе  компоненттерінің  массасын  тұрақты  температурада  n  есе  көбейтсек  интенсивті   қасиеттер  өзгермейді,  ал  экстенсивті  қасиеттер  (жалпы  көлем,  жылу  сыйымдылық,  т.б. )  n-есе  өседі.  Мұндай  байланыстағы  шамаларды  математика  тілінде  бірінші  дәрежелі  біркелкілік  функциялар  деп  атайды.

            Мысалы,  f(х,у)-біркелкілік  функция  болса,  онда

                        f(кх,ку)=к n  f(х,у)                       (3)

            Функция  біркелкілік  болған  кезде  оның  аргументтерін  тұрақты  көбейткішке  көбейтсе  функцияның  өзі  де  осы  көбейткіштің  n  дәрежелі  мәніне  көбейтіледі  (жоғарыда  n=к).  n -біркелкіліктің    дәрежесі  деп  аталады.  Экстенсивті  қасиеттің  компоненттер  массаларына  қатынасы  біркелкілік  функция  болады.  Оның  біркелкілік  дәрежесі  n-бірге  тең  (n=1).  Біркелкілік  функциялар  Эйлер  теоремасына  бағынады.  Егер  біркелкілік  функция  f(х,у)  болса,  оның  толық  дифференциалы:

                              df=(f/x) dx+(f/y)dy                (4)

Эйлер  теоремасы  бойынша:

                        df=(f/x) x=(f/y)у=nf(x,y)          (5)

Мынадай   бір  мысалды  құрастырайық.  Ертіндінің  экстенсивті  қасиеті  qжалпы  дейік.  Бұл  ертіндіде  бірінші  компоненттің  мөлшері  n1,  екінші  компоненттікі-n2,  үшінші  компоненттікі- n3  және  с.с.  болсын,  сонда

qжалпы=f(n1, n2,n3 ,,, n1)                                                                                 (6)        ал

dq жалпы==(f/ n1)Р,Т,njdn1+(f/ n2)Р,Т, njdn2+...          (7)

Ертіндінің  құрамы  тұрақты  nj  дегенде  өте  көп  мөлшердегі  ертіндіге  і-компонентіндегі  1  молін  қосқаннан  ертіндінің  құрамы  өзгермейді  деп  есептеледі.

Эйлер  теоремасы  бойынша  (3) –теңдеуді  түрлендірсек 

          qжалпы=( qжалпы/  n1) Р,Т, nj n1+ n1+( qжалпы/  n2) Р,Т, nj n2+...  (8)

         Бұл  теңдеудегі  туындыларды  қарастырсақ,  олар  қысым,  температура  және  ертіндінің  құрамы  тұрақты  болған  кездегі  ертіндінің  экстенсивті  қасиетінің  моль  сандар  бойынша  алынған  туындылары.

            Бұларды  парциал  мольдік  немесе  парциалды  мольдік  шамалар  деп  атайды.  Парциалды  мольдік  шаманы  деп  әріптің  үстіне  горизонталь  сызықша  қойып  белгілейді:

( qжалпы/  n1)= ,( qжалпы/  n2)= ,    (9)

            Егер  V, H   және  Ср  -таза  заттың  көлемі, энтальпиясы  және  жылу  сыйымдылығы  болса,   және  еріткіштің  немесе  еріген  заттың  ертіндідегі   парциалды  көлемі,  парциалды  энтальпиясы  және  жылу  сыйымдылығы.

            Aнықтама  бойынша  

(Vжалпы/ nj)=

(H жалпы/ nj)=

                                     (Cp жалпы/ nj)=p                            (10)

Ал  химиялық  потенциал  үшін                            

                  і =  (G жалпы/ nj)Р,Т, nj=                                            (11)

демек ,  ертіндіде  кез  келген  компоненттің  химиялық  потенциалы  оның  парциалды  мольдік  изобаралық  потенциалына  (парциалды  мольдік  Гиббс  энергиясына)  тең.

            Парциалды    мольдік  шамаларды  қолдансақ  ( )-теңдеу  төмендегідей  жазылады:

              dq жалпы= 1+2+…k                                                               (12)

Оны  интегралғанда:

                 q жалпы= n1+ n2+...nk k                                                                  (13)

Ертіндінің  құрамы  тұрақты  болғандықтан  интегралдау  тұрақтысы  нольге  тең.  ( )-теңдеу  Гиббс-Дюгемнің  бірінші  теңдеуі  деп  аталады.  Сонда  жоғарыдағы  теңдеулерден  ол  былай  жазылады:

 dn1+ dn2+...=0                                                 (13а)

Парциалды  шамалар  ертінді қасиетінің  абсолют  шамасы  емес,  қасиеттің  өзгерісі.  Олардың  физикалық  мағынасын  былай  түсінуге  болады:

Өте  көп  мөлшердегі  ертіндіге  берілген  компоненттің  1  молін  қосқандағы  ерітіндінің  экстенсивті  қасиетінің  өзгерісі  (Р=const,T=const)  сол  компоненттің  парциалды  мольдік  қасиетін  береді.

       Парциалды  мольдік  шамалардың  бірнеше  қасиеттері  бар.  Оларды  қарастыру  үшін  мысал  ретінде  парциалды  мольдік  көлемді  алайық.

Парциалды  мольдік  көлем  i=(i)T,P, nj

Жалпы  ерітінді  көлемінің  толық  дифференциалы:

dV=(V/T) p,njndT+(V/P)T,njdP+(V/n1)P,T, nj dn1+(V/n2) P,T,njdn2+…       (14)         немесе

                         dV=(V/T) p,njndT+(V/P)T,njdP+  idni

Егер    Р = const,T=const  болса, dV P,T=   idni

Мұны  интегралдасақ:

V жалпы= n11+ n22+... nкл

Бұл   теңдеудің  екі  жағын  да  ni-бөлсек

                 Vжалпы/ ni=v= n1/ni1+ n2/ni2+ …nk/nik

Мұнда v-1моль ерітіндінің көлемі, ал n1/ni= х1 – I компонентінің мольдік үлесі, сонда:

                                      v= x11 + x22 + xkk                                          (15)

            Егер ерітінді екі компоненттен тұрады десек

                                               v= x11 + x22                                                         (16)

            Ерітіндінің жалпы көлемі V тұрақты (Vжалпы =const), сонда ( ) – теңдеуі диференциялдағанда

                                        x1 d1 + x2 d2 =0

            Жалпы түрде ( ) – теңдеуі төмендегідей жазылады:

q=x1+ x2 +… xkqk                                            (17)

q – моль ерітіндінің экстенсивті қасиеті.

(  ) – теңдеуін диференциялдасақ:

                          dq жалпы= n1 d+ n2 dq+...nk d                                                

    ( ) – теңдеуді жоғарыдағы теңдеуге қойып түрлендіргенде төмендегіні аламыз:

                                   n1 d+ n2 dq+...nk d=0                                    (18)

            Кейде мұны Гиббс – Дюгемнің ІІ теңдеуі деп атайды. Сөйтіп парциялды мольдік шамалар компоненттерінің біреуінің мөлшерін өте аз шамаға көбейткендегі ерітінді қасиетінің өзгерісі болып табылады. Мольдік шамаларға парциялды мольдік шамалардың кейде теріс болуыда мүмкін, яғни жоғарыдағы ( ) – теңдеу бойынша компоненттердің біреуінің мөлшерін 1 мольге көбейткенде жүйенің жалпы қасиеті азаюы мүмкін. Ерітіндінің экстенсивті қасиеті парциялды мольдік шаманың аддитивті қосындысына тең, ал парциялды мольдік шаманың өзі жалпы жүйе қасиетінің 1 моль затқа тиісті үлесі болып саналады.

            Ерітінділердің термодинамикалық қасиеттерін қарастыруда парциялды мольдік шамалардың маңызы зор. Таза заттардың қасиеттерін сипаттайтын термодинамикалық қатынастардың бәрін парциялды мольдік шамаларға да қолдануға болады. Басқа сөзбен айтқанда парциялды мольдік қасиеттерде термодинамикалық формулалармен өрнектеледі. Бұл айтылғанды дәлелдеу үшін мынадай бір мысалды келтірейік. Берілген заттың таза күйіндегі қасиеттері y, q және х болсын, олардың өзара байланысы мына теңдеумен өрнектеледі:

                                                           y= q/ x                                                     (19)    

T = const және P = const жағдайда бұл теңдеуді заттың моль саны бойынша дифференциялдасақ:

                 ( y/n)P,T = / n(q/ x)P,T = / x(q/ n)P,T

                                   Немесе y=(q/ x)P,T                                                           (20)

 (  ) және (  ) – теңдеулерде салыстырсақ олардың бір-біріне ұқсас екендігін көреміз, айырмашылығы заттың таза күйіндегі қасиетінің орнына оның жүйедегі парциялды мольдік қасиеті алынған.

            Ерітінділер термодинамикасында парциялды мольдік шамалармен қатар тағы бір параметрлер қолданылады. Ол параметр мольдік іспеттес қасиеті.

            Егер n1 моль еріткішке n2 моль зат ерітіліп алынған ерітіндінің экстенсивті қасиеті qжалпы, ал еріткіштің мольдік қасиеті q1 десек, сонда ерітіндінің мольдік іспеттес қасиеті (м.і.қ.)

                                               qм.і.қ.=( qжалпы - n1q1)/ n2                               (21)

                               немесе qжалпы= n1q1 + n2qм.і.қ.                             (22)

            Гиббс жіне Дюгем теңдеулері мен жоғарыда келтірілген молдік іспеттес қасиеттің теңдеулері ерітінді компоненттің парциялды мольдік шамалары арасында байланыстарды көрсетеді. Кей жағдайларда  qжалпы тәжірибе жолымен табылған мынадай теңдеуге бағынады.

     qжалпы= n1q1 + an2 + bn2 + cn2                               ( 23)

Осы (  ) – теңдеуді (  ) – теңдеуге қойғанда

                                               qм.і.қ.= n2 + bn2 + cn2                                      (24)

Ал (  ) – теңдеуді n2 дифференциялдасақ:nj

                               (qжалпы/n2)P,T nj== a + 2bn2 + 3cn2                       (25)

(  ) және (  ) – теңдеулерді салыстырсақ n2 нольге ұмтылғанда n2 → 0, qм.і.қ. →, ал өте сұйытылған ерітінділер үшін qм.і.қ. =.

            ( ) және (  ) – теңдеулеріне қайта оралатын болсақ екі компонентті ерітінділерді тек бір компоненттің мольдік үлесін тәуелсіз өзгертуге болатындықтан, парциялды мольдәк шамалардың, мысалы, х2 бойынша дифференциялдарды төмендегідей жазылады:

                        d=( /x2)P,Tdx2  d=( /x2)P,Tdx2                      (26)

            Бұларды (  ) – теңдеуге қойсақ:

( /x2)P,Tdx2 + ( /x2)P,Tdx2=0                 (27)

Немесе

                                               (/x2)P,T +( /x2)P,T                                     (28)

         (  ) – теңдікті өте сұйытылған ерітінділерге қолданайық. Мұндай ерітінділерде x2→0 және (x2 /x1)→0, сондықтан (  ) төмендегідей жазылады:

(/x2)P,T +( /x2)P,T=0                     (29)

            Парциялды мольдік шамаларды график әдісімен анықтауға және тәжірибеден алынған теңдеулер арқылы есептеуге болады. Теңдеулермен есептеу әдісі аналитикалық әдіс болып саналады. Мысалы, тәжірибе жолымен төмендегі теңдеу алынған:

                                               qжалпы= a + bn2 + cn2 + dn2 + ...                          (30)

            Осы теңдеулердің көмегімен  - ні есептеу үшін qжалпы шамасын n2 бойынша дифференциялдау керек

= (qжалпы/n2)P,T nj =b + 2cn2 + 3dn2                     (31)

            Бұл теңдеуге n2 мәнін қойып, -ні табамыз. Алайда бұл әдіс өте ұзақ, дегенмен қазіргі кезде электронды есептеу машиналарын қолдану арқылы есептерді тездетуге болады.

            График әдісінде теңдеулер құрудың орнына график түсіріліп графикті дифференциялдау жүргізіледі. Егер qжалпы =f(n2) функциялық байланысын графикке түсірсек, ол белгілі бір қисықпен кескінделеді. Ол қисыққа жүргізілген жанаманың х-осімен жасайтын бұрыштың тангенсі  мәнін береді. Бірақ бұл әдіс оңайлау болғанымен дәлділігі аналитикалық әдіске қарағанда төмен.

            Есептеудің тағы бір әдісінде мольдік іспеттес қасиеттер қолданылады. Тәжірибеден алынған шамалар арқылы (  ) – теңдеуі арқылы qм.і.қ. мәнін есептейді.содан соң qм.і.қ. =f(lgn2) тәуелділігі графикке түсіріледі. Графиктен алынған қисықтан х-осімен жасайтын бұрыштың тангенсі төменгі қатынасқа тең:

                            tgα=(d,м.і.қ./dln n2)=2,303(d,м.і.қ./dln n2)                         (32)

                                 немесе d,м.і.қ./dln n2=d,м.і.қ.*n2/ dn2                          (33)

            Жоғарыдағы (  ) – теңдеуді дифференциялдасақ

d,м.і.қ./dln n2=((dqжалпы / dn2) n2-(qжалпы –n1q1))/ n2=

= (1/ n2)( -,м.і.қ.)                             (34)

Осыдан

       d,м.і.қ./dln n2=-q2, м.і.қ.                                (35)

Енді (  ) – теңдеуді ескерсек

                                                           =,м.і.қ +tgα/2,303                                     (36)

 Ерітіндінің бу қысымы

            Сұйық заттардың негізгі қасиеттерінің бірі олардың бу қысымы. Сұйық бетінің үстінде  оның молекулалары міндетті түрде бу күйінде болады. Ұшқыштығы жоғары сұйықтар оңай буланатын болғандықтан олардың буында молекулалар саны көп. Егер белгілі бір көлемдегі, мысалы, поршенді цилиндрдегі, қандайда бір сұйық затты алатын болсақ, оның булануына байланысты сұйықпен қатар буда цилиндрде белгілі бір көлем алады. Тұрақты температурада булану процесі де өтеді, бір кезде олардың жылдамдықтары теңеледі. Сөйтіп жүйеде тепе–теңдік орнайды, поршень қозғалмай тоқтап тұрады. Бұл жағдайда алынған сұйық заттың үстіндегі бөлшектер саны тұрақты болады. Тұрақты температурада сұйық заттың берілген көлемдегі буының  концентрациясы сол заттың бу қысымы болып саналады. Бу қысымы заттың табиғатына байланысты және температура өзгергенде оның мәні өзгереді.

            Егер цилиндрде таза сұйық заттың орнына ерітінді аоатын болсақ, еріген зат ерітіндінің бу қысымына қандай әсер келдтіреді? Сұйық ерітіндінің буында еріген заттың да молекулалары азаяды, демек еріткіштің ерітіндідегі қысымы оның таза күйіндегі бу қысымынан төмен болады. Ссөйтіп ерітіндінің бу қысымы сол сияқты ерітілген заттың да ерітіндідегі бу қысымы бөлшектер санына тәуелді коллигативті қасиет. Ерітіндінің бұл қасиеті Рауль заңына бағынады. Рауль заңының анықтамасы:

            Ерітінді құрамындағы заттардың парциялды бу қысымы олардың мольдік үлестеріне тура пропорционал:

                                                            Pi =kxi                              (37)

Мұнда: Pi – і-затының парциялды бу қысымы;

                 k – пропорционалдық коэффициент;

                 xi – осы заттың мольдік үлесі.

Егер xi =1 болса Pi =k, демек, k– таза і затының бу қысымы Pi0. Осыдан Рауль заңының теңдеуі:

                                                                  Pi = Pi0xi                                           (38)

            Жалпы қысым парциялды бу қысымдарының қосындысына тең (Дальтон заңы):

                                                 P=PA + PB = P0AxA + P0BxB 

Ал xA + хB=1, осыдан хB=1- xA         Сонда

                             Ржалпы= P0AxA + P0B(1- xA )= P0B+xA(P0A - P0B)         (39) 

            Рауль заңының теңдеуін басқа түрде де жазуға болады.

                             P0A - PA=∆ PA немесе P0A + P0АxА= P0А(1- xA )         (40)

            А затының парциялды бу қысымы:

       PA= P0AxA= P0А(1- xA )   осыдан

    ∆ PA= P0A - PA

∆ PA/ PA= (P0A - PA)/ P0A= P0A(1- xA )/ P0A=xB               (41)

            Бұл теңдеуден ерітіндінің бу қысымының салыстырмалы төмендеуі екінші заттың мольдік үлесіне тең болатынын көреміз.

 Идеал ерітінділердің термодинамикалық қасиеттері

            Ерітіндідегі і  компоненті өзінің буымен тепе – теңдікте болғанда ерітіндідегі және будағы химиялық потенциялдары бір – біріне тең:

μі= μ’і

μі – і компонентінің ерітіндідегі химиялық потенциялы, μ’і – оның будағы химиялық потенциялы.

            Егер бу идеал газдардың заңына бағынатын болса

       dμ’і= dμі= RTdlnPі                                                  (42)

 

            Осыдан компоненттердің парциялды қысымдары мен олардың химиялық патенциялдарының арасындағы байланысты табуға болады:  

                                       dlnP1= dμ1 / RT      dlnP2 =dμ2 / RT                            (43)

            Бұдан P1 – еріткіштің ерітінді бетіндегі парциялды бу қысымы, P2– ерітілген заттың ерітіндідегі парциялды бу қысымы.

(  ) және (  ) – теңдеуді интегралдасақ

μі= μ0і= RTlnPі                                                  (44)

μ0і – таза і компонентінің химиялық потенциялы. Ерітінді идеал болған жағдайда ол Рауль заңына бағынады, сондықтан (  ) – теңдеуді төмендегідей жазуға болады:

                                                            μі= μ0і= RTlnхі                                                  (45)

∆μ =μі= μ0і і – затының таза күйден ерітіндіге көшкендегі химиялық потенциялының өзгерісі. Ол

∆μ =μі(Р) - μ0і= μ0і+ RTlnхі- μ0і= RTlnхі

            Бинарлы ерітіндінің компоненттерінің моль сандары n1 және n2 болса химиялық патенциялдың өзгерісі Гиббс энергиясының өзгерісіне тең және төмендегідей жазылады:

∆G= n1μ01+  х1RTlnх1+ n2μ02   + х2RTlnх2- n1μ01         - n2μ02=

      =х1RTlnх1+ х2RTlnх2                                     (46)

            Гиббс энергиясы өзгерісінің ерітіндінің 1 моліне тиісті мөлшерін тапсақ

   ∆G/( n1+ n2)= n1/ ( n1+ n2)RTlnх1 + [n2/ ( n1+ n2)] RTlnх2    

Осыдан

                                   ∆G=∆μ= х1RTlnх1+ х2RTlnх2                   (47)

∆G – ерітінді түзілу энергиясы. Мольдік үлестердің қосындысы бірге тең ( х1+ х2=1), онда х1<1 және х2<1, олай болса ерітінді түзілгенде жүйенің химиялық потенциялы мен Гиббс энергияся азаяды, яғни ерітінді түзілу процесі өздігінен өтетін процес.

Идеал ерітіндінің түзілу энтальпиясын табу үшін  (  ) – теңдеуді түрлендірейік:

∆G/Т= х1Rlnх1+ х2Rlnх2                                      (48)

            Бұл теңдіктің оң жағындағы мүшелер температураға тәуелсіз, ал сол жағындағы мүшенің температура бойынша туындысы нольге тең.

            Гиббс – Гельмгольц теңдеуі бойынша

(∆G/Т)/Т= -∆Н/Т2                                              

            Бұл теңдеуді еру процесіне қолданып және оны (  )–теңдеумен салыстырсақ идеал ерітінді түзілуінің энтальпиясы нольге тең болатынын көреміз

∆Нерітінді =0                                                         (49)

Демек, компоненттер бір – бірімен араласып идеал ерітінді түзгенде энтальпия өзгермейді, яғни жылу бөлініп не сіңірілмейді.

            Жылу сыйымдылық ∆СР процесс кезіндегі энтальпияның температура бойынша туындысы:

     (∆Н/Т)Р=∆СР                                     

            Олай болса (  ) – теңдеу бойынша

                                                           ∆СР,ерітінді=0                                            (50)

Идеал ерітінділер түзілгенде жүйенің көлемі өзгермейді. Тұрақты температурада (  ) – теңдеудің оң жағы қысымға тәуелсіз, сондықтан

                                                 (∆Серітінді/Р)Т=0                                                  

    Ал (∆С/Р)Т = V, осыдан Vерітінді =0                       (51)

Бізге белгілі H=U+PV немесе U=H-PV. Осыдан

∆Uерітінді=∆Hерітінді-P∆Vерітінді=0                                   (52)

Демек, идеал ерітіндінің түзілуі ішкі энергияның тұрақты жағдайында өтеді.

            Көлемнің термиялық ұлғаюы және басқа да эффектілердің жоқтығы идеал ерітінділердің энтальпиясы, жылу сыйымдылығы, көлемі және ішкі энергиясы сияқты қасиеттері аддитивтік қасиеті екендігін, яғни жалпы ерітінді қасиеті таза компоненттердің қасиеттерінің қосындысы тең болатындығын көрсетеді.

Идеал ерітіндідегі компоненттердің энтропиясын табу үшін ( ) – теңдеуді температура бойынша дифференциялдасақ:

                                    (μ/T) Р= (μ0і /T)+Rlnхі                         

                  Осыдан

                                                            Si = S0і -Rlnхі                                                     (53)

Мұнда Si – ерітіндідегі кез келген і – компонентінің энтропиясы, S0і – бұл компоненттің таза күйіндегі энтропиясы. Ерітінді түзілгендегі энтропияның өзгерісін табу үшін (  ) – теңдеуді дифференциялдаймыз:

                            (∆Gерітінді/Т)Р=х1RTlnх1+ х2RTlnх2  осыдан

                                    ∆Sерітінді= -х1RTlnх1- х2RTlnх2                       (54)

                  Бұл теңдеудің оң жағындағы х1<1 және х2<1, себебі олардың қосындысы бірге тең  (х1+х2=1). Олай болса ∆Sерітінді>0, яғни идеал ерітінді түзілу процесі өздігінен өтетін процес. Сонымен идеал ерітінді түзілгенде жүйенің Гиббс энергиясы азайып, энтропиясы өседі, ал энтальпиясы, ішкі энергиясы, жылу сыйымдылығы және көлемі өзгермейді. Идеал ерітінділердің заңына кейбір органикалық заттардың қоспалары, изотоптардың, изомерлердің қоспалары бағынады.

 Идеал ерітінділердің қайнау және балқу температуралары

            Сұйқ зат қайнаған кезде оның бу қысымы сыртқы қысымыға теңеледі. Рауль заңы боынша идеал ерітіндінің бу қысымы таза еріткіштің бу қысымынан төмен.

            Ерітіндінің бу қысымы Рауль заңы бойынша таза еріткіштің бу қысымына пропорционал, екінші жағынан сұйық жүйе қайнағанда оның бу қысымы сыртқы қысымға тең. Сыртқы атмосфералық қысым тұрақты болғандықтан:

P1= P01x1= Pсыртқы =const                                          

            Осы теңдеуді әуелі логорифмдеп, содан кейін дифференциялдасақ мына түрге келеді:

lnP1/ T =lnP0/ T + lnx1/T=lnPсыртқы/T=0 (55)

            Клайперон – Клаузиус теңдеуі бойынша:

P/ T = -∆Нб/RТ2                                                (56)

            Осы теңдеуді қолданатын болсақ (  ) – теңдеуден:

                                           lnx1/ T = -∆Нб/RТ2                

Бұл дифференциялдық теңдеуді энтальпияны тұрақты (температураға тәуелді емес) деп есептеп Т0 мен Т1 аралығында интегралдасақ:

                          lnx1=(∆Нб      ∙∆Тқайнау)/ RТ0Т1

Осыдан ∆Тқайнау= (RТ0Т1/∆Нб)ln

Бұдан  ∆Тқайнау= Т1 - Т0, x1 еріткіштің мольдік үлесі.

            Енді ln(1- x2) өрнегін Тейлор қатары түрінде жазсақ

-ln(1- x2) = x2+ x2/ 2 + x3 /3 +…

            Өте сұйытылған ерітіндіде x2 <<1, мұндай жағдайда қатардағы бірінші мүшеден басқаларын ескермеуге болады. Содан

                                               x2=∆Нб∙∆Т/ RТ0Т1                                                       (57)

                                               ∆Т= (RТ0Т1/∆Нб) x2                                                                        (58)

            Т0 мен Т1 айырымы өте аз, сондықтан олардың көбейтіндісін (Т0)2 деп алып (  ) – теңдеуді мына түрде жазуға болады:

                                   ∆Т= [R(Т0)2 /∆Нб]x2                                                      (59)

            Бұл теңдеу ерітіндінің қайнау температурасы таза ерітікіштің қайнау температурасынан жоғары екенін, ∆Т басқа қандай шамалармен байланысты болатынын көрсетеді.

            Сұйытылған ерітінділер (x2 << x1) үшін молярлық концентрация мен мольдік үлес арасында мынадай байланыс бар:

                                               x=mM1 / 1000,

            М – еріткіштің молекулалық массасы, m – мольдік концентрация. Осы байланысты ескерсек (  ) – теңдеу былай жазылады:

∆Т= (R/1000)[(Т0)2 M/∆Нб]m                           (60)

            Бұл теңдеудегі тұрақты шамалардың қатынасын Е – деп белгілесек:

                                   Е = [R(Т0)2 M] / (1000∆Нб]=const, сонда

                                                                   ∆Т = Em                                                    (61)  мұндағы Е – эбулиоскопиялық тұрақты деп аталады. Ол еріткіш табиғатымен байланысты. Осы теңдеу бойынша эбулиоскопиялық еріген заттың молекулалық массасын анықтауға болады.

                                   М2 = q2 *1000 / q1 *m= q21000E/ q1* ∆Т                                (62)

Мұнда q2 және q2 – еріткіш және еріген заттың массалары.

Сұйық ерітінді қатқан кезде оның бу қысымы таза еріткіштің қатты күйдегі бу қысымына теңеседі. Рауль заңы бойынша

 P1= P01x1                                                          (63)

ал ерітіндінің қату температурасында P1= P01x1 = P0қатты, бұнда P0қатты – еріткіштің қатты күйдегі бу қысымы. Клайперон – Клаузиус теңдеуі бойынша қысымның температураға тәуелділігі былай жазылады:

                                                            dlnP/ dT = -∆Н/RТ2                                      

осы теңдеу мен (  ) – теңдеуден

                                                       lnx1/ T = -∆Нбалқу/RТ2                                     (64)

∆Нбалқу – еріткіштің балқу энтальпиясы. Бұл теңдеуді Т01 мен Т1 аралығында интегралдағанда                               

    ∆Тбалқу= (RТ0Т1) / (∆Нбалқу)lnx1                                 (65)

            Өте сұйытылыған ерітінділер үшін (x2 <<1), сонда ln(1- x2)≈ x2 десек, ∆Тбалқу= (RТ0Т1) / (∆Нбалқу)x2.

            Жоғарыдағы түрлендірулерден кейін

      ∆Тбалқу= [R(Т0)2 M1] / (1000∆Нб]m=km                  (66) 

            k= [R(Т0)2 M1] / (1000∆Нб] – еріткіштің криоскопиялық тұрақтысы деп аталады. Т0 – еріткіштің балқу температурасы; M1 – оның молекулалық массасы;  Нб – балқу энтальпиясы; m – ерітіндінің молярлы концентрациясы.

            (  ) – теңдеу бойынша ерітіндінің балқу температурасының төмендеуі оның молярлық концентрациясына пропорциянал. Осыны біле тұра еріген заттың молекулалық массасын анықтауға болады.

                                         M2 = (q2 1000)/(q1 m)=(q1∆Тбалқу)                                     (67)

 Қатты заттың ерігіштігі. Шредер теңдеуі

            Идеал ерітінді компонентінің химиялық потенциялы мен ерітіндінің құрамы арасындағы байланысты табайық. (  ) – теңдеуден

                                               μ1= μ01 + RTlnх1         dμ1= RTlnх1

                                                           (μ1/х1)Т,P=RT/       х1                                             (68)                                                    μ2= μ02 + RTlnх2         dμ2= RTlnх2

                                                           (μ2/х2)Т,P=RT/       х2                                           (69)

μ01 және μ02 – таза еріткіш және таза еріген заттың химиялық потенциялдары.

            Егер ерітілген компонент сұйық зат болса, оның идеал ерітіндіде еру жылуы нолге тең. Егер еритін зат қатты болса, оның идеал ерітіндідегі еру жылуы балқу жылуына тең. Гесс заң бойынша қатты заттың еруі екі сатыдан тұрады деуге болады. Бірінші сатыда қатты зат сұйық күйге айналады, екіншіде – сұйық зат идеал ерітіндіде ериді. Осыдан жоғарыда айтылғанды түсінуге болады. Газ күйдегі зат идеал ерітіндіде ерігендегі еру жылуы оның конденсациялау жылуына немесе оның теріс таңбалы қайнау жылуына тең

                                         ∆Неру,1 = ∆Нбалқу,1,  ∆Нконд,1 =-∆Нбул,1                                (70)

                                         ∆Неру,2 = ∆Нбалқу,2,  ∆Нконд,2 =-∆Нбул,2                                (71)

 

        ∆Нбалқу,1 – еріткіштің балқу жылуы; ∆Нбалқу,2 – еріген заттың балқу жылуы; ∆Нбул,1 -* еріткіштің қайнау жылуы; ∆Нбул,2 – еріген заттың қайнау жылуы.

            Еріген қатты зат ерітіндімен тепе – теңдікте болғанда оның ерітіндідегі химиялық потенциялы μ2  таза күйдегі химиялық потенциялына μ*1 тең болады (Т=const, P=const)                

                                                             μ2 (х2Т) = μ*1(Т)

(  ) – теңдеуді есепке алсақ:

                                   dх2,қанықан/ dT = ∆Нерітінді,2/[T(μ2/х2)P,T      ]                        (72)

х2,қанықан – қаныққан ерітіндідегі еріген заттың концентрациясы еру жылуынан алынған.

            (  ) және (  ) – теңдеуден (μ2/х2)P,T        және ∆Нбалқу,2 мәндерін ( ) – теңдеуге қойғанда идеал ерітіндіде қатты зат ерігіштігінің температураға тәуелділігін табамыз:

                                               dln х2,қаныққан/ dT=∆Нбалқу/ RТ2                                                  (73)   Бұл теңдеуді  х1 мен х2 және ∆Тбалқу,2 мен Т аралығында интегралдағанда

                            dln х2,қаныққан=[-∆Нбалқу(∆Тбалқу,2 – T )]/(RТбалқу,2 Т)                         (74)   

            бұл теңдеуді 1891 жылы орыс ғалымы И.Ф.Шредер ұсынған. Оған идеал ерітінділер бағынады. Қатты заттың ерігіштігі оның қаныққан ерітіндісін концентрациясымен анықталады. (  ) – теңдеуден температура артқанда қатты заттың ерігіштігі өсетіндігін көреміз. Себебі (  ) – теңдеуді дифференциял түрінде жазсақ

                                                           (dln х2,қаныққан)/∆Т>0

            Қатты заттың идеал ерігіштігі табиғатына тәуелсіз. Қатты заттың сұйықта еруін екі түрлі процестің жиынтығы деп қарастыруға болады. Қатты зат әуелі балқып, одан кейін сұйық күйде еріткішпен араласқанда бұл екінші процестің энтальпия өзгерісі идеал ерітіндіде нольге тең екендігі белгілі, сондықтан (  ) – теңдеудегі ∆Нбалқу – тек қатты заттың балқу жылуы болып табылады. Сөйтіп қатты зхаттың идеал ерігіштігіне сұйық еріткіштің ешқандай әсері жоқ екенін көреміз.  Егер (  ) – теңдеудің анықталмаған интегралын алсақ

                                        dln х2,қаныққан=const – (∆Нбалқу/R)*1/T                             (75)

            Бұл теңдеу  dln х2,қаныққан және 1/T арасында түзу сызықты байланыс барын көрсетеді. Осы байланыстың графигіне еритін заттың жылуы мен балқу температурасын табуға болады.

            Егер берілген еомпоненттер (мысалы, екі компонент) бір – бірімен сұйық фазада идеал ерітінді түзіп, ал қатты күйде бір – бірінде ерімейтін, яғни қатты ерітінді түзбейтін болса, ондай компоненттерден тұратын жүйенің күй диаграммасы қарапайым бір эвтетикалы диаграмма болады. Диаграммадағы ликвидус қисықтарының әрқайсысын жоғарыда келтірілген Шредер теңдеуі арқылы есептеуге болады. Бірінші компонентке байланысты ликвидус қисығы үшін:

                          dln х2,қаныққан=[-∆Нбалқу,1(∆Тбалқу,1 – T )]/(RТбалқу,1 Т)                          (76)

            (  ) және (  ) – теңдеулер бойынша эвтетиканың құрамын және температурасын анықтайды, демек идеал жүйелердің балқу диаграммаларын осы екі теңдеуді қолданып теориялық жолмен шығаруға болады.

 Реал ерітінділер

Реал ерітінділердің заңдарына бағынбайды. Мысалы, реал ерітінділер үшін Рауль заңынан оң және теріс ауытқулар байқалады. Егер реал ерітіндінің ибу қысымы бірдей концентрациядағы идеал ерітіндінің бу қысымынан жоғары болса, Рауль заңынан оң ауытқу болады. Ал егер төмен болса, теріс ауытқу болады. Оң ауытқу кезінде реал ерітіндінің жалпы қысымы ерітінді компоненттері қысымдарының аддитивтік заңы реал ерітінділерде орындалмайды. Оң ауытқу болатын ерітінділертүзілгенде жылу сіңіріліп, көлем артады, ал теріс ауытқу болғанда жылу бөлініп, көлем азаяды. Ауытқулардың болу себебі – ерітіндіде бөлшектердің өзара әрекеттесуі. Жалпы алғанда әрекеттесуден болатын өзгенрістерді екі топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншіден ерітінді түзілгенде молекулалар арасындағы әрекеттесу күштер өзгереді, екіншіде – ерітіндідегі бөлшектердің саны өзгереді. Егер бір түрлі молекулалардың арасындағы әрекеттесу күштер әр түрлі молекулалардың арасындағы әрекеттесу күштер әр түрлі молекулалардың арасындағы күштерден артық болса, мұндай ерітінділерде оң ауытқу болады. Керісінше болса теріс ауытқу байқалады.мысалы, ассоциацияланған компоненттер бір – бірінде еріген кезде дисоцияцияға ұшырап, ерітіндінің бу қысымы өседі, яғни оң ауытқу болады. Ал компоненттер бір – бірімен химиялық әрекеттесетін болса, керісінше ерітіндінің бу қысымы төмендеп теріс ауытқу болады. Көптеген сұйық заттар қалыпты жағдайда сутектік байланыстардың әсерінен ассоцияцияланған күйде болады. Ерітінді түзілген кезде мұндай ассоцияттар ыдырап, кіші бөлшектердің саны көбейіп, олардың будағы концентрациясы артады, яғни бу қысымы артады. Егерде кіші бөлшектер бірігіп үлкен бөлшектерге айналса, көп жағдайларда олардың ұшқыштығы төмендеп, қысм азаяды. Кейбір ерітінділерде оң ауытқу мен теріс ауытқудың себептері ерітіндіде бірдей әсер етуә мүмкін. Ал кейбір жүйелерде концентрацияға байланысты ауытқудың таңбасы өзгеруі мүмкін.

            Реал ерітінділердің түзілуі жылу сіңіріліп, не жылу бөліне жүреді, бұл кезде жүйенің жылу сыйымдылығы өзгереді, ал энтропиясы (  ) – теңдеуге бағынбайды. өте сұйытылған ерітінділердің қасиеттерін зерттеу ерітінді теориясының дамуына көп әсер етті. Идеал ерітінділердің заңдарының өзі осындай сұйытылған ерітінділерді зерттеу нәтижесінде қорытылып шығарылған.

Кейбір реал ерітінділердің қасиеттерінің көпшілігі идеалдықтан ауытқымағанымен кейбір қасиеттері идеал ерітінділердің заңдарына бағынады. Мысалы, ерітінді түзілген кезде оның энтальпияы өзгеріп , ал энтропиясы мен көлемі идеалдыққа бағынатын, яғни энтропияның өзгерісі (  ) – теңдеуге бағынып, көлем өзгермейтін болса, мұндай ерітнділерді регулярлы ерітінділер деп атайды.

Егер ерітінді түзілу кезінде энтальпия өзгермесе, бірақ энтропияның өзгерісі (  ) – теңдеуге бағынбайтын және көлем өзгеретін болса, ондай ерітінділерде атермаль ерітінділер деп атайды (атермаль – жылу эффектісіз). Атермаль ерітінділер түзілгенде жылу алмасу болмайтындықтан оларды идеал деуге болар еді. Бірақ мұндай ерітінділерді молекула көлемдер жағынан көп айырмашылығы бар компоненттер береді, осы айырмашылықтың әсерінен жалпы көлемі өзгереді.

Ерітінділерді осындай регуляр және атермаль ерітінділерге бөліп қөарастыру жалпы реал ерітінділерді зерттеуді жеңілдетеді. Мұндай көзқарастың пайда болуы ерітінді қасиеттеріне физика заңдарының тұрғысынан зерттеумен байланысты.

Идеал ерітінділерде бастапқы алынған компоненттердің күйлері өзгенрмеуі тиіс. Ал егер компоненттер арасында химиялық және физикалық әрекеттесулер боса идеал ерітінділердің заңдары орындалмайды. Бұл жерде тәжірибеден алынған мәлметтер идеал заңдар теңдеулерінен есептелінген мәлметтермен сәйкес келеді.

Реал ерітінділерді зерттеу жолында Льюис ерітіндінің концентрациясының орнына оның активтігін қолдануды ұсынды. Идеал ерітінді заңдарының теңдеулеріндегі концентрацияның орнына активтік қойып есептелген шамалардың мәні олардың тәжірибелік мәндерімен бірдей болуға тиіс.

Ерітіндідегі заттың химиялық потенциялы

                                               μі= μ0і+ RTlnхі                                                               (70)

Бұл теңдеудегі  хі – идеал ерітіндідегі і компонентінің концентрациясы. Ал треал ерітінділерде мұндай термодинамикалық қасиеттерді зерттегенде активтік дейтін ұғым қолданылады. Сонда ерітіндідегі компоненттің активтінін оның химиялық потенциялымен төмендегідей байланысқан.

                                               μі= μ0і+ RTlnаі                                                               (71)

аі – і затының активтігі, μ0і – оның стандартты күйдегі потенциялы.

            (70) – теңдеуді (71) – теңдеуден алып тастасақ:

                                         μі= μі(uq)= RTln(аі/xі)=RTlnγi                                              (72)

            Осыдан

                                      lnγi=[μі= μі(uq)]/RT=∆μ/RT және

                                                            lnγi=аі/xі                                                                        (73)

            теңдеулердегі γ – шамасы активтік коэффиценті деп аталады. Жоғарыдағы (71) және (72) – теңдеулерде берілген і компонентіні идеал ерітінділерден реал ерітіндіге ауысқан кездегі оның химиялық потенциялының өзгерісі активтік коэффицентімен анықталатынын көреміз. Ауысу қысымы температура және концентрацияның тұрақты жағдайында өтуге тиіс. Жүйе стандартты күйде болғанда

                                                                       γст=1                                                  

            (  ) – теңдеудегі активтілік рационалды активтік деп аталады. Активтікті анықтағанда стандартты күйді білу қажет. Ерітінділер термодинамикасында көбінесе екі түрлі стандартты күй қолданылады. Олар стандартты күйдің симетриялық және асиметриялық жүйесі деп аталады. Симетриялық жүйеде стандартты күй ретінде таза заттың күйі алынады, бұл жүйе бойынша әр компоненттің таза күйі алынады, бұл жүйе боцынша әр компоненттің таза күйдегі активтігі бірге тең. Екі компонентті ерітінді үшін

                                               а01,симм  = а02,симм =1

            Жүйенің тепе – теңдік күйдегі берілген заттың барлық фазаларындағы химиялық потенциялы бірдей болады. Олай болса ерітіндіде және оның үстіндегі қаныққан буда заттың химиялық потенциялы бірдей. Бу идеал газдарының заңына бағынса, ондағы компоненттердің химиялық потенциялы

                                                  μі= μ0і(бу)+ RTlnРі

            Таза заттың будағы химиялық потенциялы:

                                                  μ0і= μ0і(бу)+ RTlnР0і

            Соңғы екі теңдеудің айырмасы зат таза күйден ерітіндіге көшкендегі химиялық потенциялының өзгерісін береді. Осы айырмасын (71) – теңдеумен салыстырсақ заттың ерітіндідегі активтілігі

                                                             аі = Рі / Р0і                                                                    (75)

            Симметриялық жүйесінде алынған стандартты күйде (  )  және (  ) – теңдеулер бойынша:

  Рі = Р0і хі γі                                                      (76)

            Осыдан

                                               γ1,симм = Рі /Р0і хі = Рі / Рі(ид)                                            (77)

            Стандартты күйдің симметриялық жүйесіндегі активтік коэффицент реал ерітіндісінің қасиеті идеал ерітінді қасиетінен ауытқуын тікелей көрсететінін соңғы (  ) – теңдеуден анық көреміз.

            Енді стандартты күйдің ассиметриялық жүйесін қарастырайық. Концентрация молялдықпен бірлесе салыстырмалы активтік қолданылады.

            Симметриялық емес жүйеде стандартты күй ретінде бір молялды жорамал ерітінді алынады. Бұл ерітінді стандартты ерітінді болуы үшін олардың қасиеті өте сұйытылған ерітінділердің қасиетіне жуық болуы тиіс. Асимметриялық жүйе бойынша стандартты ерітіндінің күйі таза еріткіштің күйіне жақын болады. Ал еріген заттың күйі олардың таза күйдегісіне тең емес.

            Сөйтіп, активтік дегеніміз- идеал ерітіндінің термодинамикалық қасиеті реал ерітіндінің қасиетіндей болғандығы оның концентрациясы. Активтік формальді түрде молекулалардың (гидраттану, сольваттану, дисоциациялану, ассоциациялану, т.б.) реалды ерітіндінің идеал ерітіндіден ауытқуын ескереді.

 

 

Лекция 19 

  Қатты заттардың сұйықтықтарда еруі.

Шредер – Ле – Шаталье теңдеуі

Лекция жоспары

 

1 Каныккан ерітінділердегі  еріген заттың концентрациясы

2 Қатты және сұйық арасында өтетін гетерогенді реакция кинетикасына адсорбцияның әсері

 

Ерітінділерде i компонентті өзінің буымен тепе-теңдікте болғанда ерітіндідегі және будағы химиялық потенциалдары бір-біріне тең:

 — i компоненттің ерітіндідегі химиялық потенциалы,  - оның будағы химиялық потенциалы.

Егер бу идеал газдардың заңына бағынатын болса

                        (           )

Осыдан компонеттердің парциалды қысымдары мен олардың химиялық потенциалдарының арасындағы байланысты табуға болады:

dinP1=dµ1 /RT        dlnP2=dµ2 /RT            (             )

Бұнда Р1 - еріткіштің ерітінді бетіндегі парциалды бу қысымы, Р2 - ерітілген заттың ерітіндідегі парциалды бу қысымы. (ХІІІ.34) және (ХІІІ.35)-теңдеуді интегралдасақ

                    (          )

 - таза i -компонентінің химиялық потенциалы. Ерітінді идеал болған жағдайда ол Рауль заңына бағынады, сондықтан (ХШ.36)-теңдеуді төмендегідей жазуға болады:

              (         )

Бұл жерде Pi - i-затының парциалды қысымы, оның мәнін Рауль заңының теңдеуінен (        ) алып келіп қойдық. (      )-теңдеу мен (        )-теңдеудегі  бірдей, себебі ол таза еріткіштің химиялық потенциалы. Оның буы идеал газдар заңдарына бағынады, ал қарастырып тұрған ерітінділер де идеал ерітінділер.

Идеал ерітінді компонентінің химиялық потенциалы мен ерітіндінің құрамы арасындағы байланысты табайық. (2)-теңдеуден

   

  

 және  - таза еріткіш және таза еріген заттың химиялық потенциалдары.

Егер ерітілген компонемт сұйық зат болса, оның идеал ерітіндіде еру жылуы нольге тең. Егер еритін зат қатты зат болса, оның идеал ерітіндідегі еру жылуы балқу жылуына тең. Гесс заңы бойынша қатты заттың еруі екі сатыдан тұрады деуге болады. Бірінші сатыда қатты зат сұйыұ күйге айналады, екіншіде - сұйық зат идеал ерітіндіде ериді. Осыдан жоғарыдағы айтылғанды гүсілуге болады. Газ күйдегі зат идеал ерітіндіде ерігендегі еру жылуы оның конденсациялау жылуына немесе оның теріс таңбалы қайнау жылуына тең

            (         )

          (         )

 - еріткіштің балқу жылуы;  - еріген заттың балқу жылуы;  - еріткіштің қайнау жылуы;  -еріген заттың қайнау жылуы.

Еріген затты зат ерітіндімен тепе-теңдікте болғанда оның ерітіндідегі химиялық потенциалы µ2 таза күйдегі химиялық потенциалына  тең болады (T=const, P=const)

µ2(х2Т)= Т)

(X111.37)-теңдеуді есепке алсақ:

dх2,қанық, / dT=∆Нepіm,2 / [T(µ2 /х2)т,р]             (            )

х2,қанық - қаныққан ерітіндідегі еріген заттың концентрациясы; ∆Нepіm,2  - қатты заттың дифференциалды еру жылуы алынған.

(ХШ.61) және (ХШ.63)-теңдеуден Р,Т және ∆Нбалқу,2 мәндерін (ХІІІ.64)-теңдеуге қойғанда идеал ерітіндіде қатты зат ерігіштігінің температураға теуелділігін табамыз:

dlпх2,қанық / dТ=∆Нбалқ / RT2               (            )

Бұл теңдеуді х1 мен х2 және Тбалқ,2 мен Т  аралығында интегралдағанда

lпх2,қанық= [-=∆Нбалқ,2 (Тбалқ,2 -Т)] / (RТбалқ,2 Т)        (            )

Бұл тендеуді 1891 жылы орыс ғалымы И.Ф.Шредер ұсынған. Оған идеал ерітінділер бағынады. Қатты заттың ерігіштігі оның қаныққан ерітіндісінің концентрациясымен анықталады. (ХПІ.65)-теңдеуден температура артқанда қатты заттың ерігіштігі өсетіндігін көреміз. Себебі (ХШ.66)-теңдеуді дифференциал түрінде жазсақ

(іnх2,қанық) /Т>0

Қатты заттың идеал ерігіштігі еріткіштің табиғатына тәуелсіз. Қатты заттың сұйықта еруін екі түрлі процестің жиынтығы деп қарастыруға болады. Оны жоғарыда көрсеткенбіз. Қитты зат әуелі балқып, одан кейін сұйық күйде еріткішпен араласқанда бұл екінші процестің энтальпия өзгерісі (∆Н) идеал ерітіндіде (∆Н=0) нольге тең екені белгілі, сондықтан (XIII. 66)-теңдеудегі ∆Нбалқ – тек қатты заттың балқу жылуы болып табылады. Сөйтіп қатты заттың идеал ерігішітігіне сұйық еріткіштің ешқандай әсері жоқ екенін көреміз. Егер (ХІІІ.65)-теңдеудің анықталмаған интегралын алсақ

lnх2,қанық=соsnt(∆Нбалқ /R)/T              (       )

Бұл теңдеу lnх2,қанық және 1 / Т арасында түзу сызықты байланыс барын көрсетеді. Осы байланыстың графигінен еритін заттың жылуы мен балқу температурасын табуға болады.

Егер берілген компоненттер (мысалы, екі компонент) бір-бірімен сұйық фазада идеал ерітінді түзіп, ал қатты күйде бір-бірінде ерімейтін, яғни қатты ерітінді түзбейтін болса, ондай компоненттерден тұратын жүйенің күй (балқу) диаграммасы қарапайым бір эстектикалы диаграмма болады. Диаграммадағы: ликвидус қисықтарының әрқайсысын жоғарыда келтірілген Шредер теңдеуі арқылы есептеуге болады. Бірінші компонентке байланысты ликвидус қисығы үшін:

lпх1,қанық=~[(∆Нбалқ,1(Тбалқ,1-Т)] / (RТбалқ,1 • Т)      ()

(ХШ. 66)  және   (XIII. 68) -теңдеулер   бойынша  эстектиканың құрамын     және температурасып анықтайды, демек идеал жүйелердің балқу   диаграммаларын  осы екі  теңдеуді   қолданып теориялық жолмен шығаруға болады.

Қатты және сұйық арасында өтетін гетерогенді реакция кинетикасына адсорбцияның әсері

Қатты дене сұйықта ерігенде еріткіш молекулаларадың қатты заттың  беттік   қабатына   адсорбциялануы  байқаладьг.  Адсорбция сатысы бүкіл процесс сатыларының бірі болып саналады. Бұл кездегі еру процесін бірінші ретті реакция деп қарастыру дұрыс сияқты, өйткені қатты зат бетінің бірлігінде еріткіштің концентрациясын тұрақты десек, еру жылдамдығы тек қатты заттың бетіне пропорционал болады.

Қатты-сұйық шекарасы қасиетінің процестің кинетикасына тигізетін әсерін тек кинетикалық режимде, яғни жалпы жылдамдық химиялық адсорбциялық сатылармен анықталатын режимде табуға болады. Нақты жағдайларда беттік-активті қоспалардың әсерінен процесс жылдамдытының өзгеруін көруі болады.

Беттік-активті қоспалардың жылдамдыққа әсері мынадай өзгерістермен байланысты:

а)  фазалар шекарасының активті центріне қоспалардың адсорбциялануы нәтижесінде қатты зат бетінің реакциялық қабілетінің өзгеруі;                                                                                              

б) фазалар шекарасының турбулентті пульсациясы мен талқандануы нәтижесінде фазааралық жанасу (түйісу) беттерінің геометриялық өзгеруі;

в) химиялық реакцияның беттік эффектісі нәтижесінде фазалардың жанасу (түйісу) беттердің геометриясының өзгеруі;

г)  қатты зат бетінде моноқабат (жұқа қабат) түзілуі нәтижесінде диффузияның нашарлауы әсерінен жылдамдық константасының өзгеруі, беттік қабат құрылымының өзгеруі және фазааралық бетте еленуі пайда болуы.

Жалпы жагдайларда беттік-активті заттардың әсерінен жылдамдықты өзгертетін жоғарыда аталған себептердің бәрі де орын алады. Дегенмен, олардың ішінде жиі кездесетін адсорбция әсерінен болатын өзгерістер.

Адсорбция сатысының әсерін қарастырайық. Бұл сатының табиғаты таза физикалық адсорбциядан таза химиялық адсорбцияға (хемосорбция) дейін өзгереді.

Күрделі процесте барлық сатылардың ішінде адсорбция сатысының жылдамдығы әдетте жоғары болады. Бұл сатылы адсорбцияланатын зат немесе  фазааралық беттегі  бос орындар бойынша бірінші ретті реакция деп қарастыруға болатындықтан оның кинетикасын зерттеу онша қиын емес. Адсорбция процесін сипаттайтын саңдық заттардың көбі осы постулатқа негізделіп табылған.

Біркелкі бетте өтетін реакциялар үшін жылдамдықтың теңдеулері Лэнгмюрдің адсорбцялық  изотермосын  қолдану негізінде табылгаи. Бұл арада Хиншельвуд айтқан беттер әрекеттесу заңын, (массалар әрекеттесу заңына ұқсас) айтуға болады.

Жеңілдік үшін алдымен тек заттың адсорбциялануын қарастырайық.

Адсорбция бетін біркелкі және адсорбцияланған молекулалар өзара әрекеттеспейді десек, онда адсорбция жылдамдығы (Wадс.) беттік қабаттың адсорбцияланбаған бөлігіне (1—) және әрекеттесуші (адсорбцияланушы) заттың концентрациясына (С) пропорционал:

Waдc.=K1C(1-)

Ал десорбцияның жылдамдыгы (Wдec.) беттің адсорбцияланган бөлігіне (Ө) пропорционал: Wдec.—K2()- K1 жәңе K2 - адсорбция және десорбцияның жылдамдық константалары. Адсорбциялық тепе-теңдікте Waдc=Wдec, демек К1С(1-)-К2=0. Бұдан беттік қабаттың адсорбцияланған бөлігін (демек, беттің затпен толтырылған активті бөліктерінің үлесін) тапсақ:

           (XX. 24)

Мұндағы  - адсорбциялық тепе-теңдіктің константасы, оны    адсорбциялық коэффициент деп атайды: b шамасы хемосорбция жылуымен (∆Hxc) мынадай байланыста:  Алынған (ХХ.24)-теңдеу Ленгмюрдің изотермалық теңдеуі деп аталады. Егер адсорбция әлсіз, яғни < <1, сондықтан b < <1 болса, онда тендеудің бөліміндегі bс шамасын елемеуге болады да, теңдеу   мына   түрге   келеді:      Бұл   теңдеу   адсорбцияның сызықты  изотермасын береді.  Керісінше,  егер  адсорбция  күшті жүретін болса, онда  bс> >1, сонда  =1= const.    Кейбір жағдайларда    адсорбция  изотермасы дәрежелік  тәуелділікпен сипатталады (Фрейндлих изотермасы): .

Кейде затты  еріту үшін  бір емес, бірнеше  реагенттердің қоспасы пайдаланылады. Мысалы:

Халькозиннің (Cu2S) беттік-активті заттардың қатарындағы еру    процесінің жылдамдығы:

W=K1(1 -) [O2] +К2[ЭДТА]               (XX. 25)

Мұнда К1—(1—) – бетіндегі тотыту процесінің жылдамдық константасы; К2 - беттік-активті затпен (ЭДТА) толтырылған, беттегі процестің жылдамдық константасы.

Беттік-активті заттардың (ЭДТА, НСl) аз мөлшерінің өзі минерал бетіне адсорбцияланған оттегін ығыстырып шығады, соның нәтижесінде минералдың еруі тездейді. Екі шекті жағдайды қарастырайық:

а) егер =0 болса, онда жылдамдық W кәдімгі кинетикалық теңдеумен өрнектеледі;

б) егер =1 болса, онда процестің жылдамдығы К2 константасымен сипатталады, яғни жылдамдық реагенттердің (НСl, ЭДТА) концентрациясына тәуелсіз болады.

Реагенттердің екеуінің адсорбциялануы салыстырмалы болған жағдайда реакцияның жылдамдығы мына теңдеумен өрнектеледі:

              (ХХ. 26)

Бұл кезде реагенттердің әрқайсысы үшін:

      

             (XX.27)

Осыдан

    (XX. 28)

Мүндагы b=k2/k1. Егер b2 < < b1, демек, екінші компонент күштірек адсорбцияланатын болса

W=kb2/b1· (C1·C2)/(C2-b2)2                (XX. 29)

Келтірілген теңдеулерден мынаны көреміз: реагенттердің біреуінің адсорбциясы болғанның өзінде реакцияның жылдамдығы беттік-активті қоспалардың қатысында жылдамдықтың төмендеуі фазааралық шекараның блокадасымен байланысты десек, максималды адсорбция кезіңде (=1) жылдамдықтың мәні нольге дейін төмендеуі тиіс болады.

Адсорбция сатысының активтену энергиясы бетгік қабаттың адсорбциялануы өскен сайын жоғарылайды, сондықтан біркелкі беттегі адсорбцияның жылдамдығы біркелкі емес, беттегіге қарағанда тезірек азаяды.

Кинетикалық зерттеулерде Лэнгмюр теңдеуі жиі қолданылуына қарамастан, оның көмегімен алынған реакция жылдамдықтарының теңдеулері әрқашан дұрыс нәтиже бере бермейді, әсіресе кинеткалық параметрлердің өзгерісі көп болатын жағайда және химиялық реакция біркелкі емес беттерде өтсе Лэнгмюр теориясын қолдануға болмайды. Біркелкі емес беттерде өтетін адсорбция процесінің жылуы, активтену энергиясы және адсорбциялық коэффициент мәндері тұрақты болмай, беттің әр нүктесінде әр түрлі болады. Сол себепті әуелі беттің адсорбциялық жылуы көп нүктелерінде, содан кейін аз нүктелерінде адсорбция жүреді. Осыған байланысты адсорбция жылуы да беттік қабаттың толуына байланысты өзгеріп отырады.

 

 

 

Лекция 20

Идеал ерітінділердің осмос қысымы

Дәріс жоспары

 

 1. Осмос. Термодинамиканың осмостық қысымы

2.      Еріген заттың молекулалық күйін сипаттау

3.      Қатты заттың сұйықтарда ерігіштігі

 

            Ерітінділердің осмос қысымын алғаш рет ашқан Нолле дейтін ғалым (1748). Бір жағы жабық, екінші жағында шала өткізгіш бар шыны түтікті қант ерітіндісімен толтырып, түтікті суға батырсақ, ондағы ерітіндінің көлемі өседі. Оның себебі шала өткізгіш арқылы су түтік ішінде өтеді. Мұндай құбылысты осмос деп атайды. Ал осмосты тудыратын күштерді осмостық қысым дейді. Осмос қысымы деп концентрациясы әр түрлі екі ерітіндіні немесе ерітінді мен еріткішті бөліп тұрған шала өткізгіш арқылы еріткіштің өтуіне қарсы жұмсалатын гидростатикалық қысымды айтады.

            Преффер 1877 жылы осмос қысымын қысымын өлшейтін осмометр жасап қанттың судағы әр түрлі концентрациялы ерітіндісінің әр түрлі температурадағы осмос қысымын өлшеді. Осы алынған деректерге сүйене отырып Вант – Гофф (1887) осмос қысымының заңын ашты. Бұл заң бойынша сұйытылған ерітінділердің осмос қысымы π төмендегі теңдеуге бағынады:

                                                                       π=CRT                                                               (1)

            Вант – Гоффтың бұл теңдеуі бойынша ерітінділер идеал газдарға ұқсайтынын көреміз. Егер берілген идеал газбен ерітіндінің көлемдері бірдей болса, газдың қысымы сол ерітіндідегі парциялды қысымға тең. Температура 00С-де 22,4л еріткіште 1 моль зат ерісе алынған ерітіндінің осмос қысымы 1,013*105Па тең болады. Вант – Гофф теңдеуінен анықталынатын әмбебап газ тұрақтысының мәні идеал газ теңдеуінен табылатын.

            Өсімдіктер және басқа да тірі оргнизмдер үшін осмос қысымының маңызы зор, су және басқа еріген заттардың тканьдарға таралуы осмос қысымына байланысты. Адам қанының осмос қысымы жуықтап алғанда 8,1*105Па тең. Организмде су азайған кезде адам шөлдейді, шөл қанғанда организмде су мен тұз арасында тепе – теңдік орнап осмос өзінің қажетті мәнәне келеді.

Өсімдіктер клеткаларының осмос қысымы 4,05*105Па дейін болады.егілген өсімдік топырақтағы суды өз бойына осмос арқылы сіңіреді.

Ерітіндінің осмос қысымы оның қату температурасының төмендеуі, қайнау температурасының жоғарлауы, бу қысымы сияқты қасиеттерге жатады. Осмос қысымын зерттеу ерітінділердің физикалық теориясының дамуына үлкен әсер етті.